|  |  | 

Көз қарас Әдеби әлем

Ақниет Озатұлы: Тобыр философиясы

(А. Камюдің «Жат» повесі)

Альбер  КАМЮ – ХХ ғасыр әдебиеті мен философиясындағы ең елеулі тұлғалардың бірі. Камю шығармашылығында индивид пен тобыр арасындағы айырмашылық орталық мәселе ретінде қарастырылады.  Бұл тақырыпты  жазушы  өзінің  «Жат» («Посторонний») повесінде алғаш көтереді.  Ойланып қарасаңыз, шығарма атауының өзі көп нәрседен хабар береді. Аталған туынды әлгі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпады. Жас ұрпақтың ықыласына бөленіп, сыншылар назарын өзіне аудартты. Францияда қалта кітап нұсқасы  миллиондап сатылып, өздері өмір сүретін қағидаларға келіспейтін, қалыпқа сыймайтын оқырманның  көзайымына айналғалы да қашан?

 

cc3513276bf7fdf3d55cbd278e7e9bb7.jpg
Ең қызығы, сыншылардың бұл романның болашағы әлі алда деп пікір білдіруі,  білмекке қызушылығымызды  одан әрі  мығымдай түседі.

Оқиға басты кейіпкер Мерсоның  анасы қайтыс болып,  жерлеу рәсіміне  келуімен басталады.  Бірақ жерлеу кезінде де, мүрдені көргенде де еш қиналмайтындай сыңай танытады.  Оқырманға бастапқыда Мерсо  тасжүрек, меңіреудей көрсетілсе де, оқиға ортасында көрші шалдың жылағанын көріп анасының есіне түсуі,  әр адамның ананы  өзінше сүйетінін білдіреді. Бұған байланысты автордың өзі де: «Біздің заманда анасы қайтыс болғанда  жыламау, қайғырмау кешірілмес күнә», – дейді.

Байқасаңыз, ол түсінік бойынша: сіз, жақыныңыз өлсе қайғырып жылауыңыз керек, болмаса сол рольді тамаша орындауыңыз керек. Шынымен, тобырда екіжүзділік, аярлық бар. Постмодернизм данышпаны  Бодрийярша айтсақ  жоғарыдағы адам «симулияция» жасайды. Бұл –  тобырдың дерті.  Әрине, шын қайғыратындар бар, бірақ сол қайғылы роліне бейне бір кәсіби актерлардай тез кіріп, тез шығатындар да бар.  Меніңше, олар үшін анасы жер қойнына тапсыра сала өлді.

Сүйдік, сыйладық дейді немесе сондай кейіп танытады.  Жоқ сүю құл болу емес. Шынайы болу, әрдайым адам ойында болумен өлшенеді.

Ал адам есімі,  ісі,  бейнесі  өзі өлсе де, бұл өмірде оны сүйген жүректерде өмір сүреді. Қазақта: «Жақсының аты өлмейді» деп айтуы да осыдан болар.  Оның күллі ғұмыры жүрегінде өрнек болып қалғандықтан, кей жағдайда инсан есімі еске түсіп, жаңғырып отырады.

Осы орайда, американ романисі Натаниель Готорнның  «Әлемді жою» [«Уничтожение мира»]  новелласының сюжеті еріксіз  еске түседі. Бірде адамдар өткеннен арылмақты ойлайды. Ол үшін барлығы жиналып бұрнағыны  мүлде жоймаққа талпынады.  От жағылып, оған барлық – естеліктерді, кітаптарды, қаруларды, туларды, ордендерді,  жәдігер манталарды, патша тақтарын, концтитуцияларды, барлық ақшаларды, қасиетті жазбаларды, т.б. заттарды түгелдей дерлік  өртейді.  Оттан тек шоқ қалады, бірақ ештеңе ұмтылмайды. Новелла соңында  Готорн отқа ескінің ең басты жадысы жүректің тасталмағанын ескертеді.

Біршама уақыт өте Мерсо саяжайда  араб текті адаммен жанжалдасып,  өлтіріп алады.  Сот болып, куәгерлер шақырылып, қылмыс расталады.  Француз халқының атынан, ел алдында дарға асылатын болып қарар қабылданады. Мәтінде үкімшінің жарлықты өршелене,  жоғары пафоста  айтуының өзі аллегориялық тұрғыдан жасырылаған жұмбақтай сезіледі.

Камюдің: «Менің кейіпкерім тобыр жасаған ойын ережесін сақтамағандықтан, өлімге кесілді. Ол өтірік айтудан саналы түрде бас тартты», – деуі де ойлантпай қоймайды.

Іс барысында:  Мерсоның  кісі өлтіргенімен қатар, оның моральдық  өте төмен  адам екенін, оның айқын дәлелі:  анасының өлімінде еш қайғырмағанын, тіпті табытшымен  бірге темекі тартып, кофе ішкенімен  түсіндіріледі. Бұл сотқа қатысушылардың  қылмыскерге деген ашуын одан әрі үдете түседі. Кейіпкердің: «Мен сол кезде қоғамның мені соншалықты жек көретінін түсіндім, жылағым келді», – деуінің мәнісі де осында.

Сот  кезіндегі жоғары моральды аңсап келген көрерменнің  мінез-құлқы, дарға асылардан бұрынғы адам психологиясы,  үкімді күтуші адамның хәлін суреттеуі Достоевский кейіпкерлерімен ұқсастығы таң қалдырады. Әлем әдебиетінде  ойшыл жазушылардың көбісінің  Достоевскийді аса құрметтейтіні жасырын емес. Бір қызығы Камю шығармаларынан сюжеттік тұрғыдан ғана емес, ішкі психологиялық ағыстардың  бейнеленуінен Достоевский штирхтарының бар екендігі айқын көрінеді. Оқып отырып  Бенджамин Франклиннің: «Көп адамдар жиырма бесінде өледі, бірақ жетпіс бесінде ғана  жер құшады», – деген ойы еске түседі [«Многие люди умирают в 25 лет, а в могилу попадают только в 75»].  Шынымен, тәні тірі  болса да, өмірде харекеті тоқтаған, оты сөнген, ғұмырдағы миссиясын аяқтаған, не миссиясы мүлде болмаған адамдар арамызда жетерлік. Ондай адамдарға 30-да, 70-те өлсе де еш айырма жоқ. Өйткені  жиырма жыл, отыз жылдан соа да оның өлім алдындағы кешер хәлі  бір болады.

Мерсо үкімді абақтыда бір ай күтеді. Ары қарай  жеке тұлға, дін, мораль, қоғамдық пікір арасындағы тартыс  адам ақылына симастай  астарлы баяндалғанын көреміз. Сол аралықта дін адамы бұны істеген ісіне өкіндіріп, тәубеге келтірмекке амал етеді. Шіркеу қызметкері тәңір  алдына оны күнәдан тазартпаққа ұмтылады.

Жазалы өзіне кесілген өлім үкімімен  қылмысының өтелетінін, одан ары ештеңеге сұралмайтынын білдіреді. Бірақ діндар өз кезегінде адам сотынан гөрі құдай сотының маңызды екенін, өз тәжірбиесінде ажалға байланғандардың өлім алдында тас қабырғалардан құдайдың  құдыретін сезетінін, қапалана жылайтынын естіртеді.

«Сіз қалайша  рахатты, баянды екінші өмір бар екендігіне сенбейсіз?», –  деген сұрағына  айыпталушы:  уақыттың аз қалғанын және сол уақытты құдайға арнағысы келмейтінін хабарлайды.

Соңғы эпизодтағы шіркеу қызметкерінің  көп жағдайда сіздің хәліңіздегі  адамдар жүзін құдайға қаратады деген сөзіне, Мерсоның ол өз таңдаулары, еркі  деп жауап беруі, кейіпкердің еркін ойлы, тобырлық ойлаудан  ада тұлға екенін байқатады.  Ойымша, шығарманың негізгі жасырған жұмбағы – адам еркіндігіне қайшы  түсініктерді  көрсетіп, еркін рухтың жан айқайын естіртуге талпыну. Автордың ой жүлгесін байқап отырып  сіз  қоғамдық пікірдің, моральдің, діннің  еркін ойлауды  тежейтін негізгі факторлар екендігіне көзіңізді жеткізесіз. Және дін мен мораль адам  санасын мешеу қылатын жоғары дозалы есірткі тәрізді екенін түсінесіз.  Тобырға әрқашан  өздерінен аумайтын, артық ойламайтын қалыпты адамдар керек. Бұл үлкен механизм үшін еркін, шығармашыл  адамдарға әсте орын жоқ.  Әйтпеген жағдайда сіз Ван Гогтың, Исаның, Галилей мен Біржанның жағдайын кешіп кетуіңіз әбден  мүмкін.  Құтылудың жалғыз жолы бар.  Масғұт сияқты  жынды су ішіп, өзгелердей болуыңыз керек.  Бұны Чехов: «Егер сен «дұрыс адам» болғың келсе, тобырға бар». – дейді  [«Если хочешь быть нормальным, иди в стадо»].

Осы проблема ХХ ғасырда Камюмен иық тіресе шыққан  американ жазушысы  Кен Кизидің  постмодернистік  тексте жазылған «Көкек ұясының үстінде»  [«Над кукушкиным гнездом»]  шығармасында да айрықша  көрініс табады.  Бұл роман жаңа субьмәдениет тудыруға айтарлықтай  ықпал етті. Жаңа замана  буынын тәрбиеледі.  Әлемдік  ірі битиниктер менхиппилер қозғалысының туындауына үлкен әсер етті.  Кейін жастар қозғалысының қасиетті кітабындай  дәрежеге жетуі де тегіннен-тегін болмаса керек.

Роман оқиғасы жындыханада өрбиді.  Емделушілер жаны ішкі комплекстерге тұмшаланған, нормальды  қоғам тарапынан қабылданбаған адамдар.  Мекемеге тәртіпке бағынбайтын, пассионар тұлға Макмёрфи есімді емделуші келеді. Ол келе сала орнаған қатаң тәртіпке қарсы соғыс ашады. Айналасындағы адамдарды оятуға талпынады. Тіпті  жындыханадан достарымен бірге  балыққа  қашып та кетеді. Бұл әрекеттер емделушілердің рухының күшейуіне әсер етеді. Ол көсем атанған, үнді нәсілді  адаммен бірге қашпаққа жоспар құрып та үлгереді.  Бірақ бұл жайт мекеме бақылаушысы Рэтчед ханымға ұнамайды. Жағдайдың шектен шығып бара жатқанын сезіп, тентекті лоботомиялық  терапияға жіберіп ақыл-есінен мәңгілікке айырады. Енді ол шынымен ойлай, сөйлей алмайтын  аурудың өзіне айналады.   Алайда  еңбек зая кетпеді. Оқиға соңында жоспарлағандай,  көсем түнде  терезені сындырып жындыханадан  бой тасалайды. Ол қашар алдында аузынан көбігі шыққан, есерге айналған, санасы қолмен өшірілген  Макмёрфиді  тірі өлік кейпінде қалдырмай, жастықпен тұншықтырып өлтіріп кетеді.  Сау ақылмен ойласақ : Макмёрфи көсем қолынан емес, аяусыз  жүйе қолымен өлтірілді.  Көсем тек  достық парызын  өтеді.

Қария Сомерсет Моэм  жазушылық туралы: «Кей авторлар  шығармаларында кейіпкерлерді  ғана тудырып қоймай, сонымен қатар тірі адамдарды қалыптастырады», – деп ой толғайды. Ал, біз өз кезегімізде  аталған екі кітап та Моэм көздеген үддеден шықты деп сенімді айта аламыз.

Қортындылай келе,  Камю мұрасының  тереңдігін, ой өресінің көкжиегін тану өте маңызды іс дегіміз келеді. Өйткені Камю жай ғана жазушы емес, сонымен қатар кәсіби философ. Ондай жазушылар басқалардан ой өткірлігімен , тосын шешімдерімен ерекшеленіп тұрады. Зерттеушілер Камю мәтіндерінің  философиялық  сана ағысында жазылатын, күрделі жұмбақ сияқты   екенін  ескертеді.  Ендеше,  бұл шағын талдауымыз,  сол жұмбақты  түсінуге  ұмтылған  ниетімізден туған ой еді.

   Ақниет Озатұлы

adebiportal.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: