ШОЛАҚ БЕЛСЕНДІНІҢ СОҢҒЫ ОЗБЫРЛЫҒЫ
1955-ші жылдың күзі. Кешелі бері біздің үйге келгіштей бастаған ауылдың үлкендері мен қариялары әкеме әлденелерді айтып, төтеннен тап болған қайғысына ортақтасқандай жанашырлық танытып жатты. Олардың көп сөздері ол кездегі бала менің санама толық жетіп жатқан жоқ.Әжем Тындығыз: «Тағы қандай бәлеге тап болғанымызды қайдам, үйге баса-көктеп кіріп келіп, бізге әлденелерді орысшалап жекіріп сөйлегенінен шошып кеттік. Қазақ дейін десек, орысша сөйлейді. Көккөз сары, түсі суық неменің бізге әкіреңдеп жекірген бір сөзіне де түсінбедік. Әлгі шолақ белсенді үйдің ішін түгел тінтіп шықты. Бір кезде қабырғадағы ілулі тұрған кеше ғана немерем Арыстанның сатып алған пальтосына көзі түсті. Бізді адам орнына санамай пальтоны киіп көріп, өзіне шақ келгеніне риза болғандай бір жымиып алып шығып жүре