Әлихан Әсетов: Біздің команда бір үйдің адамдары сияқты.
Қазақстанның хоккейден студенттік құрамасында ойнап жүрген болашағы бар жастардың бірі саналатын Әлихан Әсетов шведтерге «мұз қырғынын» жасап, оларды (5:0) есебімен ойсырата ұтқан қазақ командасының жетістікке қалай жеткенін айтып берді. - Бес минуттай кібіртіктеп жүрдік те, кейін сосын тынысымыз ашылып кеткендей болды. Біз бұл кездесуге арнайы дайындалдық. Ойынды талдап, қарсыласты жеңу үшін қолдан келгенін істедік. – Қазақ командасының жеңіске жетуінің қандай құпиясы бар? - Біз бір үйдің адамдары сияқтымыз. Әр қаладан болсақ та, құрама бәріміздің басымызды қосты. Команда капитаны Константин Савенковпен сөйлескеннен кейін бәріміз өзімізді бір үйдің баласы сияқты сезіне бастадық. - Чехтардың қалай ойнайтынын көрдіңіз бе? - Арасында ғана көрдім. Таңғалатын түгі жоқ. Жеңуге болады. - Универсиадаға бірінші рет қатыстыңыз