Сарсүмбе, Қаракөпір
Ғалым Жайлыбай ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Сарсүмбе, Қаракөпір Осы көпірдің оң босағасына жауыздар Зуқа батырдың басын бірнеше күн іліп қойған деседі. Боздайды ботасы өлген ғасыр – інген, Сен менің алшы түскен асығым ба ең! Сұлтаным ұлтан болған сонау жылы, Зуқаның бұл көпірге басын ілген. Бас мұнда… қайда қалған жансыз дене?! айналса опат дей бер нар сүлдеге. Қартайдым қара көпір саған жетіп Алтайдың алқасындай Сарсүмбеде. Сарысүмбе, Сен не дейсің, Қыран өзен? Сауалға жауап таппай жылады өзен. Жасында жазмышымның тамшысы бар – басыңда тұрса қандай мына кезең. Сарғайған сағым күнге санам өкіл, Қайысып қайғы ойламас қала нөпір. Ғаламның