|  |  |  | 

Жаңалықтар Мәдениет Руханият

Түрік музыкантының «Ясауи жолы» кеші

2016 жыл ЮНЕСКО тарапынан әлемдік деңгейде халықаралық  «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жарияланды.  Мерейтой аясында Түрік мәдениет  орталығы,  Түркияның Қазақстандағы елшілігі және Қазақ Ұлттық өнер университетінің қолдауымен әлемге танымал түрік пианисті Тулуйхан Уғурлу ағартушы ғалым Қожа Ахмет Ясауиға арнап жазған шығармаларын орындап,  Астанада музыкалық кеш өткізді. 850 жыл бұрын қазақ даласында дүниеге келген Қожа Ахмет Ясауи көрерменге музыка тілімен қайта жаңғырды. Батыс әлі қараңғылықтың түнегінде жатқан кезде Қожа Ахмет Ясауи бабамыз ұсынған «ойлану және еңбек ету ғибадат» философиясының Селжук пен Осман императорлығы кезеңіндегі мәдениет, мемлекет, дін жүйесіне жасаған ықпалы сахнада кең тарқатылды. Композитордың айтуынша, Қазақстан жұмхриетіне тарту еткен «Ясауи жолы» атты композициясын 8 ай бойы жазып, нотаға түсірген. – Ислам әлемінде ғұламалар көп. Бірақ Қожа Ахмет Ясауи ұсынған жол – Алла мен адамның арасын байланыстыратын кедергісіз жол.  «Диуани хикмет» шығармасында да осы ой басты негізге алынған. Бүгінгі адамзат баласы Ясауи жырлап өткен сүйіспеншілік пен мейірім, ықылас пен махаббат сияқты асыл қасиеттерге мұқтаж,– дейді пианист Тулуйхан Уғурлу. Аталмыш шығарма 22 қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауидың туған жері Түркістан қаласында орындалады. Тулуйхан Уғурлы Ясауидің туған жерінде және  Астаналық  көрермендер алдына шығып ғұлама бабамызға арнаған шығармасын орындау толқынысты сәт екендігін айтады: «Жырақта бір ғұламаға арнап шығарма жазасыз және оны сол ғұламаның туған жеріне  барып орындайсыз. Бұл дегеніңіз сөзбен жеткізіп айтуға болмайтын бақыт! Қазақстан, Ясауидің жүріп өткен жерлері, Түркістан және Шымкент мен үшін өте қымбат, қасиетті орындар. Бұл жерлерді барып көру борышымыз, міндетіміз». Тулайхан Угурлу 2003 жылдан бастап, классикалық музыка әлемінде алғашқылардың бірі болып концерттерін залдарда емес, тарихи мекендерде өткізе бастады. Угурлу 2006 жылы Dünya Başkenti İstanbul (Әлемнің Бас қаласы Ыстамбұл) атты альбомын жарыққа шығарып, музыкалық кештерін әлемнің 250-ден астам түрлі тарихи мекендерінде өткізді. Кеш барысында сөз алған Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай келе, туысқан екі елдің ортақ мәдени тұсын дәріптейтін бүгінгі кештің маңызы зор екендігін айтады: – Құрметті қонақтар мен қадірменді өнерсүйер қауым, қазақстандық бауырлар. Астанада әлемге танымал түркиялық Тулайхан Угурлудың музыкалық кешінде өздеріңізбен қауышып отырғанымызға қуаныштымын. Биыл ЮНЕСКО белгілегендей халықаралық  «Қожа Ахмет Ясауи жылы». Осыған орай композитор Тулайхан Угурлу Ясауидың рухани мұрасына арнап шығарма жазды. Бұл шығарма алғаш рет Ясауи бабамыздың туған жерінде орындалып отыр. Қожа Ахмет Ясауи – ғалым, философ, сопылық және рухани әлемнің көшбасшысы. Ағартушы ғалымның ойлары өзі өмір сүрген 12 ғасырдан бастап Орта Азияда ғана емес, Анадолыдан Балқан түбегіне дейінгі аралықта рухани шамшырақ болды. Бірлі, ынтымақ тақырыбында, жаратқан мен тіршілік иелеріне сүйіспеншілік, адамзат баласына ортақ асыл қасиеттерді жырлады. Исламның нағыз қағидаларын көрсететін Ясауи ілімі – бейбітшіліктің, қайырымдылықтың ұстанымы,– дейді елші. Тулуйхан Уғурлу «дәл қазір елде қалыптасқан ауыр сәтте Түркияға қолдау білдірген сөзіне берік бауырлас ел Қазақстанда өнер көрсету үлкен мәртебе» екендігін айта келе, Ясауидің философиясына қатысты көзқарасын былайша түйіндейді: «Ағартушылық үдерісі алдымен бізде, ал Батыста бізден кейін бастау алды. Яғни, елдің түсінігіндегідей әлем Ренессанс дәуірінен бастап қайта жаңғырып өрлемеді. Әлем Азиядан Анадолыға, Анадолыдан Балқанға қарай шашыраған сәулемен түледі. Ахмет Ясауи түркі халықтарына ең қарапайым және ең дұрыс жолмен Исламды танытты. Селжук және Осман империясының қарапайымдылығы, даналығы, күш-қуаты мен жетістігінің түп негізі Ясауи жолымен сусындауында жатыр. Қожа Ахмет Ясауи «білім – адамды Аллаға табыстырған және жаратушыны тануға апаратын жол» деп айтқан ұлы тұлғамыз. Сондықтан, алдымен өз құндылықтарымызды ұлықтап үйренуіміз керек деген ойдамын. Бұл ұзын жолда атқарылатын қыруар іс бар. Бұл істің ірге тасы мен түп қазығының бірі – құл Қожа Ахмет Ясауи». Тулуйхан Уғурлу 1965 жылы 15 қарашада Ыстамбұл қаласында туған. 4 жасынан бастап Ыстамбұл консерваториясының пианино бөлімінде оқыған. 7 жасында мемлекет тарапынан ашылған «Талантты  балалар сынағын» тапсырып, жоғары музыка білімін шет елде жалғастыруға мүмкіндік алды. Лицей және консерваториядан кейін білімін Вена музыка академиясында жалғастырды. 1996 жылы Түркияда İstanbul Kanatlarımın Altında (Құшағымда Ыстамбұл) атты фильмге жазған музыкасымен есімі елге танылды. Республиканың 75 жылдығына арнап Mustafa Kemal Atatürk ve Güneşin Askerleri («Мұстафа Кемаль Ататүрік және Күн әскері»), Түркияда болған зұлмат зілзаладан кейін Şehrin Gözyaşları («Қаланың көз жасы») атты шығармаларын жазды. Әр түрлі деректі музыка да жазатын пианист соңғы шығармаларын Beyazıt’ta Zaman («Беязытта уақыт») атты альбомында жинақтады. Дәл осы кезеңде алғашқы симфониясы болып табылатын Senfoni Türk-ті («Түрік симфониясы») аяқтады. Бұл шығармасында түрік классикалық музыкасында тұңғыш рет симфония оркестрін, мехтер тобымен (ұлттық әскері аспаптық топ), түрік музыкалық аспаптары мен пианиноны бірге үндестіріп жаңа түр қалыптастырған.


Ая ӨМІРТАЙ Суреттер әншінің жеке мұрағатынан алынды el.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: