Болат Бопайұлы: Қазақтың ырымдары – Заңға дейінгі заң (ФОТО)
Жақында Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мәдени орталығында «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы және «Қазақстан және Орта Азия отбасы институты» ЖМ-ның ұйымдастыруымен жазушы-этнограф Болат Бопайұлының «Қазақ кәдесі» және «Қазақ наурызнамасы» атты қос кітабының тұсаукесері өтті. Талай жылдардн бері қазақтың дәстүрі мен ырым-тыйымдарын, қазақ күнтізбесі мен амалдарын тереңдей зерттеп жүрген этнографтың «Қазақ кәдесі» атты кітабында қазақ халқының бүкіл болмысына қатысты дәстүрі қысқа да, нұсқа етіп баяндалады. Автор осы кітабында қазақтың кең дастарханы жайлы сөз қозғап, ұлттық ас мәзірлері мен оған қатысты жоралғыларды жазады. Торқалы той мен әртүрлі кәделерді қамтиды. Ырымдар мен ғұрыптарды да қағыс қалдырмайды. Оны айтуынша, бір ғана ұлттық тағам ет тартудың өзінің 32 кәделі түрі бар екен. Мысалы, құдаға кәделі асы ретінде