|  |  | 

Жаңалықтар Спорт

СІЗ БІЛУГЕ ТИІС ҚАЗАҚ ҰЛЫ немесе «ҚАЗАҚТЫҢ УСЕЙН БОЛТЫ» ЖАЙЛЫ

Usyin

Усейн Болт – бұл желаяқ адамды әлемде бәрі біледі, алайда сіз «Қазақтың Усейн Болтын» білесіз бе? «ҚАЗАҚТЫҢ УСЕЙН БОЛТЫ» Марат Жыланбаев(1963 жылғы) Ямайканың Усейн Болтын он орап өтеді. Неге дейтін шығарсыз?! Өйткені ол әлемдегі адам тұрмақ жануар өмір сүрмейтін жантөзгісіз ыстық құмдарды жүгіріп өткен, қарлы шыңдарды жүгіріп бағындырып, Гиннесс рекордын талай рет жаңартқан. Сонымен, сөзіме сенбесеңіз Марат Жыл
анбаев жеткен жетістіктерге назар аударыңыз:
Useyibolt1. 1991 жылы 30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5652 метр) жүгіріп шығып, екінші орын алды. Бұл көрсеткіш кез келген альпинистен 2,5 сағатқа артық.
2. 1992 жылы 4-19 ақпан аралығында ТМД елдері арасында алғаш рет ең ұзақ қыстық марафон ұйымдастырып, Екібастұз-Алматы (1480 шақырым) бағытын 16 күнде қақаған аязда жүгіріп өтті.
3. 1992 жылы Америка құрлығының ашылуына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Алтын Батысқа апарар жол» атты марафонда Невада-Калифорния бағытын 22 сағ.9 мин.14 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын иеленді.
4. 1992 жылы қарашада «Красноярск жүздігі» супермарафонында 100 шақырымды 7 сағ.44 мин.11 секундта бағындырып, бас жүлдені иеленді.
5. 1993 жылдың маусымында Канадада «Жарты түннің күні» атты марафонда 100 шақырымдық қашықтықта екінші орынды иемденді.
6. 1994 жылы «Өлім алқабынан-Уитни шыңына дейін» деген марафонды теңіз деңгейінен -84 метр төмендікте бастап, 4910 метр биіктікте аяқтау арқылы екінші орынды иемденді.
7. 1990 жылдың 6-қазаны мен 1991 жылдың 5-қазаны аралығында, яғни 365 күн ішінде, әр қайсысы 42 шақырым 192 метрді құрайтын 226 марафонды жүгіріп өтіп, Гиннесс рекордтар кітабына енді.
8. 1991 жылы 2-25 наурыз аралығында 23 классикалық марафонды жүгіріп өтіп, тағы рекордтарға тіркелді.
9. 1991 жылдың 1-15 маусым аралығында күніне 2 классикалық марафон(42+42=84 км), 15 күнде 30 классикалық марафонды бағындырып кезекті мәрте Гиннесс кітабына енді.
10. Азиядағы Қарақұмды 1992 жылы 2-22 сәуір аралығында жүгіріп өтіп кезекті мәрте рекордтар кітабын шулатты.
Марат Жыланбаев өмірінде Гиннесстер рекордына 7 мәрте тіркелген теңдессіз МАРАФОНШЫ! 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 шақырым), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 шақырым), 1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 шақырым) кесіп өткені ерлікпен пара-пар. Әйгілі қазақ баласы жайлы фильм түсірсе де артық етпес…(Форрест Гамптің ойнамай қалары сөзсіз)))) Өзгені емес, өзімізді мақтасақ-мақтанарлық тұлға жетерлік!

Ashat Kasengalтің facebook паррақшасынан алынды

 

Useyin bolt

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: