|  |  |  | 

kerey.kz TV Зуқа батыр 150 жыл Әдеби әлем

Гималай асқан көш куәгері Арыстан қажының өмірі жайлы кітап жарық көрді

WhatsApp Image 2019-03-17 at 11.08.57 PMКеше, 17 наурыз Алматыдағы Manar Palace-та Арыстан қажы Шәдетұлының (Зуқа батырдың немересі) 80 жас мерей тойына орай, той иесінің өмірін арқау еткен, жазушы Байахмет Жұмабайұлының «Аңсаған арман» атты кітабының тұсаукесері өтті. Арыстан қажы туралы деректі филым көрсетілді.WhatsApp Image 2019-03-18 at 10.29.55 PM-2

Мерей той мен ғұмырнамалық еңбектің тұсаукесеріне алыс-жуық шетелдерден және еліміздің әр жерінен ел ағалары, әдебиет пен өнер өкілдері, өзге де сыйлы қонақтар келіп қатысты. Алыс-жуқтан жеткен ағайын.

Аталған кітаптың тұсауын мерей той иесімен бірге Зиябек Қабдылдинов, Досан Баймолда, Әмірхан Меңдеке және Нәбижан Мұхаммедханұлы қатарлы тарихшы, қаламгерлер кесті.WhatsApp-Image-2019-03-18-at-10.35.56-800x480

«Аңсаған арман» кітабы Бұланайды (Гималай) асып, Үндістан мен Пәкістанды басып Алтайдан Анадолыға жетіп, Еуропаны айналып тәуелсіз Қазақ еліне келген Арыстан Шәдетұлының өмірін арқау еткен.

 

Қазақтың «Қара жорға» биін Қазақстанға қайта жаңғыртып әкелген адам – Арыстан қажы Шәдетұлы екенін бүгінде екінің бірі біледі. 1999 жылы осынау ұлттық биді ел алдына, сахнаға алып шыққанда алаш жұрты ақсақалдың қайсарылғымен өнеріне сүйсінді. Руханиятқа қосқан өлшеусіз еңбегі ел ішіне тарап, атағы тек қазақ даласына ғана емес, қазақ баласы мекен еткен әрбір елге тарап жатты. Бүгінде бұл биді баладан бастап, егде тартқан қартта, жасы да, жасамысы да билейді. “Қара жорғаның” әуенін естіген ел ғана емес, билеген бұқараның көңіліне қуаныш ұялатады, рухына күш береді. Алтайдан бастап Анадолы еліне дейін барған бала Арыстанға бұл биді әкесі 7 жасында Шәдет Зуқақажыұлы үйретіпті.
Ел басына күн туып, ерлер етігмен су кешкен Алтайдағы ағайындардың қиын заманы қазақ тарихындағы өшпесте, өкінішті сәттердің бір бөлігі, тармағы. Күші көп жаумен жан кеткенде айқасып, ақыры қасқырдан қашқан қойдай үдере көшкен елдің басындағы ауыр тағдырды Арыстан бала кезінен көрді. Көзбен көрмек түгілі көзге елестетудің өзі ауыр соғатын сонау өткен заманды шақты бүгінгі тірі куәгері де осы Арыстан қажы Шәдетұлы.

7 жасында Қытайдың Гансу өлкесінен бастап Гималайдың құзды тауларын асудағы азапты күндердіде басынан өткерді. Үндістан, Пәкістанға жаяу барғанда, жат жерде жұртына азық тауып, тағдырдың тәлкегіне түскен халқының көңіліне медеу болғанда, тірлігене қажетті дүниені тауып берген адамдардың бірі де осы Арыстан қажы. Өжет, қай іске болсада белсенді жас Арыстан жат жердің белгілі, ел бастаған адамдарымен де тез тіл табысып, қалайда еңіреген елін қиын сәттерден алып шығып отырды.
Ол жат жұртта жұртының намысын жаныды, бөтен елде бөлінбей, біріге жүруге барын салды. Түркияға тұрақтаған қазақтарға ғана емес, тұрғылықты тұрғындарға да табанды еңбек етумен табысқа жетуге болатынын дәлеледі. Түркия, кейін Германияда 40 жыл ғұмырын өткізгенде де қазақтың қайсар халық екенін дәлелдеді.

Қазақтың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің еуропа келген сәттерінде бірнеше рет жолығып, елдік жолындағы жұмыстарды талқылады. Көші-қон жолын жандандыруға жол ашты. Өзі ғана емес Еуропа елдеріне тарыдай шашылып кеткен қазақтарды да Елбасымен кездестіріп, еңселерін көтерді.

Арыстан қажы үшін 1995 жылы Атамекен Қазақстанға қоныс аударған жыл бақты күндердің бастау әлған сәттері боп саналады. Еңсесін енді тіккен еліне қолғабыс етуден де қарап қалған жоқ. Халықтың басын біріктіріп, жұртын жинап, жұмыла жүріп мешіт салғызды.

Ежелгі мекен Алтайғада бірнеше рет барып, арманда кеткен ерлердің, аруақтардың басына құран бағыштап қайтты. Тәуелсіз елде түтін түтетіп отырған абыз ақсақал көпке үлгі боларлық істерден қашанда қалыс қалған емес. Елін жаудан арашалауда атой салған батыр бабалар рухына да бірнеше рет ас берді. Жиындар өткізді. Тарихи кітаптардың шығуына жәрдем қылды.
Тағдырдың қилы, ірелең жолдарынан именбеген абыз ақсақал туралы айтар аңызда, аталы сөзде әлі талай томадарға арқау болары сөзсіз. Сексеннің сеңгіріне шықан Арыстан қажы Шәдетұлы бүгінде тек өз ұрпақтарының ғана емес, күллі қазақтың мақтанышы
болып қала бермек.

Тұсаукесерден кейін Бұланай асқан көш туралы талқы кеңес өткізіліп, шараның соңғы Арыстан қажының 80 жас мерей тойының дастарханына ұласты.

Жұмабай Мәдібайұлы

Kerey.kz

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: