Али Гасанов: Әзiрбайжанды да қолшоқпар еткiсi келетiн мемлекеттер бар
Жақында Бакуде “Әзiрбайжанның ұлттық баспасөзiне – 140 жыл” атты үлкен ғылыми-практикалық конференция өттi. Осы конференцияда Әзiрбайжан президентiнiң көмекшiсi, белгiлi саясаттанушы Али Гасанов былай дедi: “Отан, ұлт, халық. Әрбiр Әзiрбайжан журналисi өзiнiң осы үш ұғымға, үш мәселеге байлаулы екенiн ешуақытта ұмытпауы керек. Әсiресе, бұл жерде “отаншылдық” деген мәселеге ерекше назар аударар едiм. Әзiрбайжан секiлдi жас мемлекеттiң қазiргi журналистикасы отаншылдықты ұдайы алға шығарғаны, алға шығарғанда да бiрiншi орынға қойғаны жөн. Отаншылдықты ешуақытта екiншi планға ығыстыруға болмайды!” Бұл сөздi жай саясаттанушы емес, Әзiрбайжан президентiнiң көмекшiсi айтып отыр. Демек, бұл – Әзiрбайжанның бүгiнгi журналистикасының алдына қойылған талап-тiлек те! Адам салыстырам деп салыстырмайды ғой, ерiксiз… Қазақстанның орыстiлдi баспасөзiне назар салыңызшы, тұп-тура Ресей баспасөзiнiң көшiрмесi. “Көшiрмесi” деймiз-ау, айна-қатесiз
