ҮШ КЕЗДЕСУ
37- жыл құрбандарының аруағына арналған әңгіме Жұмат ӘНЕСҰЛЫ ҮШ КЕЗДЕСУ ӘҢГІМЕ 1 Өткен ғасырдың бас кезі, тамыз айы болатын. Күн ала бұлтты, жанға жайлы қоңыржай самал есіп тұрған , түс әлеті еді. Тосын құмының солтүстік шетімен жалғасатын қыраттың етегін жайлап, аздаған малын күйттеген Түгелсін руынан үш төрт ауыл бар. Осы жердегі үлкен қазан шұңқырда көктем кезінде біраз қар суы жиналады. Бұл ауылдың адамы да, малы да жаздай осы суды қорек етеді. Түс кезі болғасын, бірер мал осы көлшіктің маңында жайылып жүр. Айнала тыныштық, биелер мен құлындар тұрған желі басындағы бірер адам болмаса, көзге басқа ешнәрсе шалынбайды. Бір кезде шеттегі қараша үйден ықшамдау киінген жас жігіт шығып, шеткеріректе байлаулы тұрған