Тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы ғарышкер ұшырылды
Бүгін, қыркүйектің 2-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» кемесімен ғарышқа ұшты. «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажының мүшесі, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов . Ғарыш кемесін тіркеген «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының «Гагарин стартынан» (1-алаңы) Астана уақыты бойынша сағат 10:37-де ұшырылды. «Роскосмос» агенттігі бұған дейін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы құрамында Айдын Айымбетовпен бірге ресейлік ғарышкер Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, даниялық Андреас Могенсен барын хабарлаған. Ғарышкерлер халықаралық ғарыш станциясында бірнеше күн болып, Айымбетов пен Могенсен қыркүйектің 12-сі күні Жерге оралады. Айымбетов пен Могенсон ғарышқа бірінші рет ұшып отыр. «Роскосмостың» мәлімдеуінше, «Гагарин стартынан» осымен 500 мәрте ғарыш кемесі ұшырылған. Бұған дейін «Қазғарыш» ұлттық ғарыш