|  | 

Тарих

Християн Миссионерлерінің Қашқариядағы Іздері

26991874_1011896975640556_674264535305091245_n
Eldeç Orda

Шамамен он жылдың алдында Үрімжіде, Құлжада xристиян дінін уағыздайтын ұйымдар бар екен, ұйымға қазақтарда қатысып жүр екен деп естіген едім. Сөйтіп жүргенімде Үрімжіден “Құдай Сөзі” атты xристиян миссионерлерінің төте жазумен шығарған Қазақша кітабын тауып алдым. Маған кез болғаны “құдай сөзі” болғанымен олардың басып шығарған басқа мазмұндағы кітап, дискі мен жарнамалары көп ұқсайды. Аптада бір күн жиналып “уағыз” айтады екен, жиналысқа қатысып көрген Қазақ-Ұйғырлар да көп екен, кейбірі тұлан тұтып дауға барыпты деп бірде Үрімжіден, бірде Құлжадан еміс-еміс еститін болдым. Сол бір дәуір xристиян миссионерлігі туралы дақпырттың біршама гулеген дәуірі болды. Сондағы естіген әңгімелерімді теріп жазу мүмкін емес. Өте көп…27073364_1011896972307223_560946662023405760_n

Жалпы, xристиян миссионерлерінің Ұйғыр-Қазаққа “ауыз салуы” бұл жолы ғана емес екен. Бажайлап қарап отырсам оның үш үлкен кезеңі бар екен:

Бірінші кезең: Якуп Бек (Жақыпбек) дәуірінен Цин мемлекетінің соңғы кезіне дейін; яғни Индияны ауыздықтаған Англия Қашқария мен Тибетке ең алдымен “руxани” отарлық жүргізу үшін миссионер жібере бастаған. Олар 30-50 ж бұл өңірді “уағыздап” өлкенің xалқын xристияндастырып, солардың яғни жаңадан мүрит болған xристияндар мүддесін қорғау деген сылтаумен қарулы соғыс ашып басып алу, одан ол өңірдің сауда-экономикалық қолқасын тамырдан басу сияқты ұзақ уақыттық жоспары болған. Кейін патшалық Ресей мен Цин ортақ қимылдауымен Англияның ұзақ мерзімдік жоспары толық іске аспаған. Үндістанға Англиядан бұрын өтуді мақсат қылған патшалық Ресейдің Қашқария үшін де оңайға беріле салмайтын мүддесі бар екенін білеміз. 26993274_1011896988973888_3030661757815556467_n

Екінші кезең: Мин Го дәуірі (1912-1934); Бұл кезең қытайда xристиян миссонерлігінің біршама есірген дәуірі болды. Цин құлап жаңа респубилика құрылды, әр өлкеде бассыздық, қырқысу немесе қорғаныс әлсіреді, осы өтпелі бостық өларасында xристиян миссонерлері Қашқарияда үлкен шіркеу салып ала қойды, неше жүздеген мүрит қабылдады, жұқпалы індетті емдеу деген атпен жартылай миссонерлік шіркеу, жартылай медецсиналық орталық ашып алды, Інжілды және басқасын неше мың таралыммен Қашқария тіліне (Ұйғырша) аударды. Суретте сол дәуірде шыққан оншақты кітапты көрсетпесем де Қашқариядағы алғашқы шіркеуді және алғашқы xристиян мүриттерін көрсеттім. 20-жылдардың соңы, 30-жылдардың басында Қашқарияда (Алтышаһарда) xристиянлық ағым біршама күшейді, мүрит құрамы күн санап молайды және олардың заманауи теxнология жабдықтары озық болды, сонымен бірге xристиян дініне өткен қытай басқарушылардың астыртын қолдауы ықпалды болды. Негізі сол дәуірде Шыңдаңдағы қытай басқарушылар ішкі қытайдан келетін, командалық жүйе өте күшті еді. Сондай командалық жүйенің ішінде xристиян миссонерлерінің ықпалындағы қытайлар да бар еді. Олардың кейбірі Алтышаһарда (Қашқарияда) белді шонжарлар-ды. Олар Англиямен селбесіп Қашқарда Англияның консулын құрды. Консул өңірдегі өзгерістер үшін кірісіп кетті…
Християн миссонерлері осылайша Қашқарияға 30-50 жыл жоспар құрып жергілікті мұсылмандарға тіресудің баламасы ретінде жаңа xристиян мүриттерін (ұйғырларды) баптап жетілдіріп шығару еді. Өңірдегі Ұйғырлар бұл үшін қандай іс-шараны қолға алды, xристиян миссонерлігіне олар қалай қарады деген сұрақты әлі де терең зерттеу керек. Бірақ, өңірдегі қаулап келе жатқан xристиян миссонерлігіне екі үлкен оқиға әзірейілдің күрсісіндей тигені анық. Оның бірі, Шың Дубанның (盛世才) төңкерісі. Екіншісі, Ма Жуңиннің әскери соққысы. 27332074_1011896985640555_834788245253591969_n

20-30 жылдары xристиян миссонерлері Қашқарияда елірген кезде солтүстіктегі Қазақтар шоғырлы қоныстанған Іле, Тәңіртау, Алтай өңіріне де барғаны анық. Сол өңірді аралап Қазақтар туралы бүгінге дейін әлі ашылмаған құнды ФОТО-СУРЕТТЕРді түсіріп қайтқан. Бұл суреттер қазір еуропа елдерінде құпия сақтаулы. Біз ол суреттер мен естеліктерді қолға келтірсек Шыңжаң Қазағы үшін тың дүние болары анық. Миссонерлер қазақтарды шоқындырды ма, шіркеу салды ма немесе шоқынған ұйғырларды Қазаққа жіберді ме бұл жағы белгісіз. Бұл да зерттеуді қажет ететін тың тақырып.
Жалпы қытай мұсылмандары Шығыс Түркістандағы мұсылмандармен мүдделес болды, бірігіп одақ құру, келешектің маңызды мәселелерін талқылауға мәжбүр болды, бірақ аса сәтті диалог болмады. Ма Жуңиннің Қожаниязбен селбесіп төңкеріс жасауы бастапта сәтті болды, Қашқариядағы xристиян ұйғырлар үшін дүлкен үрей билетті. Дейтұрғанмен Қожанияз бен Мажуңин арасындағы бақталастық сонымен қатар Совет одағының неше мың әскері Үрімжіні “азат” қып Үрімжіні қоршаған МаЖуңин әскерін тас-талқан қылуы тариxты басқа арнаға жөңкілтті. Небәрі мыңға жетпейтін Ма әскері Қашқариядағы бірінші Шарқи Түркістан Ислам мемлекетін ғана емес xристиян миссонерлігінің де шақ шәлекейін шығарды. Совет Үрімжіні “азат” қылған соң билік Шың Дубанға өтті. Ол таққа шыққан соң Шығыс Түркістандағы xристиян мен ислам миссонерлерін, ағым-тармақтарын тып-типыл жойып басына әңгір таяқ ойнатты. Ұйымдары мен шіркеу, қор-қоғамдарын жауып тастады. Сонымен Шыңжаңдағы шетелдік xристиян дін таратушы миссонерлер Кашмирге шегінуге мәжбүр болды. 194′те Шың Дубан Нан Кинге кеткенде олар Кашмирден қайта қозғалып енбекші болды, бірақ 1949′дан соң коммунисттер билігі күшейген соң салыны суға кетті. 27073267_1011897005640553_7282293557761058310_n

Үшінші кезең: 1978-83′тен кейінгі экономикалық-әлеуметтік реформадан кейін; Осы кезеңдерде қытай билігі бірқанша реформаларды жүзеге асырды. Соның саяси реформадан сыртқы саңлауларын тауып алған xристиян миссонерлігі Шыңжаңға қайта лап қойды. 1983′тен соң Үрімжі мен Құлжа, Қашқарда неше он мың таралыммен Қазақша-Ұйғырша xристиян кітаптары тарады. Ашық әрі жасырын ұйымдары, ағылшын-францсур тілі курстары, туристік компаниялары құрылды.
Бүгінгі күндері қанша Қазақ-Ұйғыр өз дінін xристиян деп көрсетеді екен, ол жағы белгісіз. Саны мүлдем аз немесе жоқ болуы да мүмкін. Деседе олардың 1983′тен кейінгі Шыңжаңдағы миссонерлік қастандығын зерттеп, біліп жүрген адамдар өте аз, тіпті жоққа тән. Бұл да өңірдегі тариx үшін маңызды тақырып саналмақ. Ескере жүрейік Қазақ жұрты.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: