|  | 

Әлеумет

ШӘМШІ АТЫНДАҒЫ КӨШЕНІҢ АТАУЫ ӘКІМНІҢ ӘКЕСІНІҢ АТЫНА ӨЗГЕРТІЛЕ МЕ?

Еліміздің Әнұраны авторларының бірі, вальстің падишасы атанған атақты сазгер Шәмші Қалдаяқовтыhvukygf білмейтін қазақ жоқ десек те болатын шығар. Біраз елді мекендерде ол кісінің аты берілген көшелер бар. Ал таяуда сондай көше­лер­дің бірінің атауы басқаша болып өзгермекші екен. Бұл жөнінде бізге Сарыағаш ауданындағы Қызылжар ауылдық округінен хабарласқан Жамал Рамазанова есімді азаматша былай деді:«Аудандық «Сарыағаш» газетінің өткен нөмірін оқып отырып шағын хабарламаға көзім түсті. Онда: «6-маусым күні сағат 11.00-де Б.Майлин атындағы мектепте Жаскешу ауылындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы көшенің атауын өзгертіп, оған Жұпарбек Үмбеттің есімін беру туралы ұсыныс талқыланады» деп жазылыпты. Сонда Шәмші кім, Жұпарбек кім? Мен Шәмшіні білемін, ал Жұпарбек деген адам туралы мүлде естімеппін де. Мен секілді адам мыңдап саналады. Президенттің өзі біреудің көкесінің атын көшеге беруді тоқтатыңдар деген жоқ па? Тіпті бергісі келсе басқа көше құрып қалды ма? Атауы жоқ көшелер көп емес пе? Жаңадан ашылған­ көшелерге берсін, неге Қалдаяқовтың есімін көшеден алып тастау керек?»

Бұдан кейін біз Қызылжар ауылдық округіндегі іс бас­қарушы Ғазиз Маириховқа хабарласқанымызда ол кісі былай деді:

«Жұпарбек Үмбет – бұрынғы әкім Жаппарбек Үмбеттің әкесі. Сол кісі Қалдаяқов көшесін әкесінің атына өзгерту туралы бірнеше ұсыныс берді. Енді біз оны тұрғындардың талқысына салуға міндеттіміз. Ш.Қалдаяқовты білеміз, Әнұранның авторы, сазгер. Ал Жұпарбек Үмбет – соғыс ардагері. Не болатынын енді тұрғындар шешеді».

Әрине, Қызылжарға көрші Құркелес ауылына Жаппар­бек Үмбеттің әкім болғанын біреу білсе, біреу біле қоймас. Бірақ бұрынғы әкімнің бұл ауылға ықпалы жүр­мейді, беделі жоқ деп ешкім айта ал­майды.­ Сондықтан мектепте өтетін жиын кезінде жергілікті тұрғындар Ш.Қалдаяқов туралы мүлде ұмытып, рушылдық пен жершілдікке салынып кетпесіне кім кепіл? Сондықтан біз бұл мәселеде аудан әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаевтың пікірін білмек болып ол кісіге де хабарластық.

«Бұл мәселеден аз-кем хабарым бар, – деді әкімнің орынбасары. – Ж.Үмбет соғыс ардагері болғандықтан ұрпақтары көшеге атын бергісі келетін шығар. Оны тұрғындар шешеді. Бірақ тұрғындардың тоқсан пайызы Ж.Үмбеттің туысқаны, ағайын-жекжаттары болып шығатынын да ескеру керек.

Негізі көше мен ауыл атауларына адамның атын бермеу­ туралы мораторий­ бар еді. Бірақ жуырда Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтан соғыс­ ардагерлерінің есімін көшелерге беруге болатыны тура­лы нұсқау болды. Бұл кісілер соған сүйеніп отырса керек».

Міне, Сарыағаш жақта осындай бір жай орын алып тұр. Жалпы, Шәмші Қалдаяқов атындағы көшеге Жұпарбек Үмбеттің есімін беру мәселесі әзірге толық шешілген жоқ. Дегенмен алдағы уақытта көше атауы өзгермейді деп айтуға да болмайтын секілді. Бұған басқалар не дер екен?

Ұ. ҮМБЕТ.

zamana.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. «Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: