|  | 

Шоу-бизнис

Қытай билігін сынаған Джек Маның Alibaba компаниясына 2,8 млрд доллар айыппұл салынды


Джек Ма

Джек Ма

Қытай билігі Alibaba корпорациясына монополия шарттарын бұзды деп айып тағып, 2,8 миллиард доллар айыппұл салды. Бұл – ел тарихындағы ең ауқымды айыппұл. Компанияның негізін қалаушы Джек Ма қазанда Қытай басшыларын жұрт алдында сынаған соң үш айдай жоқ болып кеткен, ал оның тағы бір компаниясының акция сату науқаны кейінге қалдырылды.

Forbes журналы байлығы 65,5 миллиард деп бағалаған, Қытайдағы ең ауқатты адам саналып келген Джек Ма билікке қарсы пікір айтқан соң көп нәрсе өзгерді. 24 қазанда Шанхайда өткен экономикалық форумда Ма “кәрі-құртаңдар ойлап тапқан” реттеу шаралары заман талабына сай емес деп мәлімдеген әрі үкіметті қағазбастылыққа салынып, банктердің мүддесін қорғап отыр деп айыптаған.

Джек Маның алдында сол форумда мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің үзеңгілесі, Қытай төрағасының орынбасары Ван Цишань құттықтау сөз сөйлеген. Бизнесменнің сөзі Цишаньның өзіне айтылған сын деп қабылданды. Бұдан соң Ма үш айдай жұрт көзіне түспей кетті, осы аралықта оның активтерінің құны 15 миллиард долларға арзандады, қазір ол байлығы жөнінен Қытайдағы төртінші адам болып қалды.

Alibaba Group компаниясына қатысты тексеріс желтоқсанда басталды. Еуропа нарығында AliExpress деген интернет-дүкендерімен белгілі бұл компания “сатушыларды тек жалғыз платформамен сатуға мәжбүрледі” деп айыпталды. Бұл тәртіп тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне қайшы келеді, сатушылардың бизнесіне кері әсерін тигізеді деді реттеуші ұйым.

Wall Street Journal басылымына сұхбат берген шенеуніктер Қытай басшылығы Маның бизнес империясының ауқымын кішірейтуге тырысады деген болжам айтты. Бұған қоса билік финтех-стартаптарды бақылау ережесін қатайтып, олардың жұмыс тәртібін банктікіне жақындатуды көздеп отыр.

Қарашада Қытай билігі адамзат тарихындағы ең ірі акция саудалау шарасын болдырмай тастады. Ма құрған Ant Group қаржы компаниясы Гонконг пен Шанхайда ІРО-ға шығып, 34,5 миллиард доллар тартуы тиіс болған. Осыдан кейін компанияның құны Bank of America-дан да қымбаттап, 315 миллиард долларға жетуі керек еді. Алайда саудаға екі күн қалғанда биржаны өткізуге тыйым салынды.

Bloomberg болжамы бойынша, осы ІРО-дан соң Ма әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 11-орынға көтерілер еді. Бұған қоса Пекин Alibaba-дан медиаактивтерін бөлуді талап етті, сонымен бірге Маның элиталық бизнес-мектебі жаңа студент қабылдамайтынын жариялады.

Қытайтанушы Александр Габуевтің айтуынша, Ма мен Қытай билігі арасындағы текетірес тек саясатқа тіреліп тұрған жоқ. Сарапшының пікірі бойынша, Қытай билігі дұрыс реттелмейтін қаржы компаниялары қаржы жүйесіне тұрақсыздық әкеліп, тұрғындардың наразылығын күшейтуі мүмкін деп қобалжиды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • “Ол нағыз қазақ”. АҚШ валюта басқармасы жетекшілігіне ұсынылған Сәуле Омарова кім?

    Дархан ӨМІРБЕК Қазақстан тумасы, АҚШ азаматы Сәуле Омарова АҚШ валюта басқармасының жетекшісі қызметіне ұсынылды. АҚШ президенті Джо Байден банк саласын реттейтін саяси қызметке Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы ұсынды. Сенат оны мақұлдаса, басқарманың 158 жылдық тарихында басшы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел және алғашқы азиат болмақ. 3,5 мың қызметкері бар басқарма мыңнан астам ірі банкті бақылайды. Ал олардың жиынтық активі 15 триллион долларға жуықтайды. Бірақ банктер мен республикашылдар Омарованың идеяларын тым радикал санап, оған қатты қарсылық танытып отыр. Тіпті бір сенатор оны коммунистік көзқарастағы адам болуы мүмкін деп, СССР кезінде жазған диплом жұмысын сұратты. Ал баспасөз құралдары оның әрбір сөзін талдап, биографиясын шаммен қарағандай шұқшия тексеріп жатыр. 55 жастағы Сәуле Омарованың АҚШ

  • Б.Төлегенова атындағы ХІ халықаралық вокалистер байқауы өтті

    Нұр-Сұлтан қаласында Бибігүл Төлегенованың ХІ халықаралық вокалистер байқауы өз мәресіне жетті. Марапаттау, гала-концерт пен байқаудың салтанатты жабылуы 11-қазанда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтіп, ХІ халықаралық вокалистер байқауының қорытындысы жария етілді. Байқау жеңіпазының есімі белгілі болды. Айта кетері – биыл Бибігүл Төлегенованың халықаралық байқауының 20 жылдығы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен сәйкес келіп отыр. Халықаралық байқау әлемнің ең озық сахналарында еліміздің атын шығаратын жаңа жұлдыздарды жарқыратады. Байқаудың гран-при жүлдесі Алматы қаласынан келген жас орындаушы, керемет баритон дауысты Көшкінбаев Дінмұхамедке берілді. Соңғы өткен байқаулардан кейін алғаш рет гран-при Қазақстанда қалды. ХІ халықаралық вокалистер байқауының жеңіпазы Көшкінбаев Дінмұхамед жеңісі үшін ризашылығын білдірді. Әділқазы алқасы өзара кеңеспей, бір ауыздан әншіге жоғары балл

  • Бибігүл Төлегенова атындағы ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды.

    Бибігүл Төлегенова атындағы ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды. Халықаралық байқауға 11 елден өтінім түскенмен, әлемдік пандемияға байланысты шетелдік қатысушылардың саны шектелген. Биыл байқауға 4 мемлекеттен бөлек елдің әр өңірінен жиналған опера өнерінің жас вокалистері Нұр-Сұлтанда бақ сынайды. Байқаудың әділқазылары да Италия, Чехия, Франция, Ресей сынды мемлекеттерден келген өнер қайраткерлері. «Әлемдік пандемияға қарамастан ұйымдастырушылар байқауды өткізгеніне барлық қатысушылар қуанды. Өйткені көптеген іс-шаралар тоқтатылып, қатысушылар, жанкүйерлері, көрермендер офлайн шараларды, әдемі опера өнерін сағынды», – деді РФ Еңбек сіңірген қайраткері Т.Д Новиченко. Чехиядан келген мейман, әділқазы мүшесі, Прага операсының солисі, Коми Республикасының халық әртісі Дамир Басыров «Мұндай байқаулар жаңа ұрпаққа мәдени-адамгершілік тәрбие беру үшін аса қажет. Біз жаңа дарын иелерін анықтап, таныту үшін

  • Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

    Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды. “Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді. Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді. “Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5

  • Өзбекстанның вице-премьері қазақстандық жастарды оқуға шақырды

      Өзбек мемлекеті шетелдік студенттерге биыл 75 грант бөлген Өзбекстан республикасының вице-премьері қазақстандық студенттерді өз елінде тегін білім алуға шақырды. Вице-премьер Азиз Абдухакимовтың сөзінше, өзге мемлекеттің жастары секілді қазақ студенттері де Орта Азиядағы заманауи жоғары оқу орны саналатын Самарқан қаласындағы университетте тегін білім ала алады. Университет өкілдерінің айтуынша, туризм саласы бойынша жоғары, жан-жақты кәсіби білім беретін жалғыз оқу орны тарихи қала Самарқанда ғана бар. Ашылғанына көп уақыт болмаған университет ағылшын тілінде білім береді және түлектер бірнеше елдің дипломын қатар алып шығады. Білім орталығының оқу корпусы жоғары санатты қонақ үйлер сияқты салынған. Ондағы мақсат, туризм саласын басқаратын мамандарға теориялық білім ғана емес, әлемдік сұранысқа сай көрсетілетін қызмет түрлерін үйрету. «Мен Канада,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: