|  |  |  | 

Көз қарас Спорт Сұхбаттар

Әлихан Әсетов: Біздің команда бір үйдің адамдары сияқты.

Қазақстанның хоккейден студенттік құрамасында ойнап жүрген болашағы бар жастардың бірі саналатын Әлихан Әсетов шведтерге «мұз қырғынын» жасап, оларды (5:0) есебімен ойсырата ұтқан қазақ командасының жетістікке қалай жеткенін айтып берді.

 - Бес минуттай кібіртіктеп жүрдік те, кейін сосын тынысымыз ашылып кеткендей болды. Біз бұл кездесуге арнайы дайындалдық. Ойынды талдап, қарсыласты жеңу үшін қолдан келгенін істедік.

- Қазақ командасының жеңіске жетуінің қандай құпиясы бар?

 - Біз бір үйдің адамдары сияқтымыз. Әр қаладан болсақ та, құрама бәріміздің басымызды қосты. Команда капитаны Константин Савенковпен сөйлескеннен кейін бәріміз өзімізді бір үйдің баласы сияқты сезіне бастадық.

 - Чехтардың қалай ойнайтынын көрдіңіз бе?

 - Арасында ғана көрдім. Таңғалатын түгі жоқ. Жеңуге болады.

 - Универсиадаға бірінші рет қатыстыңыз ғой. Қандай әсер алдыңыз?

 -   Ең алдымен жанкүйерлерге алғыс айту керек. Бізді қолдап, қоштап отырғандарына рақмет. Біз солар үшін барын саламыз. Командамыз енді универсиаданың алтын медальін алғысы келеді.

Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиаданың ресми сайты

Related Articles

  • Қытайдағы қазақ мәселесі және Жарқын7

      Қытайдағы қазақ мәселесі бүгінде ушығып тұр. Бірақ, ол өртті үрлеп отырғандар да бар. Иә, мақсаттары отты үрлеп өшіру, бірақ, ол үрлегенге өшетін емес, асқына жанатын өрт. Сол өртке өртенетін мына жақта отырған үрлеушілер емес, ана жақта жатқан қарапайым қазағымыз. Сол үшін отты үрлемейік, үрлеп, асқындырушыларға (өздерін ел үшін еңіреп жүргендер деп атайды тағы) тоқтау айтпасақ ертең сол екі миллион қазақтың бүгін 200-і, деп отырғанда бәрінен айырламыз. Екі жақта әкелі балалы, ер әйел бөлінеді. Жаутаңдап тірі жетімдер қалады. Қытайдың шетелмен қарым қатынасында ішкі мәселеге араласпау деген өте қатты ұстанатын заңы бар. Қазақ мәселесін мемлекеттік дипломатия арқылы ғана шеше аламыз, әйтпесе, бес қазақ емес бес мың қазақ шулағаннан Қытайдың тас керең

  • “Астана” – “Вильярреал” 2:3

    Стоилов өзімен бірге қартайып бара жатқан командасына екі нәрсені әлі үйрете алмай келеді. Бірінші, доптан айырылмай қатарынан төрт мәрте пастасу (ең құрығанда алаңның өз жартысында). Екінші, командадағы еуропалық деңгейде ойнайтын екі шебер – Твумаси мен Кабанангаға дер кезінде доп асыру. Испанияның тәуір командасымен тартысты матч өткізді деп мақтауға, тоқмейілсіп отыра беруге болар еді. Бірақ алдағы трансфер маусымында қос мергенді Еуропа клубтары қағып әкеткесін не болмақ? Олардың да заманы өтіп барады, дұрысырақ алаңда доп тепкілері келеді. Ал қалған өкпесі өшкен, физикасы отырған, тек төрешімен тәжікелесуді қатыратын, дені Балқан түбегінен жиналған “астаналықтар” жасанды алаңдарында не нәтижеге қол жеткізбек? Ішкі чемпионатты күшейтпей тұрып, балалар мен жасөспірімдер футболына жағдай жасамай жатып, бюджеттің ақшасын шашып,

  • ӘЙЕЛДЕ ҚАЙЫН ЖҰРТ БОЛМАЙДЫ!

    Қазақ Ұлттық Әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясы түсіндіреді: ӘЙЕЛДЕ ҚАЙЫН ЖҰРТ БОЛМАЙДЫ! Бүгін, 22-қараша күні таңертең «Шалқар» радиосынан «Әйелдің қанша жұрты болады?» деген тақырыпта жүргізілген пікірталас кезінде сауалға жауап бергендердің бірқатары дұрыс ой айтқанмен көпшілігі жаңылыс ұғымда жүргендігі байқалды. Осы себепті бұл сауалға түбегейлі жауап беру ұйғарылды. Ер адамның да, әйел адамның да үш жұрты болады. Ер адамның өз жұрты (әкесі жағынан), нағашы жұрты (анасы жағынан), үйленген соң қайын жұрты (әйелі жағынан) болады. Әйел адамның да үш жұрты: өз жұрты (келген жері, күйеуінің елі), төркін жұрты (әкесі жағынан), нағашы жұрты (анасы жағынан) болады! Бұл жерде қыз бала мен әйел деген ұғымдарды шатастырмау керек. Қыз – әлі тұрмысқа шықпаған оң жақта отырған қыз

  • Бұл датада кие де, қасиет те жоқ.

    100 жыл бұрын Еуропадағы классикалық марксшіл социализмнен ауытқып, лениншіл большевизм мен жаппай террор жолына түскен бір топ экстремист Бірінші дүниежүзілік соғыстың салмағы мен кедейліктің зарынан қажыған Ресей империясында әлеуметтік жеккөрушілікті әбден қоздатты. Ат үстіндегі көшпендісі модернизация, ауылшаруашылығына тәуелдісі индустриализация көшіне ілесе алмай алқынған қоғамдағы аш-жалаңаш ашулы тобырды мал біткен дәулетті адамдарға, жер иеленушілер мен өнеркәсіп қожайындарына айдап салды. Жекеменшік мүлікті еңбексіз тартып алу ерлікке, іскер топты істікке шаншып өлтіру ұлағатты іске, еркін ойлы адамды ессіз, я тыңшы деп жариялау нормаға айналды. Еуразияда дүние төңкеріліп түсті. 1991 жылдан бері есін жинағысы келіп қайта ырғалып жатыр. Әлі орнына келер емес. Бұл датада кие де, қасиет те жоқ. Адамзат тарихында оқтын-оқтын пайда болатын

  • Тоқаев: Жаңа әліппеде комиссия қоғам ұсынысын ескеруі қажет

    “Наурыз саябағының” латын әрпімен жазылған атауы. Шымкент Бүгін Қазақстан сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне өту жөнінде құрылған ұлттық комиссия қоғам талқылауындағы елеулі ұсыныстарды ескеру керектігі жайлы айтты. Бұл туралы сенат төрағасы өзінің Twitter желісіндегі бетінде білдірген. “Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет” деп жазған ол. Kassym-JomartTokayev @TokayevKZ Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет 14:14 – 5 нояб. 2017 г.  1515 ответов  211 Ретвит  611 отметка «Нравится» Информация о рекламе в Твиттере и конфиденциальность Осы пікірінің алдында Қасым-Жомарт Тоқаев аталған желідегі бетіне “Елбасы айтқанындай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн” деп жазған болатын. Kassym-JomartTokayev @TokayevKZ Елбасы айтқанындай, латын әліпбиін қолданысқа

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: