|  |  |  | 

Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

ІЛЕ УАЛАЯТЫ ҚАЗАҚТАРЫ

Kerey.

Бұл Шың Дубан (盛世才/ Шың Шы Сай) дәуірі (1933-1944 жж) кезінде Іле уалаятында жасаған ҚАЗАҚтардың тұрмыс-тіршілігі көрсетілген көне суреттер. Сіз суреттерден 30-шы жылдарда Іле уалаяты, Іле өзен аңғары өңірінде жасаған ҚАЗАҚтардың тіршілік бейнесін шынайы көре аласыз. Шың Дубан (盛世才/ Шың Шы Сай) билікті қанды төңкеріспен тартып алған соң көп өтпей арнайы комиссия ұйымдастырып xалық санағын жүргізген. Бұл Дубан үкіметінің (Шың Шы Сай) саяси қианаты мен қаскөйлігінің бастауы блды. Комиссия xалық санын жүргізу, жер-су, аумақ иелігін анықтау, құрал-жарақты тіркеу, мал басын есептеу, xалық тұлғаларын xаттау (Мәселен; Гүң, Уаң, Бейсі, Тәйжі, Үкірдай, Ақалақшы, Зәлің, Шаңя, Манпаң, тб билік тұлғалары) шетелден келген немесе шетелде оқыған (Ташкен, Алматы, Семей, Зайсан, Қазан, Ыстанбұл, тб) зиялыларды (30-шы жылдары бір Алтай уалаятының өзінен 300ден астам адам Совет одағында білім алған) тіркеу, Кітаптар (Құран, Қадыс, Тәпсір, Шежіре, Қазақстан, Түркия, Қазан, Ұфадан әкелінген кітаптар, оқу құралдары, тб) сияқты құжаттарды жинап алып Диxуада (Үрімжіде) “Біртұтас Қазақ-Қырғыз-Мұңғол құрылтайына” (қысқаша үшұлт құрылтайы дейді) шақырған. Диxуада ашылған үшұлт құрылтайы шынтуайтында құрылтай емес, алдамшы тұзақ еді. Шығыс Түркістандағы бүткіл ҚАЗАҚтың игі-жақсыларын, зиялыларын, ел ағаларын Диxуада (Үрімжіде) түрмеге қамалды, сұрақтарға тартылды, ол ол ма Диxуа (Үрімжі) маңайына (Ұланбай сияқты жерлерге) жүздеген ҚАЗАҚты топыраққа тірідей көмді. Бұл қорлықты көзімен көріп “тамұқтан” тірі шыққан Таңжарық ақын өлеңінде:

Бәрі қан Үрімжінің айналасы,
Ескі там, ұңғыл-шұңғыл, сай-саласы.
Ішегін өлген жанның иттер сүйреп,
Домалап, қарға шоқып жатыр басы.

Барсаңдар Үрімжінің қаласына,
Көзің сал қалтарыс сай-саласына.
«Ұмытпа өле-өлгенше осыны» деп,
Тапсырып кет балаңның баласына.

Алаштың игі-жақсысын абақтыға тоғытқан соң бассыз, басшысыз қалған арт жақтағы ел Алтайда, Іледе ұлт-азаттық көтерлісті бастаған. Ақиқатты оқпен шешуге белбайлаған. Бұл туралы аз айтылмады, аз жазылмады. Сол кеде “қан сасыған” ескі Диxуаның (Үрімжінің) да суреттерін қоса кетуді жөн көріп отырмын.

40-шы жылдары Шыңжаң үкіметіның жүргізген ішкі санайғағы бойынша (Шыңжаң үкіметі ішкі құжаттары) Іле уалаятында 210 мың 672 ҚАЗАҚ (екі жүз он мың алты жүз жетпіс екі), 76 мың 229 ұйғыр (жетпіс алты мың екі жүз жирма тоғыз), 27 мың 661 қытай (жирма жеті мың алты жүз алпыс бір) болған екен. Іле уалаятындағы Қазақ аудандарының әкімшілікке бөліну кезеңі 30-шы жылдары қарқынды жүрілді. Бір аудан аумағынан бөлініп жаңа аудан немесе жартылай аудандар қалыптасты. Бұрын Ақалақшы немесе Үкірдай болғандар аудан әкімі немесе әкімнің орынбасары болды. Жоғартында айтылған аталмыш санақта Іле өзені аңғарын мекендеген ҚАЗАҚтардың нобай саны. 1916-шы жылдары Қазақстаннан өткен Албан елінің Іледегі саны анық емес. Қалғандары мен қайтқандары қанша, қырылғаны қаншалық ешкім нақты айта алмайды және олар Іледегі санаққа қаншалық толық кіргізілді, белгісіз?! Тағы бұл Санайғақта 40-шы жылдары Шығыс Түрістандағы Ұйғырлардың негізгі ұзын санын 2 миллион 800-900 мың яғни шамамен 3 миллион деп көрсеткен. Жоғарда мен Іле уалаяты Қазақтарының санын деректер негізінде беріп отырмын. Іле Уалаятына ол кезде Бұратала қаласы, Арасан ауданы, Жың ауданы бірдей қарап тұрған. қазір аталмыш бір қала екі аудан Іле уалаятынан айрылып жеке Бұратал облысы деп құрылды. Бұдан тыс Тарбағатай уалаяты (Қарамайлы мен Майтау бірге) Қазақтары, Алтай уалаяты Қазақтары, Үрімжі уалаяты қазақтары (бір мезгіл Үрімжі-Баркөл уалаяты деп аталған) санайғағы тұрақты емес. Бөкенің елі Еренқабырғаны басып Тибетке асуы, Алтай уалаяты Қазақтарының Еренқабырғаны бойлап Баркөлді басып Гансу, Цинxай провинциясына қотарылуы, 30-шы жылдардың соңында басталған азаттық соғыс, үркін, қырғын, толассыз аштық, жұт т.б себептерден түтін саны, кісі бас саны анық құжатталмаған. Қалқа үкіметі қарулы әскер шығарып Алтайдың теріскей бетін тартып алғандықтан БайӨлке құрамында қалған қазақтар кейінгі Алтай Уалаятының құрамына (1920дан соң) кірмейді. 40-шы жылдары Төменгі Алтайдің жарты елі Қазақстан Зайсанға, жартысы Қобда асып айнала өтіп Өр Алтайға (Көктоғай, Шіңгілге) бірақ қотарылып көшкені себепті елді-мекендер қаңғырап қалған жағдай көп болған. саны сол себепті тұрақты болмады немесе болжал санақ болды деп тұспалдаймыз. Алтайдың Бөкейxановы Шәріпқан КӨГЕДАЙҰЛЫ өзі бас болып қолға алған “Шыңжаң-Алтай” газетінде (газет аты кейін Ерікті Алтай-ға өзгерген) 1938-шы жылы бір мақаласында Шығыс Түркістан Қазақтарын 500 мыңнан асып жығылады деп көрсеткен. 1912-шы жылы Пекинде саяси төңкеріс туылып Манжулар билігін ұлтшыл демократиялық қытай үкіметі тартып алғанда алғаш рет санақ жүргізілген. Сол кезде (1912) Шыңжаң өлкесінде Қазақтар 210 мыңнан астам деп көрсетілген. Бірақ ол кезде Алтай уалаят емес жеке Өлке ретінде Пекин әкімшілігінің тіке басқаруында болғандықтан Шыңжаң өлкесінің санағына кірмеген. Алтайдың 1920-шы жылға дейінгі бүтін құжаты ҚОБДА мен ПЕКИНде сақтаулы. 1916- шы жылға дейін Тарбағатай уалаяты, 1914-шы жылға дейін Іле уалаяты Шыңжаң өлкелік билігін мойындамай сырттай бағынышты іштей жеке әскери билік ұстанған. Тіпті Іле Құлжа билігі мен Шыңжаң өлкелік Диxуа (Үрімжі) билігі арасында 30 жыл саяси текетіресу болған. 1914-шы жылы Диxуа үкіметі Құлжа билігін жеңіп Іле уалаятын тіке Шыңжаң өлкелік билікке қаратып ” 30 жылдық текетіреске” нүкте қойған еді. Айтпақшы, 34-шы жылы “Ұйғыр” атауын тұрақтандыру туралы өлкелік үкімет арнайы қаулы шығарған. Сол жылдары саны жағынан Татардан көп НОҒАЙлар біртұтас “татар” атауына өзгертілген. Үрімжідегі “Ноғай мешіт” атынан бұл өңірде Ноғай бауырларымыз көп болғанын білуге болады. Біреу білсе біреу білмес, Үрімжідегі “Ноғай Мешіттің” 70-шы жылдарға дейінгі имамы мен азаншысы Қазақтар болған. Кейін он жыл “мәдениет революциясы” кезінде мешіт жұмысын тоқтатып қайта ашылғанда ұйғырлардың қармағына өткен.

Орда ЕЛДЕС
11.01.2017

kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: