|  | 

Көз қарас

Ит басына іркіт төгілді ме?

Opera Snapshot_2020-03-15_164201_www.instagram.com

 

Атам заманнан бері, жеті қазынаның бірі ит саналады. Есті жануар қазақ тұрмыс-тіршілігінің шаруашылық пен аңшылық салаларында маңызды серіктеріміздің бірі болатын. Алайда, кейбір азиат халықтарындай  біз ит етін жемейміз. Кейбір еуропалық халықтардай біз итпен төсектес жатып, оны отбасы мүшесі деп санамаймыз. Демек, біз осы жануарды пір тұтпаймыз.

Дегенмен, кейбір қазақстандықтар аяулы жазушыларымызды кемсітіп, лас хайуанды мадақтауда. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Комитетінің арнайы бөлімшесі – «Арыстан» қызметінің сапында лақап аты «Шерхан» деген ит бар. Демек, офицер погонын таққан мәңгүрттер Шерхан Мұртаза атты танымал қаламгерімізді иттің дәрежесіне төмендетті. Бәлкім, иттерге ғашық кинологтарда «Шарик», «Жучка» немесе «Тузик» лақап аттары таусылған шығар. Сондықтан, олар қазақ мәдени қайраткерлерінің есімдерін пайдалана бастады. Он төрт жыл бұрын, әлгі «Арыстан»-ның қызметкерлері қазақ журналистикасының біртуар өкілі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін өлтірді. Қазір, осы қызметтің офицерлері марқұм Шер-ағаның аруағын қорлап, оның есімін итке қойды. Аты-шулы «Арыстан» қазағуар кісілерге шабуылдап, кімге қызмет етеді?! Аш-жалаңаш қазақтардай емес, әлгі «Шерхан» шакалы күн сайын ет жейді. Тіпті, оның жабайы табаны үшін арнайы аяқ киімі тігілген. Кезінде, Мәскеу қаласының әкімі Юрий Лужковтың миллиардер-әйелі Елена Батуринаның сарайы алдында әлгі бикештің иттерін орналастыру үшін үй салынған еді. Үйсіз-күйсіз сандалып кеткен ресейлік қаңғыбастар туралы айтудың өзі артық.

Әрине, бұндай арсыз әрекеттер Орталықтың баяғы шовинисттік саясатының жалғасы болып табылады. Мәселен, орыстілді жазғыш Израиль Меттер 1960 жылы «Новый мир» журналында милиционер итін жырлайтын «Мухтар» хикаясын жариялады. Осы шимайлардың негізінде «Ко мне, Мухтар!» көркем фильмі 1964 жылы жарық көрді. Сонымен, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың даңқты аты қор болды. Айтпақшы, «Мухтар» итінің прототипі – ленинградтық милицияның «Султан» деген шакалы. Көрдіңіздер ме? Неге ленинградтық шовинистер өз итіне «Соломон» лақап атын қоймады? Ал, Израиль Меттер өзінің хайуан кейіпкеріне неге «Моисей» лақап атын қоймады? Өйткені, әлгі ұлтшылдар үшін Соломон мен Моисей – киелі есімдер болып табылады.

Тоқсаныншы жылдардың Алматыда да итсүйгіш келімсектер қазақ дәстүрлерін аяқ асты етті. Еліміздің сәулет өнерінің інжу-маржандарының бірі – «Қазақстан» қонақ үйі – шакалдардың ойнасына айналды. Ардақты тарихшымыз Кәрішал Асан Ата «Призрак независимости», 1997, кітабының 346 бетінде былай дейді: «… господин Назарбаев не считает зазорным наносить оскорбления чести и достоинству казахского народа в большом и малом, например, сдавая в аренду самую престижную гостиницу в Алматы — «Казахстан».

Если в былые времена в ресторане этой гостиницы гости могли заказать казы и карта, жал и жая, то сегодня меню состоит  только из острых салатов типа «Шимчий» и собачьей головы с морской капустой, что является оскорблением чести и достоинства любого казаха. Даже большие портреты президента и его супруги Сары Алпысовны, висящие на стенах ресторана, не компенсируют отсутствия казахских национальных блюд в ресторане со столь символичным названием».

Сонымен, Қазақстанда иттердің мерейі үстем. Өз басым куә болдым: қазіргі Қызылорда қаласы мен Орал шаһарының көшелерінде бұралқы иттердің саны аз емес. Олардың адам қауіпсіздігіне қауіп төндіретіне ешкімнің шаруасы жоқ. Сайланбаған әкімдер қалалық тұрғындар мен қонақтардың қамын жемейді. Сайланбаған басшылардың негізгі міндеті – жоғарыдағы атқамінерлерге дер кезінде тиісті төлемдерді жасау.

 

Данияр НАУРЫЗ

 

Related Articles

  • БАЙҚОҢЫР

      Құрметті ҚАЗАҚ ЕЛІ,ҰЛТЖАНДЫ ҚАЗАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ, БАЙҚОҢЫРҒА ТАҒЫ ТОРҒАЙ ЖЕРІН ҚОСЫП БЕРУГЕ ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРЕМІЗ! (Жер мəселесі референдум арқылы шешілетін мəседе) ================ Қазақ жеріне тағы үлкен қауіп төнді. Осыдан үш төрт жыл бұрын Қазақ билігі Байқоңырға Торғай жерінің жартысын, Ырғызға дейін гептилін құлатуға берген. Байқоңырдың бұрын да өте көлемді 70 шақырым шаршы километр аймағым бартын. Осыдан екі үш жыл бұрын біздің биліктің рұқсатымен 50 мың шаршы километр жерді қосып алған. Енді міне, тағы Жангелдин ауданының жерін түгел қосып алмақшы көрінеді. Өзіңіз ойлап қараңыз, сонда Қазақстанның жартысы Байқоңырдың жері (Ресейдің жері) болып шығады ғой! Байқоңырдың 70 жыл ішінде Қазақстан жеріне келтірген экологиялық зияны орасан зор болды . Ракеталарды суыту үшін Сырдарияның суы

  • АҚШ-Қытай-Ресей үштік державаның талас-тартысы Орталық Азияны ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін…

    Шағын Сараптама Естеріңізде болса осыдан бір жарым жыл алдына Ауғанстан және Орталық Азия тақырыбы бойынша бір сұқбат жасаған едік. Сондағы кейбір болжалды түйіткілдер дәл қазір әлемдік саяси аренада кеңінен пікір-таласқа салынып жатыр. Ары қарай… Бірінші, Әлемдік ірі ақпарат көздері АҚШ әскері Ауғаныстаннан толық шегінген жағдайда туындайтын гео-саяси ахуалды қызу талқыға салып жатыр. АҚШ (және НАТО) әскері толық шегінсе Ауғанстан үкіметі елдегі тыныштықты қамтамасыз қыла ала ма; Ауғаныстандағы ислами күштер нені жоспарлап жатыр; Ауғаныстандағы жағдай алдағы кезеңде қытайға қалай ықпал жасауы мүмкін; Қытайдың қандайда бір стратегиялы жоспары бар ма; тб өзекті тақырып қазақ баспасөзінде тәуелсіз һәм тарапсыз талқыға салынуы керек. Екінші, АҚШ әскері толықтай шегінген жағдайда Орталық Азияны қандай қауіп және

  • Әлем алпауыттарының стратегиялық кездесулері неге жиіледі? (Шағын сараптама)

    Наурыздың 18- күні Ақш Сыртқы Істер Министрі Антони Блинкен мен Қытай Сыртқы Істер Министрі Ван И (王毅) Алияскада аса маңызды кездесу жасады. Осы кездесуден соң қос үйекке жіктелгендей болған екі жарты шардың алпауыттары тоқтаусыз стратегиялық кездесулерді бірінен соң бірі бастап кетті. Ақш СІМ’лері Жапон, Корея, Үндістанмен маңызды кездесулер жасап жатқанда 22- наурыз Ресей Сыртқы Істер Министрі Лавров Гуйлиньде Қытай СІМ’і Ван И-мен кездесті. 24- наурыз Түркия СІМ’і Мевлют Чавушоглу (Mevlüt Çavuşoğlu) Брюссельбегі НАТО СІМ’лерінің басқосуында Ақш-тың СІМ Блинкенмен кездесті. 27- наурыз Қытай-Иран Сыртқы Істер Министрлері аса маңызды тарихи кездесу жасады да аса ірі стратегиялы құжатқа қол қойды. Иран осы маңызды келсімнен соң Орталық Азия елдерін бетке алып 7- сәуір біздің

  • КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша?

    Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургінің баспасөз қызметі Сәуірдің екінші күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан ары жалғаса беретінін айтқанын білесіздер. Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді. Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы “қуаныштың” буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып

  • ҒҰНДАРДЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ – ҚОҢЫРАТТАР

    (Қоңырат шежіресіне байланысты шығатын жаңа кітаптарға арналған) Авторы: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы Тәуке ханның тұсында қанаттас отырған рулар топтастырылып, өз тұрған өңірлерідегі жаңа Жүз бірлестігіне кірді. 1456жылы Қазақ хандығы ең алғаш құрылған жер Шу, Талас өзендерінің бойы еді. Міне осы қарашаңырақтың орны мен оның айналасындағы Жетісу, Алатау, Қаратау аймақтарындағы рулар Ұлы Жүз деп аталды. Қазақ хандығы құрылған кезден бастап шешуші рол атқарып келе жатқан іргелі алты ұлыс Орта Жүз болып біріктірілді. Олар Алтай-Ертіс, Тарбағатай, Сары Арқа, Сібір, Балқаш, Сырдың орта ағысы өңірлерін алып жатты. Қазақ хандығының құрамына кейінірек қосылған Еділ-Жайықтағы рулар Кіші Жүз болып топтастырылды. Сол кезде Қоңырат ұлысы Орта Жүз бірлестігіне енді. Бұл қазақ үлкен империяның қарашаңырағында отырған ұлт. Бірлікке

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: