|  | 

Саясат

Елдің болашағы: отандық саясаткерлердің ұлдары (фото)

Саясат саласында жүргендер қашан да ел аузында. Олардың отбасы да халық назарынан тыс қалмайды. Елімізде саясаттың тұтқасын ұстаған танымал азаматтардың ұлдарын comode.kz басылымы тізбектеді.

1

Нұрәлі Әлиев

Анасы: Дариға Назарбаева. Атасы: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрәлі Әлиев саясаттан гөрі бизнеске көбірек бет бұрған. Нұрәлі – Capital Holding компаниясының, полиметаллдар өндіретін “Зерттеу” кен орнының қожайыны. Hit Fm, Alma TV, НТК және “Телекронда” үлестері бар. Соңғы жылдары Нұрәлі құрылыс пен мейрамхана кәсібіне де қызығушылық танытуда. Алматыдағы Donatello бутик-мейманханасы Әлиевтің иелігінде.

Бұдан өзге Әлиев Астана қаласы әкімінің орныбасары қызметіне тағайындалған. Ол Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін экономика және қаржы мамандағы бойынша, Пеппердин университетін (бизнес-әкімшілендіру) және Имадек Университетінің магистратурасын (бизнес-әкімшілендіру) тәмәмдаған.

Максим Божко

максим божко

Әкесі: 2007-2014 жылдар аралығында Төтенше жағдайлар министрі болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты Владимир Божко.

Танымал шенеуніктің ұлы көбіне ресейлік экономика нарығында көзге түсіп жүр. Бірнеше агроөнеркәсіптік кешендердің басшысы Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда. “Ақмола Феникс” пен “Шаңырақ Групп” компанияларының иесі БАҚ-қа сирек сұхбат береді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Максим Лондонда тұрады. Ол Астана мен Мәскеуге іс-сапармен жиі келеді.

Павел Кулагин

павел кулагин

Әкесі: Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин.

Ақмола облысы әкімінің ұлы мектеп бітіре салысымен Мәскеуге көшкен. Сол жерде Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті тәмамдап, Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 2004 жылдан бастап Павел тек коммерциялық құрылымдарда қызмет етумен болған. 2007 жылдың басында Павел саясатқа араласа бастады. Екі жыл бұрын ол Астанада коммуналды шаруашылықты басқаруды қолға алған. Павел әзірге үйленбеген және көп уақытын жұмысқа жұмсайды.

Ғалымжан Есенов

галымжан есенов

Әкесі: геология ғылымдарының доктора Шахмардан Есенов. Қайын-атасы: Алматы әкімі Ахметжан Есімов.

Алматы әкімінің күйеу баласы қаржы саласында орнығып үлгерген. Ол “Сеймар” инвестициялық тобын басқарып, “Альянс Банкі” директорлар кеңесіне мүше болған. KNG Finance бас директоры, “АТФ Банкі” директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады. Екі жыл бұрын Ғалымжан Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым-білім қорының негізін қалап, әкесінің ісін жалғастырады. 7 жасқа дейінгі балалары бар жас аналарға үй ұсынатын “Дом Мамы” жобасын басқарды. Ғалымжанның бір ұл бар.

Игорь Школьник

Әкесі: Энергетика министрі Владимир Школьник.

2015 жылдың мамырында Forbes журналы Игорьді Қазақстанның ең қалталы 50 азаматтары қатарына кіргізді. 2011 жылы БАҚ оның ең айтулы қадамын – ресейлік мұнай өңдеу зауытын сатып алуын талқылаумен болды. Игорь – Владимирдің ортаншы ұлы. Оның саясатқа аралса бермейтін қарындасы мен бауыры бар. Бүгінде Игорь әкесінен оқшау өз кәсібін жалғастыруда. Ол Алматыға сирек келеді. Көп уақытын Мәскеу мен Омскіде жұмсайды.

Қуандық Бішімбаев

куандык бишимбаев

Әкесі: Парламент мәжілісінің депутаты Уәлихан Бішімбаев.

33 жастағы танымал шенеунік “Самұрық-Қазына” қоры басқармасының төраға орынбасары қызметін атқарады. Қуандық АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде білім алған. 21 жасында Қазақстан даму бакінінің бас менеджері болып тағайындалуына орай, оқуды жедел аяқтауына тура келген. Бір жылдан кейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қызметке тұрады. 2006-2012 жылдар арасында Қуандық мансап жолында біраз жетістіктерге жетті. Президент көмекшісі, Экономикалық даму және сауда-саттық вице-министрі, бірнеше корпорация басқармаларының төрағасы қызметтерін атқарды. Қуандықтың үш ұлы бар. Ең кішісі 4 жаста.

Самат Әбіш

самат абиш
Ағасы: президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің немере інісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істемей тұрып, әскери борышын өтеген. Өткен жылы генерал-майор атағын иеленді. Мемлекеттік қызметпен қатар Самат бизнеспен де айналысады. БАҚ-та оны бауыры Қайрат Сатыбалдының ізін басушы деп атайды. Қайрат Сатыбалды 34 жасында қазақстандық арнайы қызметтің ең жас генералы атанған. Самат БАҚ-та жиі көрінбейді және көп уақытын әйелі мен екі баласына жұмсайды.

Марат Бекетаев

марат бекетаев

Әкесі: Әділет министрінің кеңесшісі Бекетаев Бақытжан.

2000 жылы Марат Лондондық экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдап, Алматыда Британдық кеңестің құқықтық мәселелер бойынша консультанты қызметін атқарады. Марат бүгінде Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. Отбасылы. Алина және Малика есімді екі қызы бар.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық танымал саясаткерлердің ел аузында жүрген қыздарының тізімін жариялаған болатынбыз.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: