| Қанат Ислам
  • Жаңалықтар

    Қанат Ислам IBF рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды

    Екінші орында боксшы жоқ екенін ескерер болсақ, Қанат Седрик Витудан кейінгі екінші боксшы деп айтуға да негіз бар-Бұл туралы vesti.kz  хабарлайды. Kanat Islam Team Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды. Отандасымыз осыған дейін “IBF Intercontinental” рейтингінде бірінші орынға шыққан болатын. Мамыр айының соңындағы жекпе-жек қорытындысы бойынша ұйымның ресми рейтингінде ең үздік үштік құрамға қосылды. Өткен айда 6-орында еді. Қанат Ислам бақ сынайтын бірінші орта салмақта IBF чемпиондық атағы америкалық Джарретт Хёрд еншісінде. Ал үздік рейтинг көшін франциялық боксшы Седрик Виту бастап тұр. Екінші орында боксшы жоқ екенін ескерер болсақ, Қанат Седриктен кейінгі екінші боксшы деп айтуға негіз бар. Айта кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида

    80
  • Спорт

    Қанат Ислам Алматы қаласының əкіміне өз былғары қолғабын сыйға тартты

    Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды кезекті жеңісімен арнайы құттықтады. Қанат өз кезегінде қала басшысына былғары қолғабын тарту еткен деп хабарлайды kerey.kz. БАУЫРЖАН БАЙБЕК ЖӘНЕ ҚАНАТ ИСЛАМ. ФОТО: BERIK SULTAN Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-тағы парақшасында жариялады. “Бүгін керемет күн болды. Алматы қаласының əкімі, спорт жанашыры Бауыржан Байбек Қанат Исламды кезекті жеңісімен арнайы құттықтады. Биік белес бағындырып, ел атын шығару жолында шаршамау керектігін айтты. Қанат Ислам Алматы қаласының əкіміне өз былғары қолғабын сыйға тартты. Ағалар аман болса інілер топ жарады!”, – деп жазды ол.

    59
  • Көз қарас

    Қанат Ислам Арман Оспановқа қолдау білдірді

    Арман Оспанов WSOF ұйымында Стивен Родригезке қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Сурет Қанат Исламның Instagram парақшасынан алынды Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдарының чемпионы Қанат Ислам ережесіз жекпе-жектен ел намысын қорғап жүрген Арман Оспановқа қолдау білдірді, деп жазады Vesti.kz порталы. Еске салайық, кеше ережесіз жекпе-жектен WSOF біріншілігі өзінің 35-ші турнирінде өнер көрсететін спортшылардың тізімін шығарды. Өкінішке қарай, Арман Оспанов пен Стивен Родригез арасындағы жекпе-жек бұл кешке кірген жоқ. Оған Арман Оспановтың қанынан табылған допинг себеп болыпты. WSOF басшысы Рей Сефоның айтуынша, оған Арман Оспановтың Марокко елінде өткен əскери самбодан əлем біріншілігінен кейін біздің спортшының қанынан табылған допинг табылғаны және спортшымыздың 4 жылға спорттан шеттетілгені жетіпті. Сол себепті де оны WSOF ұйымының жекпе-жек

    139
  • kerey.kz TV

    Маған “Канело” мен Коттоны беріңдер – Қанат Ислам

    Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Қанат Ислам әлемге танымал былғары қолғап шеберлерін жұдырықтасуға шақырды, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. “Мен маңдай теріммен бұл кездесуге дайындалдым. Маған “Канело” мен Коттоны беріңіздер, менің үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. Шаршы алаңда өліп кетуге дайынмын. Менің уақытым келді”, – деді Ислам бразилиялық Робсон Ассиске қарсы өткізген жекпе-жегінен соң.  Айта кетейік, Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында қабағынан жарақат алып қалғанына қарамастан, қарсыласын соққының астына алып, кездесуді бірінші раундта аяқтады. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз. vesti.kz

    133
  • Көз қарас

    Жанар Дұғалова: Көк туды желбіретіп, қазақтың атын шығарып жүрген Қанат Исламды өте қатты құрметтеймін.

    Жанар Дұғалова:Көк туды желбіретіп, қазақтың атын шығарып жүрген Қанат Исламды өте қатты құрметтеймін. Оның ұлтжандылығы әр жасқа үлгі. Әр қазақ Қанаттың жанкүйері. Жекпе-жегін көріп, жеңіс тілеп, тақым қысып отырады. Нәзік жанды болсам да мен де батырымыздың жекпе-жектерін көремін, жанкүйер боламын. Ол тек бокс емес. Ол жерде қазағымыздың намысы мен абыройы тұрады. Елдің атын әлемге танытып, кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген Қанат Исламның жекпе-жегінде ән айту мен үшін үлкен бақыт. Қазір арнайы киім тіктіріп жатырмын. Әрине, қазақы стилде. Бұйыртса 10 күннің ішінде АҚШ-қа ұшып, 1-2 күн шоудың алдын ала дайындықтарына қатыспақпын. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Мен бұл жолы да Қанаттың жеңетініне сенемін. Қанат Ислам әлемге әйгілі Роу Джонстың жекпе-жегінің алдында өнер көрсетеді.

    611
  • Спорт

    Қанат Исламның АҚШ-та өтетін жекпе-жегінде Жанар Дұғалова ән айтады

    Кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген, WBA fedelatin, WBO intercontinental және UBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның 17 ақпанда АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өтетін 23 жекпе-жегінде Жанар Дұғалова ән айтады. Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлісті ЖАНАР ДҰҒАЛОВА Түрквижн байқауының жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанар Дұғалова мұндай әлемдік кәсіпқой бокс кешінде ән айту мен үшін үлкен бақыт дейді. «Көк туды желбіретіп, қазақтың атын шығарып жүрген Қанат Исламды өте қатты құрметтеймін. Оның ұлтжандылығы әр жасқа үлгі. Әр қазақ Қанаттың жанкүйері. Жекпе-жегін көріп, жеңіс тілеп, тақым қысып отырады. Нәзік жанды болсам да мен де батырымыздың жекпе-жектерін көремін, жанкүйер боламын. Ол тек бокс емес. Ол жерде қазағымыздың намысы мен абыройы тұрады. Елдің атын әлемге танытып, кәсіпқой

    155
  • Жаңалықтар

    Қанат Ислам мен Геннадий Головкин Астанада бір күнде жұдырықтасуы мүмкін

    Бұл мәселеге байланысты қазір келіссөздер жүріп жатыр-деп хабарлайды vesti.kz. ©Vesti.kz Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсон Асисспен 17 ақпанға белгіленген жекпе-жектен кейін Астанада өтетін бокс кешіне дайындықты бастай алады. Спортшының өкілі Берік Сұлтан Vesti.kz басылымына берген сұхбатында боксшының алдағы жоспарлары жайлы айтып берді. “Мәдениет және спорт министрі 29 қазанда өткен жекпе-жектен кейін Қанат Исламды қабылдап, оған Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Сол кездесуде EXPO халықарылық көрмесін өткізу барысында үлкен бокс кешін ұйымдастырып, сонда Қанат Исламды шақыру туралы ой туындаған болатын”, – деді Берік Сұлтан. Сондай-ақ, Қанат Исламның өкілі қазақстандық боксшының EXPO қарсаңында өткізілетін бокс кешіне қатысуға дайын екенін айтты. “Кештің нақты қай айда өтетіні белгісіз. Бокс кеші жаздың соңында өтетін болса, Қанат мамыр

    98
  • Жаңалықтар

    Ресми: Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

    Қанат Ислам. © Instagram Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (22-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшы 17 ақпанда Рой Джонстың Нью-Джерси штатындағы Нью парк қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында жекпе-жекке шығады. Бұл туралы NelsonsPromotion промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ысмағамбетов мәлімдеді. “Жекпе-жек 10 раундқа созылады. Бұл титулды қорғау кездесуі емес. Қанат титулын Қазақстанда қорғайды. Ал қарсыласы жайлы таяуда хабарлаймыз. Қанат Ислам қазіргі уақытта штаттарда, Нельсон Лопездің жетекшілігімен жаттығу жасап жатыр”, – деді Ысмағамбетов. Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық соңғы жекпе-жегінде ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Кездесу Алматыда 29 қазанда өткен еді. Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес – Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке

    117
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: