Қазақ мүддесі жəне сайлау.
Бір анығы – бүгінгі партиялардың ішінде нағыз ұлтшыл немесе шынайы демократиялық оппозициялық партия жоқ. Бұндай жағдайда ұлттық бағытта жүрген азаматтар мен топтардың екі жолы бар: а) бойкот; б) ұлттық ұрандар мен жекелеген азаматтарды бар партияларға өткізу.Бойкот жағы түсінікті. Ол үшін ештеңе істеудің де қажеті жоқ. Тек бар жағдайды айтып, сайлауды келемеждеп, троллинг жасау. Екінші жол қиындау, бірақ дұрысы осы. Яғни, алдағы уақытта ұлттықбағыттағы азаматтар бас қосып, нақты талаптар мен азаматтарды іріктеуі керек. Сол талаптарды орындаған, бағдарламасына қосқан партияларға тактикалық тұрғыдан қол ұшын беруге болады. Ұлтшылдарды партиялық тізімдердің алғашқы ондығына енгізген партияларғы ұйымдастырушылық не ақпараттық қолдау көрсетуге болады. Яғни партиялық сайлауды азаматтық сайлау қылуға талпынып көру деген сөз. Қажетті жəне сөзсіз талаптар ішіне
