ШӘМШІ АТЫНДАҒЫ КӨШЕНІҢ АТАУЫ ӘКІМНІҢ ӘКЕСІНІҢ АТЫНА ӨЗГЕРТІЛЕ МЕ?
Еліміздің Әнұраны авторларының бірі, вальстің падишасы атанған атақты сазгер Шәмші Қалдаяқовты білмейтін қазақ жоқ десек те болатын шығар. Біраз елді мекендерде ол кісінің аты берілген көшелер бар. Ал таяуда сондай көшелердің бірінің атауы басқаша болып өзгермекші екен. Бұл жөнінде бізге Сарыағаш ауданындағы Қызылжар ауылдық округінен хабарласқан Жамал Рамазанова есімді азаматша былай деді:«Аудандық «Сарыағаш» газетінің өткен нөмірін оқып отырып шағын хабарламаға көзім түсті. Онда: «6-маусым күні сағат 11.00-де Б.Майлин атындағы мектепте Жаскешу ауылындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы көшенің атауын өзгертіп, оған Жұпарбек Үмбеттің есімін беру туралы ұсыныс талқыланады» деп жазылыпты. Сонда Шәмші кім, Жұпарбек кім? Мен Шәмшіні білемін, ал Жұпарбек деген адам туралы мүлде естімеппін де. Мен секілді адам мыңдап саналады. Президенттің