Қазақ-қырғыз шекарасындағы кешегі кептеліске қазақ шенеуніктері айыпты
Кеше қазақ-қырғыз шекарасында орын алған кептеліс біраз ойға жетеледі. Оны Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаевтың Ала-Арша резиденциясында марапат тапсыру кезінде Қазақстанға қатысты айтқан өткір пікірлерімен байланыстырып жатырмыз. Видеосын бірнеше рет көрдім. Атамбаевтың Қазақстан экономикасына, оның ішінде ЖІӨ мен зейнетақы мөлшерінің сәйкессіздігі туралы айтқандары шындық. Оған ертоқымды бауырға алып тулаудың еш реті жоқ. Қырғыз басшысы қазақ халқын емес, биліктің экономикалық саясатын сынап отыр. Дұрыс айтылған пікірді дұрыс қабылдаған ләзім. Кеткен қиғаштықтар жөнделуі керек. Осыдан кейін үкімет тарифтерді төмендетіп, зейнетақымды он есе емес, ең болмаса екі-үш есе көтерсе мен мүлде қарсы болмаймын. Ал біздің шекаралық шенеуніктердің әрекеті – «Таз ашуын тырнадан аладының» кері. Жай халықтың бұған не қатысы бар? Қарапайым жұртты, балалы, аяғы