Назарбаев: Қазақстан шекарасын қалай бекемдеді?
– «Егер келіссөзге екі жақ қатысса және аяқталмай қойса, онда ол келіссөздің шекара мәселесі туралы болғаны» – белгісіз бір автордың юмормен айтылған осы сөзі шекара жайындағы әңгіменің қашанда шетін шығатынын көрсетеді. Тағы бір автордың «Саяси карталар қанмен боялады» деген сөзін де кездестіргенім бар. Құдайға шүкір деп айтайық, тәуелсіз Қазақстанның тарихы осы екі сөзді де теріске шығара алды. Егемендіктің елең-алаң шағынан бастап жүргізілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында алыспен де, жақынмен де бірдей орнықты қарым-қатынас қалыптастырудың сәті түсті. Әсіресе, айналамыздағы елдермен мемлекеттік шекараларымызды заңды түрде, біржолата бекітіп алғанымыз – ерекше жетістігіміз. Сізге сұхбат кітабының келесі тарауының тақырыбына қатысты алдын ала жазба түсіргенімде ол әңгімені шекара мәселесін шешудің жай-күйіне арнауды ұсынғаным да