Шыңғыс хан және қазақтың қара домбырасы
Бүкiл жер бетiндегi барлық iшектi аспаптардың атасы – қазақтың қара домбырасы. Себебi, қазақтан өзге ешбiр елде күй тартылмайды. Домбыра мен күй – қазақтың төлмұрасы. Сол үшiн де өткен жылы Қазақтың Қара домбырасы мен Киiз үйi адамзаттың ең ұлы он жәдiгерiнiң бiрегейi ретiнде ЮНЕСКО тiзiмiне ендi. Осы домбыра мен күй Шыңғыс ханның тегiнiң қазақ екенiне толықтай куәлiк ете алады. Қазақтың бұрынғы аңыз-жырларының барлығы дерлiк Шыңғыс хан бабамызға, немесе оның ұрпақтарына байланысты шежiреленедi. Солардың бiрегейi – Кетбұғаның “Ақсақ құлан” күйiнiң аңызы. Бұл аңыз Әлкей Марғұлан еңбектерiнде, Ақселеу Сейдiмбектiң және басқа да зерттеушiлердiң шығармаларында қазақ мәдениетi мен тарихы тұрғысынан талай суреттелген. Бұл күйдiң авторы – Кетбұғаұлы жыршы, дәулескер күйшi, көрiпкел бақсы, Шыңғыс ханның
