«Орыс тәрбиесiн алған бала ұлт қызметкерi бола алмайды»
Бiз қанша реформа жасасақ та бiлiм саласын тәртiпке келтiре алмай әлектенiп келемiз. Дұрысы, болашағымыз – қазақ балаларына ұлттық тәрбие бере алмай жүрмiз. Баланы қойып өзiмiз құлдық психологиядан арыла алмай-ақ қойдық. Соның салдарынан да балаларымызды орыс мектептерiне оқуға беремiз. Тәуелсiздiк алғанымызға жиырма жылдан асса да күнi бүгiнге дейiн ресейшiл пиғылдан арылғанымыз жоқ. Өткенде газеттерден мына бiр деректердi көзiм шалып қалды. Астана қаласында қазақ балаларының 47 пайызы орыс мектебiнде бiлiм алуда. Алматыда 178 мектеп болса, соның 38-i ғана – қазақ мектебi. Ал Алматыдағы қазақтардың саны – 70 пайыз. Алматыда 3 ұйғыр мектебi бар екен. Ондағы ұйғыр балаларының 90 пайызы ұйғыр мектебiне барады деген сөз. Республика бойынша дәл қазiр 16 573 мектепте оқыту таза