|  |  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият Қазақ шежіресі

  Ұлы дала дәстүрі

6ccea822f620a10c9b4c70ecd14bb7dc

Иә,Ұлы дала дәстүрі ғасырдан ғасырға ұласқан  бай мәдениетке ие.Оның ең алғашқысы бүкіл адамзаттың санасына сілкініс жасаған мистикалық дәстүр.Ол табиғат пен тығыз байланыста болды.Ежелгі адамдар табиғаттың әртүрлі қатал құбылыстарына төтеп бере алмады.Адам өзінің әлсіздігін сезінгенде көзге көрінбейтін құдыретке табынып жалбарынатыны анық.Міне осылай дала аңыздары пайда болды.Сол аңыздар адам санасында құдай туралы ұғымды қалыптастырды.Жер сілкінісі,жаңбырдың жаууы,дауыл тұру,сел жүру,найзағай жарқылы.т.б.табиғи құбылыстарды ежелгі адамдар құдай жасады деп түсінді.Созса қолы,шыңғырса даусы жетпейтін күн мен айды ежелгі адамдар құдайдың өзі деп бағалады.Соған мұңын шағып,күш қуат сұрап жалбарынды.Жер бетіндегі ең көне Тәңіршілдік дәстүрінің негізі осы кезеңдерде қаланды.Тәңіршілдікті біреулер дінмен шатастырады.Бұл қате пікір.Тәңіршілдік пәлсафасы тек дәстүрмен сабақтас ұғым.Кеиіннен пайда болған әртүрлі діндердің ықпалына ұшырап діни жоралғыларды бойына сіңіріп алды.Тәңіршілдік дәстүрі табиғатпен тығыз қарым қатынаста кең қанат жайды.Жер бетіндегі қыбырлаған тіршілік иесінің бәрінде жан бар.Жаны бардың иесі бар.Иесі бардың киесі бар.Яғни басқарушы пірі.Ол тіршілік иесін тоқтату үшін әуелі піріне сөз салады.Пір Тәңірден рұхсат алады. Тәңір қандай шешім қабылдаса тағдыр солай шешіледі деп түсінген.Қазақта « пешенесіне не жазылса бала соны көреді» деген тәмсіл бар.Тәңір көзге көрінбейтін тіршілікті басқарушы құдрет иесі.Тәңір деген сөздің ұғымы таңнан іңірге дейін билік жүргізуші құдрет иесі деген түсінік.Ол шыққан таңның арайымен бүкіл жер бетіне тарайды.Яғни жерге,адамға жан беріп нұрландырады.Оның орны көк аспанда деп түсінген.Ежелгі түркілер тәңірден тілеу тілеп,аруақтарды қатты қастерлеген.Жауласқан жақта ата бабаларының зираты болса оны қайтару үшін жанын пида еткен.Аруақ кешірмейді деп түсінген.Тәңірден тілеу тілегенде биік тауға, болмаса биік төбенің басына барып тастарды үшбұрыш  етіп қалайды.Сосын атып келе жатқан таңға қарап,қолын көтеріп, алақан жайып тілеу тілейді.Ал аруах деген сөзді екі мағнада түсінуге болады.Бірі  Ар-рух  «арулап жерленген адамның рухы тірілерді қорғап қоршап жүреді» деген түсінік.Қазақ  әлденені күшке салғанда «я аруах»деп айғайлайтыны  сол себебті.Екіншісі «арың таза рухың мықты ма?» деген мағана.Тәңірдің кең тараған өсиеттерінен жер бетінде әрттүрлі кітаптар жазылып,діндер пайда болды.Тәңірдің он екі өсиеті бар.Бірінші өсиет-адамгершілік.Яғни адамды дініне,нәсіліне,тіліне қарап бөлме.Адамдық қасиетіне қарап бағала,сенім арт.Бұл бүкіл адамзаттың басын біріктіретін құнды өсиет.Бірақ әр халық өзіне ыңғайлы дін жасап өзгелерге үстемдік еткісі келді.Дәл осы жерде адамдар арасында идеалогиялық қайшылықтар пайда болып қантөгіс басталды.Сол қантөгіс ғасырдан ғасырға жалғасып келеді.Бұның соңы адамзат бір бірін жер бетінен жойып жіберумен аяқталатыны ақиқат.Сондықтан адамзат діни идеалогиядан саналы түрде бас тартып,ежелгі тәңіршілдік,дәстүршіл мәдениетке қайта оралуы керек.Бас тарту дегенде дінді түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес.Дін бола береді.Бірақ үшінші деңгейге түсуі керек.Бірінші заң,екінші дәстүр тұруы тиіс.Діни идеалогия/қандай ағым болсада/адамның ерік-жігерін әлсіретіп,рухын жойып масылдыққа бейімдейді.Масыл адам қызғаншақ болады.Олар еңбекпен байыған адамдардың табысын қызғанып тартып алғысы келеді.Ашық тартып алса қылмыстық жауапқа тартылатынын біледі.Сондықтан қулыққа барады.Бай адамды үгіттеп әлдебір дінге кіргізіп алу.Кіргізген соң «бауырым» деп басын айналдырып теспей сорады.Дін қазіргі замандағы табыс табудың ең оңай жолына айналды.Діннің атын жамылып қылмыс жасап жүргендер ел ішінде кездеседі.Олардан қоғамды тазарту керек.Қазір оны қолға алмаса ертең олар ықпалды күшке айналып кетеді.Себебі діни фанаттарды пайдаланып мемілекетке қауып төндіретін жат пиғылды адамдар бар.Қазақстан христиан,ислам,будда,католик діндерінің ортасында тұр.Осы қоршаудан шығу үшін Қазақстан әлемге өзінің жаңа діни концепциясын ұсынуы керек.Ол концепция ежелгі адамзаттың басын біріктірген Тәңіршілдік концепциясы болуы шарт.Сонда Қазақстан  Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырады.Мәңгілік ел идеясы адамзаттың басын біріктіріп тату-тәтті өмір сүру қағидасы.Ендеше Тәңіршілдік концепциясы халықтар достығын нығайтудағы таптырмайтын құрал.Бүкіл адамзатты қантөгіс пен қызғаныштан құтқаратын бірден бір дұрыс жол осы.

Сұлтан Қаған

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: