|  |  | 

Көз қарас Руханият

Шыңғыс хан және қазақтың қара домбырасы

Бүкiл жер бетiндегi барлық iшектi аспаптардың атасы – қазақтың қара домбырасы. Себебi, қазақтан өзге ешбiр елде күй тартылмайды. Домбыра мен күй – қазақтың төлмұрасы. Сол үшiн де өткен жылы Қазақтың Қара домбырасы мен Киiз үйi адамзаттың ең ұлы он жәдiгерiнiң бiрегейi ретiнде ЮНЕСКО тiзiмiне ендi. Осы домбыра мен күй Шыңғыс ханның тегiнiң қазақ екенiне толықтай куәлiк ете алады.

Қазақтың бұрынғы аңыз-жырларының барлығы дерлiк Шыңғыс хан бабамызға, немесе оның ұрпақтарына байланысты ше­жiреленедi. Солардың бiрегейi – Кетбұғаның “Ақсақ құлан” күйiнiң аңызы. Бұл аңыз Әлкей Марғұлан еңбектерiнде, Ақселеу Сейдiм­бектiң және басқа да зерт­теушiлердiң шығармаларында қазақ мәдениетi мен тарихы тұрғысынан талай суреттелген. Бұл күйдiң авторы – Кетбұғаұлы жыршы, дәулескер күйшi, көрiпкел бақсы, Шыңғыс ханның шежiрешiсi әрi әдiл биi. Домбыраның құдiретiмен адам тағдырын арашалап алып қалады (Сейдiмбек А. Қазақтың күй өнерi. Монография. Астана: Күлтегiн, 2002. 267-279 б.) Кезiнде Роман Роллан Затаевичке “Ақсақ құлан” күйi туралы “Мен осындай күрделi психологиялық драманы екi пернелi құралмен жеткiзе бiлгендiкке қайран қалдым. Өзiм де тарихтың толқынына кiрiп кеткендей болдым” деген екен. Жақында археолог, түркiтанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы Мұңал Алтайынан бiздiң заманымыздың   VI-VII ғасырына жататын қазақтың қара домбырасын тауыпты. Ғалымның айтуынша, домбыраның кереметi мол. Ең қызығы, домбыраның артында екi жол, алдыңғы жағында үш жол түркi (қазақ) жазуы болса, шанағындағы тесiгi алдыңғы бетiнде емес, керiсiнше, артқы жағында екен. Бұл баяғы Жошы хан қайтыс болғандағы аңыздың шындығын көрсетсе керек. Аңызда баласы өлдi деген қаралы хабарды жеткiзген соң домбырасының алдыңғы бетiне қорғасын ерiтiп құйып, тесiптi дейтiн аңыз бар едi. Бұл сол аңызға дейiнгi қолданылған домбыра болса керек (“Үшқиян”. № 35 (395). 2008 жыл). Бұдан шығатын қорытынды, ұлы Мұңал даласы, ол кезде қазақ елiнiң құрамында болған. Тiптi ол жер 1921 жылға дейiн Түркiстан даласы деп аталған. Оның тағы бiр айғағы: жақында орталық Мұңал (Моңғолия) жерiнен бiздiң заманымыздың VI-VII ғасырына жататын адамның тас мүсiнi табылды. Ғалымдарымыз мүсiндегi өте жақсы сақталған қазақтың бүгiнгi күнге дейiнгi ою-өрнегi мен қашаулары және оның келбетi, мүсiннiң қазақ бегiне арналып жасалғанын көрсетедi деп отыр.
1960-70 жылдары академик Әлкей Марғұлан бастаған бiр топ қазақ ғалымдары Ұлытаудағы Жошы кесенесiн ашқанда, онда жатқан мүрденiң тура “Ақсақ құлан” аңызында айтыл­ғандай, бiр қолсыз жерленгенiн көрген (Жошының қолын құлан шайнап тастаған). Кесенеге Жошының сүйегiн жағалай оның ұлысына қарайтын 26 тайпаның таңбалары бiрге қойылыпты. Қазақ ғалымдары осы 26 таңбаның бәрi бүгiнгi қазақ руларына тиесiлi белгiлер екенiн, оның iшiнде қазiргi моңғол ұлтына жататын рулардың бiрде-бiреуiнiң белгiсi жоқ екенiн айтады. Ал ендi Кетбұға батырдың Жошының өлгенiн Шыңғыс ханға “Ақсақ құланды” тартып естiртетiнi естерiңiзде шығар? Сонда “моңғол” Шыңғыс ханның күйдi қазақтан әрмен түсiнiп, қайғыдан “аһ” ұрып қапалатыны ше? Шыңғыс ханды сонда да моңғол деймiз бе? Әлде ол кездiң моңғолдары да домбыра тартқан деймiз бе?
Бұл күйдiң Қ.Медетов, А.Жұбанов, Р.Омаров, Н.Тiлендиев, М.Хамзин жеткiзген нұсқалары бар, бұлардың бәрiнiң жалпы тартысы мен әуенi бiрдей, яғни құланның қашқаны, қайғылы саяткершiлiк, ханзаданың қазасы сияқты сюжеттер суреттеледi. Ал Маңғыстауда тартылатын “Ақсақ құланның” мелодиясы мен ырғағы өзгеше, күй үш тараудан тұрады және оқиғасы күймен қоса айтылады. Жазушы Әбiш Кекiлбай ағамыз “Ақсақ құланның” аңызын Мұрат Өскiнбаев он жетi тараулы күй етiп тартатынын айтады, яғни күйдiң басқа нұсқалары кезiнде жазылып алынбаған. Бiзге жеткенi осы үш тарауы ғана. Осы күйлердiң Маң­ғыстау жерiнде таралуы мен сақталуының себебi – тарихи драма Адай жұрты арасында болды деген сөз. Бұған басқаша түсiнiктеме бере алмайсың.
Елдi елең еткiзетiн жалынды жырларымен танылып жүрген Маң­ғыстаудың арқалы ақындарының бiрi Сәрсен Қадiр өзiмен болған бiр сұхбатта былай деген болатын:
“Өзiм күнделiктi естiп, көрiп жүрген дүниелерден мынадай пiкiр еттiм. Қырық мылтық Қартбай (руы Адай – Келiмбердi – Мұңал – Шоғы) Бесқала (Хорезм) жерiнде өмiр сүрген (ол кiсiмен менiң өз әкем сұхбаттас болып, күйлерiн тыңдаған), “Ақсақ құлан” күйiнiң 12 нұсқасын тартқан, ал маңғыстаулық Мұрат Өскiнбаев (руы Адай – Келiмбердi – Тобыш – Жаңай) 9 нұсқасын тартады. Әкем қазiргi заманауи күйшiлер бұл күйдiң мағынасын толық жеткiзе алмай жүр деп қатты өкiнiп отыратын. Бұл күйлердiң жазбасы менде бар. Әңгiменiң ашығын айтқанда, қазақтан басқа ешбiр ел “Ақсақ құлан” күйiн тартпайды. Бұл күйдiң осыншама варианттары он екi ата Байұлының кенжесi, яғни ең кiшiсi Адайлар арқылы бүгiнгi күнге жетiп отыр. Бұл күйдi тартқан Кетбұғадай қартымыз, руы – Найман. Олардың бәрi қазақ болған соң ғана осы күйдi шығарып, осы күймен қаралы хабарды жеткiзiп, олар осы күйдi түсiнiп отыр. Демек, Шыңғыс ханның тегiнiң қазақ екендiгiне дау болмауға тиiс. Сөз түсiнетiн ақыл-есi бүтiн жандарға шежiре –тарихтың тиегi осы домбыраның тиегiнен де ағытылатынына қандай дау бар”.
Шыңғыс ханның тегi қазақ болмаса, оған қаралы хабарды Кетбұға атамыз домбыраның күйiмен жеткiзбеген болар едi. Құрманғазы атамыз әлемге әйгiлi “Адай” күйiн шығармаған болар едi. Ақыл-есi дұрыс, бiлiмдi жандарға, осы екi күйдiң өзi-ақ Шыңғыс хан атамыздың тегiнiң қазақ екенiн мойындауға жарар едi.
Мұхамбеткәрiм Қожырбайұлы, 
Ақтау қаласы,
Маңғыстау облысы.
Суретте: Гиннестiң рекордтар кiтабына енген 10495 домбырашы. (Қытай, Шыңжан).
zhasalash.kz

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: