|  | 

Саясат

Антына адал болғандар

Қырымдағы әскери лицейдің Одессаға көшкеніне – үш жыл


Одессада сапта тұрған лицеистер мен офицерлер.

Одессада сапта тұрған лицеистер мен офицерлер.

Севастополь әскери-теңіз лицейі оккупацияланған Қырымнан Одессаға үш жыл бұрын көшкен. Жаңа орында жасөспірім лицеистер, офицерлер мен оқытушылардың өмірді қайта бастауына тура келді. Ал бұрын әскери теңізшілер даярлаумен айналыспаған Одессада әскери-теңіз күштерінің оқу орындары – әскери-теңіз лицейі мен институты пайда болды.

2014 жылғы наурыздың 20-сы күні әскери-теңіз күштерінің Нахимов атындағы Севастополь академиясының ту тұғырына Ресейдің үш түсті жалауы ілінді. Оқу орнын басқару Ресей тағайындаған әкімшілік қарауына өтті. Бірақ антынан айнымаған офицерлер мен курсанттар және сертінен таймаған лицеистер Украинаның мемлекеттік туы мен әскери-теңіз туын бірнеше күн бойы Нахимов академиясы территориясында орналасқан әскери-теңіз лицейі алаңында іліп жүрді.

ЖАУЫНГЕРЛІК ТУ БАРДА ӘСКЕРИ БӨЛІМ ДЕ БАР

Севастополь лицейіне осы оқу орны салтанатпен ашылған күні – 2009 жылғы қыркүйектің 1-інде табысталған жауынгерлік ту қазір оқу орны бастығы Виктор Шмыгановскийдің кабинетінде тұр. Қырым аннексиясы кезінде 1-дәрежелі капитан Оңтүстік әскери-теңіз базасында (Донузлав көліндегі Новоозерное кенті. – Азаттық) бөлім бастығының орынбасары болып, қызмет атқарған.

Виктор Шмыгановскийдің айтуынша, жауынгерлік туы бар кезде әскери бөлім тіршілігін тоқтатпайды деп саналады. Сондықтан оқу орны туын оккупацияланған Қырымнан құрлыққа лицейдің сол кездегі бастығы Игорь Колежнюктің әйелі Лариса жасырын алып шыққан. Өзі де әскери қызметші әйел туды денесіне орап, киімінің астына тығып алған. Ресей шекарашылары тұрып үлгерген кордондардан өту қауіпті болған…

АНТТЫ БҰЗБАҒАН, СЕРТТЕН ТАЙМАҒАН

Севастополь әскери-теңіз лицейінің 13 әскери қызметшісі антын бұзбаған. 1-дәрежелі капитан Игорь Колежнюк Одессадағы әскери-теңіз күштері командованиесі штабында қызмет етеді. Ал 2-дәрежелі капитан Сергей Плехун Қырымнан кеткеннен кейін Одессадағы әскери-теңіз күштері лицейі бастығының оқу істері жөніндегі орынбасары қызметін жалғастырған. Ол сол кездегі оқиғаларды былай деп еске алады:

Виктор Шмыгановский.

Виктор Шмыгановский.

 

«Севастопольдегі украиналық әскери бөлімдерді қоршауға ала бастағанда әскери-теңіз лицейі бастығы Колежнюк «кәмелетке толмаған оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды, арандату әрекеттері мен дүрбелеңге жол бермеу ең негізгі міндетіміз» деді. Лицеистерді демалысқа жібердік. Ал өзіміз әскери бөлім мәртебесі бар лицейде қалдық. Кей кездері тіпті баррикада жасап – сыртқы есікті жиһазбен тіреп тастап, шатыр арқылы шығып жүрдік. Наурыздың 22-сі күні ата-аналардың бастамасымен (олардың арасында ресейшіл қырымдықтар да көп болды) лицейде жалпы ата-аналар жиналысы болды. Біздің лицей Нахимов атындағы академия территориясында орналасқан, ал оның үстінде Ресей туын іліп қойған болатын, сондықтан жиналысқа Ресей Қара теңіз флоты өкілдері келді» деп еске алады Сергей Плехун.

Оның сөзінше, Севастопольден лицейдің 20-дан көп оқушысы кеткен. Қырымда қалғысы келмегендерді оқу жылы аяғына дейін тұрғылықты жері бойынша Киев, Волынь, Запорожье, Львов сияқты облыстардағы әскери лицейлерге ауыстырған.

«Елдің құрлық бөлігіне біреулеріміз автобус колоннасымен, енді біреулеріміз өз көлігімізбен кірдік. Одессада бізді еріктілер күтіп алды. Алғашқы кезде Француз бульварындағы шипажайға орналастық. Ол жерде тегін тұрдық әрі тегін тамақтандырды. Кейін жалға алатын пәтер тауып, отбасымызды көшірдік» дейді Сергей Плехун.

Сергей Плехун.

Сергей Плехун.

 

Житомир тумасы, әскери қызметкердің әйелі Анна Закликовская – бұрынғы Севастополь, ал қазір Одесса әскери-теңіз лицейінің Қырымнан кеткен төрт оқытушысының бірі. Сегіз оқытушы Қырымда қалған.

«Бұрынғы әріптестеріміздің кейбірі Украинаны ұмытқан жоқ. Бірақ олар кей жағдайларға байланысты көше алмады. Ал әуелі патриотттық танытып, оккупанттар кезген кезде күрт өзгеріп шыға келгендер де болды. Ол кезде енді не болатыны түсініксіз болғанына қарамастан, өз басым еліммен, Украинамен қаламын, жауға сатылмаймын, окупантқа жалданып жұмыс істемеймін деген шешімге келдім. 2014 жылғы наурыздың 31-і – Севастополь лицейіндегі соңғы күн болғаны есімде» дейді Анна.

Анна Закликовская «Іле-шала жұмысым көшіп келді. Бірақ Одессада алғашқы айлар жұмыссыз отырып, жұмыспен қамту орталығына баруға тура келді» деп еске алады.

«Одессада қайырымды жандар табуға көмектескен пәтерде әлі күнге дейін тұрып жатырмыз. Қырымнан көшіп келгендерге мемлекет қарайласар деп уәде еткен. Күтіп жүрміз… Севастопольдегі лицейден өзім сабақ берген биология және химия пәндерінен құрал-жабдықтар мен техникалық аспаптарды алып кете алмағанымыз өкінішті. Ол жақта материалдық-техникалық база тамаша болатын. Бірақ бізге сабаққа арналған әдістемелік құралдар мен материалдардан өзге ештеңе алып шығуға рұқсат етпеді. Одессада бәрін, оның ішінде 10-11-сынып оқушыларына арналған оқулықтарды да қайта жинауға тура келді»

Анна Закликовская.

Анна Закликовская.

Әскери-теңіз күштеріне қарасты Одесса теңіз академиясы институтының үшінші курс студенттері Станислав Воропай, Алексей Мациевский және Владимир Ломов аннексия кезінде Севастополь әскери-теңіз лицейінде оқып жүрген. Ол кезде олар 17 жаста болған.

«Ол кезде көпке бармай бәрі бітетін шығар деп ойладық. Ресейдің пиғылына сенбедік» деп еске алады үш жыл бұрынғы оқиғаны Алексей Мациевский. Жасөспірімдер Қырымда қаламыз деп ойламаған. «Біз лицеист антын бергенбіз. Берген сөзіңе адал болуың керек» дейді Станислав Воропай. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін теңіз жаяу әскерінде қызмет етуді армандаған 20 жастағы киевтік Владимир Ломов «Қырымнан кетуіміз арнайы операция сияқты болды» деп әзілдейді. Оларды алып кетуге келген ата-аналары Қырымға кіре алмай, көлік нөмірлерін Киев немесе Херсон нөмірлеріне ауыстыруына тура келген.

Севастополь лицейінің бұрынғы шәкірттері, қазіргі одессалық курсанттар (солдан оңға қарай): Станислав Воропай, Владимир Ломов и Алексей Мациевский

Севастополь лицейінің бұрынғы шәкірттері, қазіргі одессалық курсанттар (солдан оңға қарай): Станислав Воропай, Владимир Ломов и Алексей Мациевский

 

Үшеуі оқитын әскери-теңіз институты үш жыл бұрын сауда флоты үшін теңізшілер ғана даярлаған Одесса теңіз академиясы факультетінен «өсіп шыққан» . Әскери-теңіз күштері институтын 1-дәрежелі капитан Петр Гончаренко басқарады. Ол әскери кемелер мен түрлі флот бөлімшелерінде қызмет еткен, 2014 жылы Нахимов атындағы Севастополь әскери-теңіз күштері академиясы бастығы болған. Әскери антынан айнымай Қырымнан Одессаға кеткен.

ОДЕССАДА ЛИЦЕИСТЕР САНЫ КӨБЕЙГЕН

Қыркүйектің 1-інен қалмай сабақ бастау үшін 2014 жылғы жаздың басында Одессадағы әскери-теңіз лицейін жабдықтай бастаған. Фонтан ауданында 6- станцияда болған бұрынғы әскери қаладағы қараусыз тұрған ғимараттың екі қабатын жөндеп, жаңа оқушылар қабылдаған. Әлі күнге дейін еріктілер мен меценаттар көп көмектеседі. Мысалы, жуырда лицейге көлік сыйлап, лингафон кабинетін ашқан. Қазір Одесса әскери-теңіз лицейінде 150-ге жуық бала оқиды (Севастопольдегі лицейден екі еседей көп). 15-16 жастағы жасөспірімдердің көбі – Донбастағы әскери қақтығысқа қатысқандардың, көп балалы отбасылардың, қоныс аударғандардың балалары және жетім балалар. Лицей бастығы Виктор Шмыгановскийдің сөзінше, қырымдық үш бала оқиды.

Севастополь лицеистерінің Қырым аннексиясына дейін түскен суреті.

Севастополь лицеистерінің Қырым аннексиясына дейін түскен суреті.

«Біздегі балалардың 70 пайызға жуығы – әлеуметтік тұрмысы нашар балалар. Тағдырлары қиын, бастарынан көп нәрсені өткерген… Мысалы, бірнеше бала антитеррорлық операция аймағындағы Марьинкадағы балалар үйінен келді. Олармен психолог, офицер, ұстаз ретінде жұмыс істеп жатырмыз. Білім беріп әрі отан сақшысын – офицер погонын таққаннан кейін антына берік адам болуға тәрбиелейміз. Орта білім туралы аттестат алғаннан кейін лицеистердің көбі оқуын әскери жоғары оқу орындарында жалғастырады деп үміттенеміз» дейді Виктор Шмыгановский.                                                                                                                                               Айжан ОРАЛҒАЗИНА

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: