|  | 

Шоу-бизнис

Қайрат Нұртасқа қарақалпақтар таласып жүр, ал біз… 

 Арманы оны адастырмады. Ия, адастырмады, арманы оны биікке жетеледі. Арманы қанатын қатайтты. Ыстығы мен суығы, қаттысы мен тәттісі қатар жүретін өнер жолында сан қилы сындарды міз бақбай көтере білді. Қазақтың баласын Қазақ ғана емес, басқа ұлт өкілдері де сүйіп тыңдайтыны, іздеп тыңдайтыны өтірік емес. 2015 жылдың соңында біздің Қайрекеңді қонақ ретінде, Нұрлан Нәсіп есімді Қырғыз елінің әншісімен бірге кеш қоюға арнайы шақырды. Сол кеште Қайраттың шабысы, Қайратқа деген ыстық ықылас пен қошемет басым болды. Одан бөлек Астана және Алматы қаласындағы шығармашылығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған “Мен ғашықпын” деп аталатын кеші “тәуелсіздікпен тұспа тұс келді”, “бұл неғылған басыну”, “құтыру”, “сонша ақшаны шығындап шетел әншілеріне, одан да жетім-жесірлерге жәрдемін бермей ме” деп тағы шуласа кеттік. Қазақ әншілерінің ішінде жиі қайырымдылық жасайтын әншілердің бірі – Қайрат Нұртас. Қыруар қаражат беріп, шет ел әншілерін шақырғанында кімнің қандай шаруасы бар? Біреудің ақшасын ұрлап алып немесе жемқорлықпен айналысып тапқаны емес. “Нюша 8 сөзді қазақша айтқанына мәз болмаңдар”, деген пікір тағы бар. Ол сегіз сөздің өзін қазақша айтқыза алатын адам бар, айтқызы алмайтын да адам бар! Тимати мен Нюшаның жанында “Добрый вечер, Казахстан” десе қайтер едіңіздер? Осындай қазақта әнші бар екенін өзгелер білгені жаман ба? Неге біз өз баламыз биіктесе аяқтан тарта жөнелеміз? Астана Арена секілді ауқымды жерде Қайраттың алдында ешбір өнер иесі шоу жасап, концерт берген жоқ. Сондықтан көп сынап, көпірме сөзге салудың қажеті жоқ секілді. Кез-келген әншімен салыстырып, келемеждеуді де доғарғанымыз өзімізге жақсы. Халық арасында “Қайратты қарақалпақ елінің азаматы” деген қаңқу сөзді де көзіміз жиі шалып қалады. Бұл сөзді қазақтар емес, қарақалпақ бауырларымыз айтып, Қайратқа таласып жүргенде… Өзіміз жау шапқандай, жағадан алмайықшы.

Қазақ баласы үшін қуану бізге қиындық тудыра ма? 17 жасында Бауыржан Есебаевтың «Арман» әнімен барша тыңдарманның жүрек түкпірінен орын алып, осы әнмен танылды. «Арман» әнін Қайраттың алдында бірнеше орындаушылар орындады. Бірақ, бұл әннің бағын Қайрат ашты, ән Қайраттың бағын ашты. Бұл әннің ізін басып көптеген әндер шықты. “Қыздар-ай” деп әуелетіп ән салып еді, толассыз қоңыраулар соғылып, есепсіз хаттар жазылды. Содан соң Қайрекең «Көз жасың көмектеспейді» деді. Себебі, сезімін білдіретін қыздарда есеп жоқ болатын. «Сағынсам қалай шыдаймын» деді де, артынша «Ешкімге көрсетпеймін» деп шырқай түсті. Қайраттың орнында кім болса да көрсетпеуші ме еді, кім біледі?! Бірақ, халық не десе де «Ақ құсы» бар ма, жоқ па ол жағы – құпия. Үйленгенінде не үйленбегенінде біреуге келіп кетері жоқ. Жеке өмірін емес, өнері мен енбегін бағаласақ жетіп жатыр. Исламда да, аманатқа алған әйелін ел көзінен таса ұстау қажеттігі айтылған. Демек, өзінің ары, намысы саналатын әйелін сырт көзден жасырып, “Ешкімге көрсетпеуі” орынды-ақ… Қайраттың барлық әні ХИТ. Бірақ мына хит әннің орны ерекше болды. Ол әннің әкесі (әнін жазған) Бауыржан Есебаев, шешесі (сөзін жазған) Олжас Отар. “Ауырмайды жүрек, ауырмайды!” Бірақ, қайдан ауырмасын, аяқтан шалып, балақтан тартып жатса?

Соңғы жылдары Қайраттың атын пайдаланып, пайда тапқысы келетін пысықайлар көбейіп кетті. “Жылдар мен жолдар” оны талай соқпаққа салды. Қандай былықты жер болса, сол жерде атыШУЛЫ әншіміздің есімі аталып жатады. Қандай БАҚ өкілі болмасын, Қайраттың атын естісе ақпарат алуға асығатыны жасырын емес. Асығы алшысынан түсіп жүрген басқа емес, өзіміздің қазақтың ұлы ғой. Даусы жоқ дерсіз, басқа дерсіз. Бірақ біз жасалып жатқан еңбекті бағалауымыз керек. Даусы бар деп санайтындарыңыздан кім бұлай жасап жатыр?
- Дауысы жоқ болса, ел аралап жанды дауыста концерт қоярма еді?
- Жиі-жиі концерт қояды, тыңдарманымен тығыз байланыста.
- Бір әнмен елді жалықтырмайды, үнемі ізденісте! Өзін жан-жақты қырынан танытып жүрген оның, жақсы жағын санамаласақ жетіп артылады.
«Мамасының баласы» дейсіздер оның несі айып, несі мін? Басқаның емес туған анасы ғой. Жұмақты жақсы көріп, құрметтей алған перзент, басқаныңда қадіріне жете алады. Осынша жетістікке жетуі продюссерінің шын жанашыр болуында шығар. Басқа адам кезінде Қайратты қолдаған болса, дәл бүгінгідей дәрежеге жетпес пе еді, белгісіз. Суық күнде тоңдырмайтын, қарны ашса тойдыратын әкесі, анасымен бірге еңбек етіп келеді. Бұл оның ұтқан ұпайы деп есептеймін.
«Өкініш» деп кино түсірді. Киноның оқиға желісі әншінің өз өмірінен алынған. Кино әр түрлі кері тартпа пікірлер туындатты: байлыққа мас болып мақтанды, үйін, машиналарын, қымбат заттарын көрсетті деген іспеттес. Ондай дүниелерді алмайтын болса, әуелі өзіне қараспаса, кімді жарылқайды? Жыртық-жыртық киім киіп жүрсе, тағы да жерден алып, жерге салар едік қой. Ал, екінші жақ бұл пікірлерге қарсы шығып жатты. Кино ұнамаса, өзіңе ұнайтын киноны түсіріп көріңізші… Әрине қолдан келсе. Ушыққан әнгімеге қарамастан KN журналын, KN брендтік киімдерін шығарды. Журнал шыққан соң білікті мамандардан сындарлы сын да, кекетулерде болды. Бірақ, халық әппақ тілегін әдеттегідей жаудырды. Жау алыста болмайды, әріптестерінен келіп жатқан соққы деп топшыладым. Киім дүкені ашылған соң да дәл осындай көріністің куәсі болдық. Халық жапа тармағай киімдерді сатып алып жатты. Ал, әріптестер… Қытайда жасалған, таза бренд емес т.б.
Осындай жағдайлар шаршатса керек, әндерінің бірі, азулы ақын Ақмарал Леубаеваның сөзіне жазылған «Жаралы жанның әні бұл».
“Күңдестік дейтін қоңырау,

Соңынан еріп әлі жүр

Тілегін айтар ел бар да,

Жүрегім айтар әлі жыр.

Жаратқан Ием сен барда,

Жеңемін бәрін, бәрібір!».

Кім не десе де Қайрат еңбекқор! Тыным таппай ізендеді,халықтың көңілінен шығуы үшін үнемі еңбек етеді. Бейнебаяндары да көңілден шығарлық. ТЫҢДА, МЕЙЛІ, ТЫҢДАМА, Қайрат НҰРТАС мега жұлдыз! Бәрібір, халық Қайраттың өнерін жақсы көреді. Халықтың махаббатына бөленген әнші. Басқаның бәрін сатып алуға болады, тек ХАЛЫҚТЫҢ МАХАББАТЫН ЕМЕС.

Арайлым АЙТҚОЖА,

“Шын-ақпарат”

Related Articles

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: