|  |  | 

Саясат Тарих

АЙЯ СОФИЯ НЕГЕ МҰРАЖАЙҒА АЙЛАНДЫРЫЛДЫ?!?

116156190_10158549611208695_2668186308354141402_n
Айя София айланасындағы дауға нүктені қою үшін оның 1934 жылы неліктен мұражайға айландырылғанын білмек ләзім. Бүгінгі ахуалмен өткенге баға беруге болмайды, сол уақыттың шындығын білу шарт.
Осман патшалығы 1-ші дүниежүзілік соғыста жеңілген соң 30 қазан 1918 ж. атақты “Мондрос шартына” қол қойды, бұл шарт бойынша Осман патшалығы жеңімпаз елдердің жеңісін мойындап, ел билігін соларға тапсырып, іс жүзінде ыдырап кетті.
Осман патшалығы жеңімпаз елдермен Францияның астанасы Париж маңындағы Севр (Sevres) қалашығында 10 тамыз 1920 ж. соңғы шартқа қол қойды. “Севр шарты” деп аталған осы халықаралық құжатқа жеңімпаз елдер ретінде: Британия империясы, Франция, Италия, Греция, Жапония, Армения, Бельгия, Польша, Португаля, Хижаз патшалығы, Румыния, Сербия, Чехия, Хорватия қол қойыпты, жеңіліске ұшыраған Осман патшалығы барлық шарттарды мойындап, сол кездегі премьер министрі Күйеу Ферид Паша бастаған ресми делегация осы шартқа қол қойып, бекітіпті.
Севр шартыымен Осман патшалығының жері бес мемлекетке үлестіріліп, әскери саладан аз санды халықтарға дейінгі көптеген мәселеде жеңімпаз елдердің айтқаны іске асқан еді. Ататүрік бастаған “Ұлыттық азаттық күштері” Анкарадағы “Ұлы ұлт мәжілісін” 19 тамыз 1920 ж. жинап, Севр шартын мойындамайтынын әлемге жария етті, сонымен қатар осы шартқа қол қойған Османлы делегациясының барлық мүшелерін “отанды сатқандар” деп жариялады.
Ататүрік бастаған ұлыттық азаттық күштері Түркия жерін бөлісіп, жаулап алған бес елмен төрт жылдай соғысып, бәрін қуып шықты. Осының нәтижесінде жоғарыда аталған “жеңімпаз” мемлекеттер Ататүріктің жеңісін мойындауға мәжбүр болды. 24 шілде 1923 ж. Швейцарияның Лозан қаласында (Lausanne) атақты “Лозан шартына” қол қойылды. Осы құжат осы күнгі Түркия Республикасының негізін қалаған, шекаралары мен ұлыттық егемендігін мойындаған құжат болғандықтан өте маңызды. Лозан шартының қол қойылуы өте күрделі жағдайда болды, келіссөздер өте кернеулі таластарға сахна болып, бірнеше рет үзіле жаздап, тараптар 8 ай дегенде әрең мәмілеге келген екен.116791764_10158546030808695_6920195233360416129_n
Ататүрік 29 қазан 1923 ж. Түркия Республикасының тәуелсіздігін жариялады. 15 жылға жуық соғыстардан шыққан ел, күйреген қалалар, көп ауылдарда ер адам да қалмаған, ешбір өндіріс жоқ, міне Ататүрік осындай ауыр халдегі жас мемлекетті қолға алып, бірден мемлекеттің жағдайын түзеу жұмыстарына кірісіп кетті, реформалар жасады, өндіріс орындарын ашты, оқу орындары мен өзге де басқару жүйелерін енгізді, тоқтаусыз еңбек етті.
Жоғарыда аталған «Лозан шартының» томпақтау екі бабы бар еді, ол кезде оның бәрін мойындатуға шама жетпегендіктен Ататүрік осы оғаш баптарды қабылдауға мәжбүр болып еді, елдің жағдайы басты орыында, амандық болса күш жинаған соң көрерміз деген еді ол.
Осы екі бап мыналар:
1. Осман патшалығынан қалған осы күнгі ақшамен 225 миллиард долларлық қарыз. Ататүрік осы қарызды қайтаруды мойнына алды.
2. Бұғаздар мәселесі: Стамбул және Шанаққала (Дарданел) бұғаздары толықтай Түркияның билігінде емес еді. Түркия осы екі бұғазға өз әскерін қоя алмайды және бұғаздарды Британия, Франция, Италия және Жапония құрастырған комиссия бақылайды.
Міне, Лозан шартындағы осы екі бап Ататүрікті қатты мазалаушы еді, шұғыл мәселелерді еңсеріп алған соң осы екі бапқа да кірісемін деп жүрген Ататүрік амалын тапты. Оның әскери саладағы данышпандығымен қатар саяси-дипломатия және экономика саласындағы шеберлігі халықаралық дәрежеде мойындалған шақта нақты қадам жасады.
Ататүрік Осман империясынан қалған қарыздың осы күнгі ақшамен айтқанда 42 миллиард долларын төлеп еді, бірақ қалған 183 миллиард долларды төлегісі келіп тұрған жоқ еді, бұл жас мемлекеттің иығында тұрған ауыр салмақ еді. Сондықтан, осы қарыздан құтылу керек еді! Осы қомақты ақша қайта ел экономикасының қажеттеріне жұмсалса дұрыс болар еді деп ойлады Ататүрік.
Ататүрік сол кездегі Греция билігімен өте жақсы достық қатынастар орнатқан еді. Совет Одағымен де сондай жақсы байланыстары бар еді, Сталин Ататүрікті қатты сыйлаушы еді. Ататүрік Лозан шартына қол қойған елдерге мәлімдеме жасап, біріншіден Осман патшалығынан қалған қарыздың 90% сылып тастауды және Түркияның аталмыш екі теңіз бұғазындағы егемендік құқықтарының толық мойындалуын талап етті. Стамбул және Шанаққала бұғаздары толықтай Түркияның құзырына өтіп, түрік әскері қоныстануы тиіс еді.116243987_10158546030853695_6168031294386437688_n
Осындай ахуалда Ататүрік Совет Одағы мен Грецияның қолдауын алу және Еуропа елдерінің алдында бір саяси маневр жасау мақсатымен 1934 жылы министрлер кабинеті қабылдаған “Айя Софияның музейге айландырылуы” қаулысын бекітіп, қол қояды. Айя София бүкіл хрисстиан әлемі үшін, әсіресе православие бағытындағылар үшін өте маңызды храм, киелі саналады, мәртебесі өте жоғары, сондықтан Түркияның осы қадамы христиан елдеріне ерекше әсер етті.
Түркия үкіметі 1935 және 1936 жылдары сол кездегі БҰҰ саналған Ұлттар Қауымдастығына ресми нота жіберіп, Лозан шартының осы баптарының күшінің жойылуын талап етті. Совет Одағы және Греция Түркияның осы бастамасын қолдады, Айя Софияның музейге айландырылуына әбден разы болған басқа хрисстиан елдер де келісімге келді. Нәтижесінде 20 шілде 1936 жылы “Монтро бұғаздар шартына” (Montreaux) қол қойылды, Түркия 30 мың әскерді лезде екі бұғаздың жағасына орналастырып жіберді, екі бұғаз толықтай Түркияның бақылауына өтті. Ал Осман патшалығынан қалған қарыздың 90,8% өшіріліп, қалғанына қойылған процент мөлшері азайтылды, Түркия 1944 жылға дейін осы қарызды толықтай қайтарды.
Ататүрік мақсатына жеткен еді, елінің ұлттық қауіпсіздігі және тұтастығы үшін, экономикалық дамуының жалғасуы үшін аса маңызды осы екі мәселені шешіп алған еді. Дегенмен, Айя Софияның ресми меншік Актісін кешеуілдетіп, жоғарыда аталған Монтро шартының бекітілуін күткен ол саяси кемеңгерлігін тағы бір рет көрсетіп, 19 қараша 1936 ж. осы ғимаратты “АЙЯ СОФИЯ КӘБІР ЖӘМИІ ШӘРІФІ” деп, яғыни “АЙЯ СОФИЯ ҰЛЫ МЕШІТ ШӘРІФІ” деп тіркетеді де, Стамбул қаласын жаулап алған Фатих Солтан Меһмед ІІ атындағы қайырымдылық қорының жеке меншігіне өткізеді. Көріп тұрғандарыңыздай, Ататүрік саяси маневр жасап, ұлыттық мүддеге қол жеткізген соң Айя Софияны ресми түрде мешіт ретінде тіркеткен екен.
Құрметті достар, алыпқашпа әңгімелерге сенбеңіздер, зайырлы мемлекетті құлатуды көздейтін радикалды керітартпа ағымдар тарататын ғайбат пен өсектерге инанбаңыздар, осы постты сондай мақсатпен жазып отырмын, дұрыс түсініңіздер. Ататүрік Айя Софияны мұражайға айландыру тактикасымен сол кездегі Түркияның ең маңызды, ең көкейтесті екі мәселесін шешіп алды. Ал Түркияның осы күнгі билігі Айя Софияны мешітке айландырып, қандай ұлы проблеманы шешіп жатыр, нақты қандай мәселені?!?
Суретте: Осман патшалығының премьер министрі Күйеу Ферид Паша Осман патшалығын бөлшектеп, ыдыратқан Севр шартына қол қойып жатыр.
Екінші суретте Севр шартына қол қоюға барған премьер министр Күйеу Ферид Паша бастаған Османлы делегациясының кейбір мүшелері.

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: