|  |  | 

Көз қарас Саясат

Әлем алпауыттарының стратегиялық кездесулері неге жиіледі? (Шағын сараптама)

170264562_2014743708689206_2368507476978042583_n
Наурыздың 18- күні Ақш Сыртқы Істер Министрі Антони Блинкен мен Қытай Сыртқы Істер Министрі Ван И (王毅) Алияскада аса маңызды кездесу жасады. Осы кездесуден соң қос үйекке жіктелгендей болған екі жарты шардың алпауыттары тоқтаусыз стратегиялық кездесулерді бірінен соң бірі бастап кетті.
Ақш СІМ’лері Жапон, Корея, Үндістанмен маңызды кездесулер жасап жатқанда 22- наурыз Ресей Сыртқы Істер Министрі Лавров Гуйлиньде Қытай СІМ’і Ван И-мен кездесті. 24- наурыз Түркия СІМ’і Мевлют Чавушоглу (Mevlüt Çavuşoğlu) Брюссельбегі НАТО СІМ’лерінің басқосуында Ақш-тың СІМ Блинкенмен кездесті. 27- наурыз Қытай-Иран Сыртқы Істер Министрлері аса маңызды тарихи кездесу жасады да аса ірі стратегиялы құжатқа қол қойды. Иран осы маңызды келсімнен соң Орталық Азия елдерін бетке алып 7- сәуір біздің елге келді, оны кеше көрдіңіздер. Ресей 8- сәуір бүгін бізбен маңызды кездесу жасап отыр. Ресей СІМ’і Лавров бізге не мақсатта келіп, қандай ұсыныс жасағанын байқадыңыздар.
Естеріңізде болса он күннің алдында Иран-Қытай 25 жылдық екіжақты стратегиялық ортақ келсімге қол қойды. 400 миллиард долларлық маңызды стратегиялы экономикалық һәм қауіпсіздік келсімнің қабылдануы Батыс пен Ақш алпауыт елдері назарын қатты аударды. Ақш, Қытайдың сыртқы ықпалы Орта Шығыс аумағында негізгі күшке айнала бастады деп болжап отыр(29 наурыз, The New York Times).
Бұл стратегиялық келсімнің алда өңірлік саяси қатынастарға жасайтын әсері бөлек әңгіме. Соның ішінде Иран-Қытай қатынасының Орталық Азияға ықпалы тіптен қызық болмақ. Қытаймен оқшау қатынастар жасау арқылы Орта Шығыста басты күшке айналғысы келетін Иран санкциялардан толық арылды деу қазірше қиын.d6d6dad9-4de5-44e3-b41c-c66d171ef7d6_cx0_cy1_cw0_w1080_h608
Ақш әскері бірінші мамырға дейін Ауғанстан территориясынан толығымен шегінуін талап етіп жатқан Талибандар, 2020 жылғы “Доһа келсімін” көлденең тартуда. Зәудеғалам, Ақш әскері өңірден толықтай шегінген жағдайда Орталық Азияны қандай балама күштер күтіп тұр, сол қызық? Ферғана мен Ауғанстанда террористік іс-қимылдар арта ма, Ресей бұған қандай реакция көрсетуі мүмкін. Бұл бір.
Екіншісі, Қытайдың Иранға жанасуы, ортақ стратегиялы келсімдер жасауы Орталық Азияға бағытталған Қытайдың сыртқы саясатын одан сайын кеңейте түсуі бек мүмкін. Қазір Қытай-Иран-Ресей үш ел өзара экономикалық, қауіпсіздік және ынтымақтастық аясында кезең-кезеңімен маңызды кездесулер жасап, келсімдер қабылдап жатқаны анық (Иран келісімінен бес күн бұрын Ресей қытайға барды, тб дегендей).
Осы келсімдердің дені қауіпсіздік мәселесіне бағытталып отырғаны жайдан жай емес. Қытай 400 миллиард долларлық инвестиция салуға келіскен екен оның қауіпсіз һәм қамтамасыз болуы басты шарт. Бірақ, Ақш-Иран арасындағы ядролық бағдарламаға қатысты дау-шар толық шешілмей тұрғанда және Қытай ықпалының Орта Шығыста артуын стратегиялық қателік көретін Ақш бастаған алпауыт күштердің бұл аймаққа бағытталған сыртқы саясаты одан сайын күрделене түсуі бек мүмкін. Бұл Орталық Азия елдерін де шарпи түспекші.
Үшінші, Қытай-Иран қатынастарының жаңа деңгейге көтерілуі Ресейдің Орталық Азияға бағытталған саясатын да арттыра түседі. Ең басты орында қауіпсіздік пен тұрақтылық тұр. Ресей Украинға әскери сес көрсету арқылы Орталық Азияға да айбарын танытып жатыр. Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургтің кеңейтілген ірі тұрпатты қарулы жаттығуы Орталық Азияны да қамтитынын жанамалай баяндаған баспасөз хабарламасы соны аңғартады. Өйткені жақында ғана өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті Ресейдің басты саяси нысандарының біріне айналғандай. Ресей өңірдегі түркілік жақындасуларды өз ықпалы аясында қарастыруы, өз мүддесіне пайдаланып қадағалап отыруы бек мүмкін. Ресей Түркілік ынтымақтастықты мәдени шеңберде ғана ұстар, саяси түсіністікке баруын түрлі жолдармен шектеп отырады, бірақ толықтай жоққа да шығара алмайды. Өйткені Иран және Қытай факторы бар. Түркілік саяси ортақтықтың аса белсенді болмайтынын Ресей жақсы біледі, өйткені түркілік саяси бірлікке ұмтылушы мемлекеттер бір-біріне қарама-қайшы саяси һәм қауіпсіздік ұйым,одақтарынан бас тартуы тиіс, ал ол қазіргі жағдайда мүмкін емес.170245609_2014743692022541_6778009762754344620_n
Төртінші, Иран қытаймен ірі стратегиялы келсімге қол қойған екен Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы арта түседі. Қазақстан үшін жаңа мүмкіндік те, қауіптің жаңа түрі де туындап тұр. Қаупі қандай қауіп, ал мүмкіндігі қайсы, бұл Қазақ қоғамында сауатты талқыға салынуы тиіс.
Бесінші, Ауғанстандағы күштер Ақш әскерінің елден толық шығуын талап етіп жатқанда Ресей Сібір, Арктика, Орталық Азия, Памир, Қапқаз бен Шығыс Украин маңындағы әскери нысандарын күн сайын күшейтуі “сап таяққа ас ішіп, сабына қарауыл қоятые” әлемдік жаңа текетірестің Орталық Азияға жақын аймақта ушығатынын алдын-ала болжаудан туған болуы да мүмкін. Өйткені, жақында Ташкентте кездескен Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы мүшелері қауіпсіздікке саятын жаңа орақ шешімдерді бірден қабылдады. Ақш бастаған алпауыт елдер Азия-Тынық Мұқит пен Үнді-Тынық Мұқит аймағындағы елдерді жаңа текетіреске сайлауыттап жатыр. Дейтұрғанмен, бұндай болжалды өңірлік стратегиялы қауіптері кейде сол өңірдегі Ресей мен Қытай үстемдігін жаңа белеске көтеріп те жібермекші. Қазіргі саяси технология: “қауіп төндірем деп келмейді, саған қауіп төніп тұр екен” деп келеді емес пе.
Алтыншы, біртұтас Орталық Азия осы кезеңдерде аймақтық держава Қытай және Ресеймен көпжақты ынтымақтастық жасайды. Өзбекстан қытайға көбірек бейімделсе, Қазақ-Қырғыз орысқа жақындай түседі дегендей. Көрші алпауыт елдермен болған жақындасулар Орталық Азияның ішкі саяси түсіністігіне өз әсерін тигізбей қоймайды.
Жетінші, Қытайдың Орталық Азия саясатында Ирандық шиттердің идеялогиялық ұстанымы жанама саяси тактикаға айналады. Қытай Синьцзян (新疆) өлкесіндегі Хотандық аз санды шиттерді келешекте үлкен саяси стратегиялы ойындарға дайындап жатыр. Хотан-Қорасан-Иран дәліздік белдеуіндегі түрлі типтік ерекшелікке ие Шиттік идеялогия жаңа өңірлік проблеманың бастауы болмақшы. Ресей осы қауіпті бәсеңсіту үшін Орталық Азиядағы діни күштермен шыт жаңа ынтымақтастыққа баруы да мүмкін.
Ескерту: суреттер Ministry of Foreign Affairs, Republic of Kazakhstan парақшасынан алынды.
Елдес ОРДА
08.04.2021

Related Articles

  • Мәдениет министрі неге өтірік айтты?

    Өткен аптада Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың Орталық коммуникациялық қызметі алаңында халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, Қазақстандық режиссер Гүлнар Сәрсенова «Нартай» деген фильм түсірді. Былтыр қатаң карантин болмағанда трагикомедия қалың көрерменге жол тартар еді. Әттең, экранизацияның премьерасы салтанатты түрде болған жоқ, дегенмен, интернет беттерінде трейлері қаптап, фильм туралы ақпараттар шықты. Сауал осы фильмге қатысты болған-ды. Өйткені, туындының музыкасын министр жазды. Композитор ретінде шенеуніктің қанша гонорар алғанын білгіміз келді, алайда, Ақтоты Райымқұлова «менің қатысым жоқ, барлық ақпарат жалған» деп, басын ала қашты. Құжаттарда көрсетілгендей, үш миллион алты жүз теңгеге гонорар министр Райымқұловаға бөлінген. Ақпаратқа қолжетімділік елде қамтамасыз етілген. Құжаттар арнайы сайттарда сарнап тұр. Министр неге өтірік айтты екен. Өзіңіз айтқандай, мемлекеттік

  • АҚШ-Қытай-Ресей үштік державаның талас-тартысы Орталық Азияны ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін…

    Шағын Сараптама Естеріңізде болса осыдан бір жарым жыл алдына Ауғанстан және Орталық Азия тақырыбы бойынша бір сұқбат жасаған едік. Сондағы кейбір болжалды түйіткілдер дәл қазір әлемдік саяси аренада кеңінен пікір-таласқа салынып жатыр. Ары қарай… Бірінші, Әлемдік ірі ақпарат көздері АҚШ әскері Ауғаныстаннан толық шегінген жағдайда туындайтын гео-саяси ахуалды қызу талқыға салып жатыр. АҚШ (және НАТО) әскері толық шегінсе Ауғанстан үкіметі елдегі тыныштықты қамтамасыз қыла ала ма; Ауғаныстандағы ислами күштер нені жоспарлап жатыр; Ауғаныстандағы жағдай алдағы кезеңде қытайға қалай ықпал жасауы мүмкін; Қытайдың қандайда бір стратегиялы жоспары бар ма; тб өзекті тақырып қазақ баспасөзінде тәуелсіз һәм тарапсыз талқыға салынуы керек. Екінші, АҚШ әскері толықтай шегінген жағдайда Орталық Азияны қандай қауіп және

  • КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша?

    Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургінің баспасөз қызметі Сәуірдің екінші күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан ары жалғаса беретінін айтқанын білесіздер. Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді. Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық. Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы “қуаныштың” буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып

  • АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекеде Орталық Азия текетірес аренасына айнала ма?

    Рейд СТЭНДИШ Қытай лидері Си Цзинпин (оң жақта) мен Қазақстанның сол кездегі президенді Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға жүк таситын теміржолдың ашылу салтанатында. 8 маусым 2017 жыл. Қытай мен АҚШ арасындағы бақталастықтың артуы Еуразия елдеріне әсер етпей қоймайды. Себебі қос держава да әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда Еуразияға өзгеше стратегиялық көзқараспен қарайды. Бұл құрлық екі держава арасындағы бәсекедегі негізгі аренаға айнала ма? Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы 18-19 наурыз күндері Аляскада АҚШ пен Қытайдан келген ресми тұлғалардың арасында өткен екікүндік келіссөзде айқын көрінді. Кездесуде екі тарап сөзбен шарпысып қалды. Аляскадағы кездесу қос мемлекеттің қарым-қатынасы түзелуі мүмкін деген үмітті жоққа шығарды. Бұл – Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғалы әлемдегі ірі екі

  • ҒҰНДАРДЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ – ҚОҢЫРАТТАР

    (Қоңырат шежіресіне байланысты шығатын жаңа кітаптарға арналған) Авторы: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы Тәуке ханның тұсында қанаттас отырған рулар топтастырылып, өз тұрған өңірлерідегі жаңа Жүз бірлестігіне кірді. 1456жылы Қазақ хандығы ең алғаш құрылған жер Шу, Талас өзендерінің бойы еді. Міне осы қарашаңырақтың орны мен оның айналасындағы Жетісу, Алатау, Қаратау аймақтарындағы рулар Ұлы Жүз деп аталды. Қазақ хандығы құрылған кезден бастап шешуші рол атқарып келе жатқан іргелі алты ұлыс Орта Жүз болып біріктірілді. Олар Алтай-Ертіс, Тарбағатай, Сары Арқа, Сібір, Балқаш, Сырдың орта ағысы өңірлерін алып жатты. Қазақ хандығының құрамына кейінірек қосылған Еділ-Жайықтағы рулар Кіші Жүз болып топтастырылды. Сол кезде Қоңырат ұлысы Орта Жүз бірлестігіне енді. Бұл қазақ үлкен империяның қарашаңырағында отырған ұлт. Бірлікке

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: