|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

Чунциндегі кездесу

Тарихи сурет428382555_2838186846344884_7985662961388026938_n
Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.;
Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы;
Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао.
Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды.428246391_2838211279675774_7425777896323122375_n
Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар:
Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы;
Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі;
Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі.428263494_2838211253009110_8762311155556471009_n
АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала отырып АҚШ-тың Үрімжідегі өкілетті консулына және консулдық сыртқы барлау қызметіне арнайы тапсырма берді. Соның негізінде АҚШ-тың ресми өкілдері Алтай, Шәуешек және Іле мен Еренқабырға аймақтарын еркін аралап аймақтану және әлеуметтану тұрғысынан көп зерттеу жүргізді.426988683_2838211239675778_3877995177537592854_n
Осы іс-қимыл аясында CIA-дың Шығыс Түркістан туралы ақпараттық базасы қалыптасты. АҚШ журналистері мен сыртқы барлау қызметі мамандары аймақтарды жасырын аралап ақпарат жинады және стратегиялы сараптамалар жасады. Алдағы уақытта CIA материалдарын сіздерге жариялайтын боламын.428361863_2838186769678225_2858674685311573967_n
Сол материалдардың ішінде АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херлидің өзі дайындаған рапорт құжаттары да бар. Ол материалдарда П.Херли Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын көбірек назарға ала отырып әр іс-қимылды барынша обьективті талдап отырған. Сонымен бірге Үрімжіден жеткізілген ақпараттық деректердің базасын дайындап Совет Одағының аймақтағы көңіл күйін тексеріп АҚШ тұрғысынан не істеу керектігін нақтылайтын пікірлер беріп отырған.
Елдес ОРДА
13.02.2024

Related Articles

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

  • ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    Шағын сараптама (Жанабіл Смағұлұлының қазасына арнаймын) Бірінші, ХХ ғғ.-дағы Қытай қазақтарының интеллигенциясын үлкен масштабта үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1911-12 жылдардағы саяси төңкерістен кейін қалыптасқан қазақ интеллигенция. Бұл кезеңдегі интеллигенцияны екі санатқа бөліп қарастыруға болады. 1) Рухани ағартушы интеллигенция; 2) Саяси интеллигенция. Рухани ағартушы интеллигенцияның өзін екі топқа бөлуге болады: бірінші топ, жәдиттік мектептің ағартушылары; екінші топ, қазақы дүниетанымның ағартушылары. Ал, бұл кезеңдегі саяси интеллигенцияны да екі топқа бөліп қарастыра аламыз. Бірінші топ, қазақтың дәстүрлі саяси билік жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенциясы; екінші топ, 1914-1922 жж. шығыстық білім беру жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенция. Екінші, шығыстық білім беру жүйесінің интеллигенциясы 1912 жылғы Пекинде өткен президент сайлауынан соң қалыптаса

  • Шоқай Торғайұғлы

    Шоқай Торғайұғлы

    “Ақмешіт уезінде белгілі қазақ ақсақалдарынан Шоқай Торғайұғлы 23-нші декабрде опат болды. Қазақша атқа мінген жұрт кісісі болғанның үстіне өнер, білімнің керектілігін ерте сезіп, заманға лайық істерге кіріскен адам еді. Мұстафа деген баласы осы күні Петербор университетінде оқып жүр” “Қазақ” газеті, №46, 1914 жыл Суретте: Шоқай Торғайұлы. Сурет Н.Гродековтың кітабынан алынды. Серікбол Хасан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: