|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

Чунциндегі кездесу

Тарихи сурет428382555_2838186846344884_7985662961388026938_n
Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.;
Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы;
Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао.
Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды.428246391_2838211279675774_7425777896323122375_n
Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар:
Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы;
Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі;
Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі.428263494_2838211253009110_8762311155556471009_n
АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала отырып АҚШ-тың Үрімжідегі өкілетті консулына және консулдық сыртқы барлау қызметіне арнайы тапсырма берді. Соның негізінде АҚШ-тың ресми өкілдері Алтай, Шәуешек және Іле мен Еренқабырға аймақтарын еркін аралап аймақтану және әлеуметтану тұрғысынан көп зерттеу жүргізді.426988683_2838211239675778_3877995177537592854_n
Осы іс-қимыл аясында CIA-дың Шығыс Түркістан туралы ақпараттық базасы қалыптасты. АҚШ журналистері мен сыртқы барлау қызметі мамандары аймақтарды жасырын аралап ақпарат жинады және стратегиялы сараптамалар жасады. Алдағы уақытта CIA материалдарын сіздерге жариялайтын боламын.428361863_2838186769678225_2858674685311573967_n
Сол материалдардың ішінде АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херлидің өзі дайындаған рапорт құжаттары да бар. Ол материалдарда П.Херли Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын көбірек назарға ала отырып әр іс-қимылды барынша обьективті талдап отырған. Сонымен бірге Үрімжіден жеткізілген ақпараттық деректердің базасын дайындап Совет Одағының аймақтағы көңіл күйін тексеріп АҚШ тұрғысынан не істеу керектігін нақтылайтын пікірлер беріп отырған.
Елдес ОРДА
13.02.2024

Related Articles

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

  • Доғал шайқасы

    Доғал шайқасы

    1917 жылы Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болды. Бұл Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысындағы ең ірі шайқас саналады. Шайқаста Амангелдімен қатар, оның жауынгер серіктері Ыбырай Атамбеков, Кейкі Көкембаев ерекше ерлік көрсетті. Доғал шайқасы немесе Доғал–Үрпек соғысы – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі А. Иманов бастаған Торғай қазақтары көтерілісшілерінің Ресей Үкіметінің жазалаушы отрядына қарсы соңғы соғысы. Шайқас 1917 жылы 22-23 ақпан күндері Доғал қопасы мен Үрпек қонысы аралығында болған. Бұл кезеңде көтерілісшілердің негізгі күші Торғай қаласынан 150 шақырым қашықтықтағы Батпаққара елді мекенінің маңындағы Жалдама, Торғай өзендерінің бойына орналасқан еді. Ал екінші бөлігі Торғай қаласынан 140 шақырым жердегі Жыланшық өзенінің бойына, үшіншісі қаладан 80 шақырым қашықтықтағы Перовск жолының бойында топтастырылған. Торғайдағы көтерілісті

  • Алаштың алғашқы математиктері

    Алаштың алғашқы математиктері

    Фото: aikyn.kz Математика – адамзат өркениетінің дамуына негіз болған іргелі ғылымдардың бірі. Оның бастауын ежелгі Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай және Грекия өркениеттерінен байқауға болады.  Бұл халықтар математикалық білімнің алғашқы жүйелерін қалыптастырып, арифметика, геометрия, алгебраның негіздерін қалады. Кейінгі орта ғасырларда араб-мұсылман әлемі математика ғылымының дамуына зор ықпал етті. Әл-Хорезми, әл-Фараби, Омар Хайям, Насиреддин Туси сынды ғалымдар алгебра, тригонометрия, сандар теориясы мен астрономия салаларында жаңалықтар ашып, кейінгі еуропалық ғылымға негіз қалады. Бұл үрдіс түркі халықтары қоныстанған аймақтарға да әсер етті. Қазақ даласында математикалық білімнің өзіндік ерекшеліктері болды. Көшпелі өркениет тұрмыс-тіршіліктің қажеттіліктеріне негізделген математикамен тығыз байланыста дамыды. Қазақ халқы астрономиялық есептеулерге сүйене отырып, уақытты анықтау әдістерін қолданды, геометриялық принциптерді жер өлшеуде, құрылыс салуда,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: