Қайрат Нұртасқа қарақалпақтар таласып жүр, ал біз…
Арманы оны адастырмады. Ия, адастырмады, арманы оны биікке жетеледі. Арманы қанатын қатайтты. Ыстығы мен суығы, қаттысы мен тәттісі қатар жүретін өнер жолында сан қилы сындарды міз бақбай көтере білді. Қазақтың баласын Қазақ ғана емес, басқа ұлт өкілдері де сүйіп тыңдайтыны, іздеп тыңдайтыны өтірік емес. 2015 жылдың соңында біздің Қайрекеңді қонақ ретінде, Нұрлан Нәсіп есімді Қырғыз елінің әншісімен бірге кеш қоюға арнайы шақырды. Сол кеште Қайраттың шабысы, Қайратқа деген ыстық ықылас пен қошемет басым болды. Одан бөлек Астана және Алматы қаласындағы шығармашылығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған “Мен ғашықпын” деп аталатын кеші “тәуелсіздікпен тұспа тұс келді”, “бұл неғылған басыну”, “құтыру”, “сонша ақшаны шығындап шетел әншілеріне, одан да жетім-жесірлерге жәрдемін бермей ме” деп