Шет жерде жүрсең топырақтың қадірін білер ең
Мына сəтті 10-11 жасар кезімде теледидардан көрген ем.
- Мына адамның дені сау ма? Жерді сүйіп жатқаны несі?’- дедім.
Əкем:
- Олай деме, шырағым. Сен туған жердің қадірін білмей айтып отырсың мына сөзді. Мен шет жерде тудым, өзге жұрттың қысымын да, көкірек кергенін де, бізді адам деп санамағанын да көрдік. Шет жерде жүрсең топырақтың қадірін білер ең,- деді.
Надандығыма, ойсыз сөзіме ұялғаным есімде. Мына сурет- теңдессіз сурет. Тарихи сурет. Елге деген сағынышқа малынған жүректің Аллаға сəжде еткенін тамаша бейнелеген сурет.
Абай Қалшабек
(Суретті түсірген Болат Омарәлиев)
Пікір қалдыру