Жібек жолы бес мың жылдан көп бұрын малына жаңа жайылым іздеген көшпенділердің ізімен пайда болған
Батыс баспасөзі Жібек жолының пайда болуы туралы жаңа теория және Моңғолияда тұратын Айшолпан жөнінде түсірілген «Бүркітші» фильмі жайлы комментарийлер жазған-деп хабарлайды azattyq.org. ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ Ұлыбританияның Daily Mail газетіндегі «Жібек жолы бес мың жылдан көп бұрын малына жаңа жайылым іздеген көшпенділердің ізімен пайда болған» деген мақалада Ұлы Жібек жолының пайда болуына қатысты жаңа гипотезаны сипаттаған. Сент-Луистегі Вашингтон университеті ғалымдары Ұлы Жібек жолын географиялық тұрғыдан сипаттау үшін математикалық модельдеу әдісін пайдалану арқылы жайылым іздеп малын өрістен өріске айдаған көшпенділердің жүрген жолын картаға түсірген. Ғалымдардың сөзінше, осындай әдіспен құрастырылған карталар Жібек жолы бойындағы тау жолдары көшпенділер маршруттары бойындағы қысқа дистанцияларда тауар алмасу орындары ретінде пайда болған, ал саяхатшылар шалғай жерлерге сирек аттанған деген тұжырымды негіздейді.