|  |  | 

Руханият Әдеби әлем

Сөз сардары

Бүкілхалықтық мерекеге ұласқан ақын тойынан қайтып келе жатырмыз. Аққу ұшып, қаз қонған қайран Қарасаз артта қалды. Таңғы шығы бейкүнә сәбидің көз жасындай мөл­тіл­деп Шалкөде қош-қош айтқандай. Елшенбүйрек бауыр басып елеңдеді, Хантәңірі бозбұйра ақ жаулықтай бұлттарымен қол бұлғады. Мәңгі мұзарттардың құж-құж жартастар қиясынан мүйізі кішігірім шаңы­рақ­тай құлжалар қылт ете қалатындай, намысты найзағайға жанып, жасы­ғанға жігер қосып, қайсар қайратты­лыққа шақырып, мұзбалақтар шаң­қылы естілетіндей… Қоғамдық көліктің іші гу-гу, абың-күбің әңгіме. Бір уақытта у-шу сілтідей тына қалып, кенет ария естілді. Әміре мен Күләшті ұйып тыңдаған жұртқа оқыс күшті дауыс онша таңсық болмаса да, бірте-бірте баурап, елеңдете бас­тады. Софы (Со­фиян) Сматаев үлкен жол үстінде бізді осылай қай­ран қалдырып еді. Шоқанның досы Г.Потаниннің лебізі біртүрлі шын­дыққа айналғандай: «Күллі қазақ даласы маған ән салып тұрғандай болып көрінеді».

Сол әнқұмар жүрек туған хал­қының қасіреті мен қуанышын өлең, қара­сөзбен жырлап тамсантқан болатын. Софы екінші мүшелге толмай жатып «Елім-айдың» алғашқы кі­табын жазды. Тағы да табынушылар тобы кө­бей­ді. Эпопеяға бергісіз трилогия­дағы елдік пен ерлік жыры ел-жұртты ерекше елең еткізді. Құ­лашы кең шығарма көркемдік қуа­тымен соны сипат алып, әдебиет әлемінде құбы­лыс болып қалды. Иесі сөз­станның саңлақ сардарына айналды. Мұндай туынды туған хал­қын, оның кешегісін, бүгіні мен келешегін жан-тәнімен сүйіп, ізгі арман-мұратын аңсап, ордалы ой кешетін жанның қолынан ғана шығады.
Кімнің тұзы жеңіл екеніне уақыт төреші. Бұны базбіреулер әдейі бай­қамағансып, мойнын сыртқа салды. Бірақ шындық бәрібір мойындалды. Қашанда шабыттың шынары тас жарып шығады. Кезінде көзжұмбайлық жасаған сыншылар роман табиғатын тап баспағанымен, ойлы туындының төркінін танып, жақсы пікірлер біл­дір­ді.
Тарихи тақырып қазақ әдебие­тіне жат емес. М.Әуезовтің «Абай»,   С.Мұ­қа­новтың «Аққан жұлдызы» – мер­зімдік, мезгілдік туындылар емес.   І.Есенберлиннің «Көшпенді­ле­рі», Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тері» қа­зақ тарихының ойсыраған олқы­лық­тарын толықтырса, Ә.Кекіл­баев, М.Мағауин, С.Сматаев сияқты санаткерлер шоғыры шоқжұлдыздай жар­қырады.
Біздегі біреудің қаңсығын таңсық көретін «кафкашылар» мен «хемин­гуэй­шілер» мәселенің терең байбына бармай, тұлыпқа мөңіреп жүр­гендей ме, қалай… Ешқандай «измдер» ұлт­тық өнердің көсегесін кө­гертпейді. Қаншама «жаһандану» деп жарғақ құлағымыз жастыққа тимегенмен, оның жарылқайтын түрі көрінбейді. Сол Кафка өзекті өртеген ойларын күнделігіне түсіргенде адам зәузаты­на да, өзіне де көңілі көншімейді:
«Кеше бір сөз түрткенім жоқ. Бүгін де жағдайым онша мәз емес. Мені бұдан кім құтқарар екен?
Егер мен қателеспесем, тазара бастағандаймын. Бейне бір ну жыныс ішінде рухи айқас жүріп жат­қандай әсер билейді. Мен орманға еніп, әлсі­регендіктен ештеңе таппай кері оралдым; сол маңайдан ба, әлде солай көріне ме, шайқас кезін­дегі қару­дың сыңғырын естимін. Тастүнек ішін­де жауынгерлердің назары маған түсе­тіндей, мені із­дейтіндей, бірақ олар туралы менің мағлұматым сондай алдамшы…
Соза беріңдер, доңыздар, өз біл­ген­деріңді! Оған менің қатысым қанша?!
Мен сендерге шындығымды айтып тұрмын. Бәлкім, бәрі машық­тануға тіреліп тұрған шығар. Әйте­уір, бір күні жазуды үйренетінім анық…».
Әрине, ешкімнің қағанағы қарық, сағанағы сарық емес. Софы да аума-төкпе заманда өмір сүріп, қоғамның қоясын ақтарып, ешкімге ұқсамай жазғысы келді. Ол да Ф.Кафкадан үйренді. Үйренді де жиренді. Жұмыр басты пенденің күйін кешіп, сезім шым-шытыры­ғына толы шығармала­рына үйрен­ген­дерін арқау да етті. Ол Гете, Флобер, Достоев­ский есімдерін бекерден бекер еске алмайды.
Ешкімнің аяғы аспаннан салбырап түспейді. Мұқағали «Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жа­уып өзіне қайтара­мын» десе, Жұме­кен­нің «биік өкше кигізе­мін» дейтіні де жай­­дан жай туған жоқ.
Поэзия – сен менің ғашығым ең,
Мәжнүнің ем!
Лапылдап асығып ем.
Асығып ем,
Алдыңда бас ұрып ем.
Шашылып ем,
Суынып басылып ем…
Софы Сматаев та әдебиет әулие­хана­сының табалдырығын осылай аттап, өлең өлкесіндегі жыр жалауын желбіретіп жоғары көтеріп келеді. Ол қара сөзге ауысқанда «Елім-ай­ды» тудырды. «Елім-ай» үшемі (трилогиясы) қай уақытта да сүбелі шығарма болып қала береді. Бұл романдар топтамасы – оның өзінің ғана емес, күллі қазақ әде­бие­тінің зор олжасы. Қожаберген жыраудан кейін халық азасын дәл осылай жан-жақты көрсе­тіп берген, шынайы шындықты ашып көрсеткен шығарма болған емес.
С.Сматаев «Елім-айға» дейін де, одан кейін де үлкен өмір мекте­бінен өтті. Ал­маты­дан ауысып, Мәс­кеуде оқыды. Әртүрлі қыз­­мет­тің дәмін татты. Ме­таллург болып, болат бал­қытты. Биік лауазым қумай, орақ пен балға қыспа­ғын­да жү­ріп, тоғыз роман, он үш хикаят, он төрт пьеса, жиырма екі дастан, төрт киносценарий, бес либретто, жүзден аса мақалалар жазыпты. Және қандай! Әде­биет­ті ешбір лауазымға айырбастамай, шығар­ма­шылыққа біржолата ден қойды.
Жалпы, жазушының шығарма­шы­лы­ғын тұтастай қарастырғанда ғана оның бет-бейнесі барынша ашыла түседі. Софының шығарма­ларында да тотияйындай ойып түсетін ойлар, ширыққан оқиғалар, тартысқан тағ­дырлар, шарпысқан мінез-құлық пен ірі іс-әрекеттер молынан ұшы­расады.
Қазақ даласы даналыққа, бек­зат­тық пен тектілікке тұнып тұра­тыны сирек болса да айтыла бастады. Бірде «Егемен Қазақстанда» үш би туралы жазу мәселесі туындады. Таразылай келіп, Әйтеке биді – Әбіш Кекілбаевқа, Қаз дауысты Қазыбек биді – Софы Сматаевқа тапсырдық. Кейін «Дәуір» баспасынан Шерхан Мұртазаның алғы­сөзімен сол мәйекті мақалалар «Үш пайғамбар» деген атпен кітап болып басылып шықты. Сол Қаз дауысты Қазыбек Келдібайұлының «Елім-айда»: «Арқа-басты аяз қарығанда анау қырғын-сүргінге ұшыраған қа­лың жұртыңның қасіретін сәл кемітер­дей дәрмен таба алмайтының қинай­ды екен. Ақыл серік, амал іздегенің­мен қамалы көп тірлік қабырғасына тірелтіп өткел бермейді. Не істер­міз?» дейтіні бар. «Не істерміз?». Бұл сауал сан ұрпақты толғандырып келеді. Беймаза сұрақтың кейінгі толқынның алдына да кесе көл­денеңдеп тартылатына күмән жоқ.
Софы Сматаевтың Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Мұңлы ойларында» да сұрақ көп. «Адам неге әл­сіз, адам неге әлжуаз? Қай қаламгер болмасын осы сұраққа өз көкірегінен жауап іздеумен келеді» дейді ол оқыр­манмен ой бөлісіп. Жалпы, Со­фы Сматаев осындай қиын, күрделі сұрақтарға жауап іздеуге құмар. Шеберлік шыңына шыққан сөз сардарына мұндай биік ұстаным, әрине, жарасады да.
Аян-Сейітхан Нысаналин.
Көрнекті қаламгер, белгілі қоғам қайрат­кері Софы Сматаевтың 75 жасқа толуына арналған кеш 27 маусымда сағат 16.00-де М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында өтеді.
Келем деушілерге есік ашық.
zhasalash.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: