|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

Шарқи Түркістан Респубиликасының тарқауы туралы

94242396_1687224721441108_2913772029117202432_n

1944- жылдың қараша айында Құлжа қаласында құрылған Шарқи Түркістан респубиликасы 1946- жылға келгенде үкіметтің ресми түрде тарағанын және бұдан былай Шыңжаң өлкесімен біріккен коалициялы үкімет құрмақ ниетін білдіре отырып, уақытша үкіметтің орган газеті “Азат Шарқи Түркістанда” арнайы мақала жариялаған-ды.94118006_1687174904779423_8965448023685464064_n

Небәрі бір жарым жыл өмір сүрген Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметі, 1946- шы жылға келгенде ресми тоқтады.

1944- жылдың қараша айында уақытша үкімет жария етілген соң, үкіметтің орган газеті “Азат Шарқи Түркістан” деп аталды. Газет ұйғыр, қазақ, орыс, моңғол және қытай тілінде жарық көрді. Газеттің қазақша бөлімінде Бұқара ТЫШҚАНБАЕВ, Құрманалы ОСПАНҰЛЫ басшылық етті және газеттің редакция құрамында Әуесқан НАРЫНБАЙҰЛЫ, Рахметолла ӘПШЕҰЛЫ, Құрманбай ТОЛЫБАЙҰЛЫ, Әбдібек, Аладияр, Асанбай, Сырайыл, Қали қатарлы кісілер редактор, аудармашы, тілші болып жұмыс істеді. Газеттің Құлжа, Шәуешек және Алтай қалаларында бөлімшесі құрылды. 97958667_1709938365836410_3171495647702417408_n

1946- жылдың маусым, шілде айында жарияланған мақаладан соң, уақытша үкіметтің газет аты “Инқылаби Шарқи Түркістан” (Төңкерістік Шығыс Түркістан) болып өзгерді.

Бірінші және екінші суреттегі мақаланың аты: “Шарқи Түркістан Респубиликасы Үкіметінің Тарқауы биләм бір-екі сөз”. Шарқи Түркістан респубиликасының 1946- жылдың өзінде-ақ тарқағанын дәлелдейтін құжаттың бірі осы мақала.97548121_1709938329169747_9061554398039113728_n

Мақала ұйғыр, қазақ, орыс, моңғол және қытай тілдерінде түгел жарияланған. Мақала жарияланған соң орган газетінің аттары өзгере бастады. Қазақша “Азат Шығыс Түркістан” газеті “Төңкерістік Шығыс Түркістанға”, одан “Төңкеріс Таңы” атына өзгерді.

Уақытша үкімет Шарқи Түркістан респубиликасы тараған соң көп өтпей үкімет аты да өзгертілді. Бұрынғы Шарқи Түркістан атауы “Үш Аймақ” төңкерістік үкіметі деп аталды. Үш Аймақ жақ өлке орталығы Үрімжіде гоминьдан үкіметімен келіссөздер жасасты.

Eldes Orda

Related Articles

  • Тарихшы: Батыс Сібір – байырғы қазақ жері. Көшім хан – ұлттық батырымыз! 

    Абылай МАУДАНОВ Қостанайлық ғалым Сібір жерін орыс патшалығынан бұрын қазақ рулары игергенін кітап қылып бастырмақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол үнемі “Тәуелсіз ел өз тарихын өзіндік көзқарасы тұрғынан қарап, талдап, баға беру керек” деген ұстанымды айтып келеді. Қостанайлық тарихшы бірнеше жыл бұрын үлкен бір жобаны қолға алды. Бүгінде ол ұлы Еркін Әбілмен бірге “Алтын Орданың Батыс Сібір ұлысы: этно-саяси тарихы” атты еңбек жазып жатыр. Бұл кітап алдағы жылы (орыс тілінде) жарық көрмек. Мұнда қазіргі Қазақстанның шекарасынан тыс қалған байырғы қазақ жері мен руларының көптеген тарихы қамтылады.Express Qazaqstan тілшісі ғалымды осы тақырыпта сөзге тартып, әңгімелескен еді. Батыс Сібір — біздің байырғы

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

  • ТАҢҒЫ АЙ ОРАҒЫ

    Алдағы 2-3 таңда жіңішкеріп бара жатқан ескі Ай орағы оңтүстік-шығыстан, Сарышаяннан, кейін Мергеннен шығады. 22 қаңтарда 02:56-да Ай тура Күнмен беттесіп, көрінбей кетеді. Айдың бұл фазасы астрономия тілінде “Жаңа Ай” деп аталса, қазақ мұны “өліара” деген. Бір қызығы, бұл өліара Айдың Жерге ең жақын нүктеден немесе перигейден өтуімен (22 қаңтар 03:00) сәйкес келеді. Мұны суперайға кері құбылыс десек болады. Credit: Sky & Telescope Физика және Ғарыш

  • БАЙБАТЫРҰЛЫ ЫҚЫМ.

          Байбатырұлы Ықым Алматы облысы ( 1940-жылға дейін Шұбартау Алматы облысына қараған) Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында 1876 -жылы қой төлдеген уақытта ауқатты отбасында дүниеге келеді. Жастайынан өзінің  пысықтығы мен әкесі Байбатырдың қолдауымен Шұбартау өңіріне танымал Нақысқожадан арабша, кейіннен латынша оқып хат таниды. Көптеген шығыстың хисса- жырларын оқып жатқа айтатын. Өзінің парасаты мен білімділігінің арқасы шығар ол Семей облысы, Шұбартау ауданы, Мадениет ауылдық округі, Бақанас өзенінің бойына (Ақүшкел аталған) 1923-жылы  Тойғарин Бейсенбаймен бірігіп, алғашқы мектеп салдырады.  Ынтасы бар ауыл балаларын Ташкенткке апарып оқу орындарына орналастырады. Солардың бірі – Ибраев  Кәрімді  Ташкентке апарып САГУ-дің (Среднеазиатский государственый университет) медицина факультетіне түсіреді. Ауыл тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, еңбекке тартып, отырықшылық өмірге бейімдеуге септігін тигізеді. Егістік жерлерді суғару үшін

  • ҚҰНАНБАЙДЫҢ САПАРҒА АТТАНАР АЛДЫНДА ҰЛЖАНҒА АЙТҚАНЫ:

    Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жанмын деуші ем. Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де, кейде шәлкес, кейде қия да басып кете беруші ем. Бағыма масайып еркелегенім болса керек. Енді қай дөңнің басында қалармыз, кім біледі. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын. Мен айтарды өзің айтыпсың. Менің арманымды өз арманың етіпсің. – деді Бұл – жүрер алдындағы Құнанбайдың Ұл­жанға айтқан сөзі. Қалың туыс, үйірлі ағайын, шоғырлы бала-шаға, дос-жаран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: