|  |  |  |  | 

Езутартар Көз қарас Суреттер сөйлейді Шоу-бизнис

ОПАСЫЗ БЕН ИБАЛЫНЫҢ ҰЯТЫ.

Jamanqul
(Шедевр емес,ертеден бар аңыз ғой, шыдамдылық танытып, оқып шықсаңыз деген өтініш)

ОПАСЫЗ бен ИБАЛЫНЫҢ ұяты кездесіп қалыпты.
- Қалайсың? – дейді ибалының ұяты.
- Сұрама! – деп, екінішісі еңіреп жіберіпті. – Менің ием ұятты ұмытты. Өзінен басқаны ойлауды қойды. Сезім дегеннің бәрін жерлеп, өзгенің қамын ойлау дегенмен жұмысы жоқ, қарыны тоқтық, көйлегі көктік қана көксегені. Өзгені өкшемен езіп, кеудесін жаншып, басынан аттап кету оған түк емес. Өле аламй жүрмін!
- Жүрегін жібітіп, санасын сыйпалап көрмедің бе?
- Әбден тырыстым. Байқатпай жақсылық пен жамандықтың парқын айырар кітаптарды да тықпалап көрдім. Иманды, салауатты адамдармен де жолықтырдым. Пайда жоқ! Керісінше, ашкөздігі асқынып, зұлымдығы ушығып кетті. Оның бетіне де, артынан да айтылған «Ұятсызсың!» – дегенді естіген сайын одан баз кешіп кеткім келеді. Кете алмаймын. Сананың бір бұрышында бүк түсіп жатырмын. Мынауың адам болмайды! Тек өзін ғана көреді. басқадан ақшаның көзін ғана көреді. Жайлы жерде жамбасы жатса болды, жоғарыға ұмтылған жолында жолындағының бәрін баса көктеп, өңмеңдеп барады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет жоқ. Тек қазынаның құлы, байлықтың үмметі. «Алсам, жесем» деп қана тұрады.
- Іммм, солай де. Онда сен былай істе – деп, ибалының ұяты сыбырлайды. Екеуі езу тарта жымиып екі жаққа кетеді.
Ертесі Опасыз оянса, тұра алмайды. Әйелі ас үйді басына көтеріп жүр екен. «Осы қатыннан тойғаным-ай!» – деп, ішінен ойлапты.
- Немене? Менен тойдың ба? – деп әйелі жетіп келеді. «Ойбай, мынау ішімдегіні қайдан біліп қойды?» – деп Опасыздың есі кетеді. Айғайдан қашып, үйінен атып шығып, жұмысына барады. Лауазымды жұрт жұмыс істейтін зәулім мекемеге кіре бере, өзінен үлкен бастықты көріп қалады. Өтірік күліп, амандасып тұрып «Осы қызыл көз бәле қашан құрыр екен?» – деп, ойлап қалғаны сол екен, анау «Оңбаған, кімнің арқасында талтаңдап жүргеніңді ұмытқан екенсің!» – деп, жағынан салып қалады. Сол күні кеш батқанша ойының ойраны шығады. Көптен бері өзінен басқаны жақсы деп ойламайтын бұзылған санасы сыр беріп, кездесекеннің бәрі жайлы ішкі ойын сыртқа жайып салады. Ең сорақысы сондай ойды қалай өзгерту жолын білмей қиналады. Мүлдем ой ойламайын десе қолынан келмейді. Қаншама жылдан бері ойы айтқанды аузы айтпай, елді өтірікпен емізіп келген жанның басына өзінен басқаны жақсы дейтін жарқын ой келе қоймайды екен. Бұған дейін қызметтеске қырсық тілеп, көршіге ауру тілеп, бауырға безгек тілеп келген адам ғой. Көксегені параның кесегі, біреудің әйелінің төсегі. Өз басына керекті алу үшін бергені пара, кедергіні жою үшін айтқаны жала. Біреуден кек алсам, қазынаны жеп алсам деп, алшаң басып келе жатқан адамның аяқ астынан бұты көктен келді. Енді қайтпек? Бүгіндікке өзіне қарата елдің айтқан сөзі: «Ұятсыз неме, арсыз екенсің!» – ғана. «Ұят, ар» деген не бәле? Олар қайда тұрады, қайда сатылады? Не болса да, қанша тұрса да сол ұятты тауып алмай болмас!
- Мен осындамын! Қиналма, су тегін жаныңда жүрмін – дейді сол кезде ұят.
- Айнанайын, ұятжан, кетпеші, отыра тұр, мына бәледен қалай құтылам, жолын айт, ақысын берем! – дейді Опасыз.
- Ақысыз құтылуға болады, тек өзің өзгеруің керек! Әзірше мен сенен кетем! – деп ұят артына қарамай тайып тұрады.
- Ойбай тоқта, қалай өзгерем? Жаңа мәшине сатып алам ба? Шашымды түзеймін бе? Киім ауыстырам ба? Ұят, тоқташы?! – деп иесі қала береді.
Амал жоқ, өзгеруге бел буады. Ол оңайға түспейді. Өзінің елге істеген қысастығы өзіне он есе қайта келеді. Енді өз басына қарсы істелген сатқындық пен зұлымдықты көреді. Келеке мен кекесінді, ашкөздік пен ажырасуды, көңіл қимай қоштасуды көзімен көреді. Аттап басқан сайын жанашырлық, аяушылық дегенді үйренуге тура келеді. Жалғыздықты жанына серік етеді. Күндердің күнінде кешегі Опасыз енді Иманды пендеге айналады.
Баяғы екі Ұят қайта кездеседі. Ибалының ұяты:
- Қалайсың? – дегенде,
- Көріп тұрсың ғой! – деп, екінші ұят қуана жауап береді. Екі ұят езу тарта иелеріне кете барады.
***
P/S: Жаны жайсаң, жамандық ойлаудан беті аулақ, игі жақсылар! Бұл аңызды ауызға алғандағы айтпағым басқа. Көбіміз іштен тынып, әліптің артын бағып, «сен тимесең мен тиме» болып отырмыз ғой. Кеше ғана кезекті сот отырысы өтті. Менің Ардақты Ұстазым, Тұңғышбай Жаманқұлов бұл жолы айқасқа бел буды. Мойындаудан бас тартты. Кім білсін, білектілер бәрібір оны кінәлі ғып, айыптап, тағы да асқақ басын төмен игізер.Күштінің кім екенін білгізер. Тіпті сот шешімі алдын ала даяр тұрған да шығар.Ол өз кезегімен бола берер… Дәл қазір мені түршіктірген іс мынау: қашаннан бері Біз жығылғанды жұдырықтай беретін болғамыз? Мен айыптаушы жаққа қарсы шап деп отырғамын жоқ. Сотқа барып сойқан шығар деуден де аулақпын. Кеше ғана біріміздің арқа сүйеріміз, біріміздің ақылшымыз, біріңіздің сүйікті актерыңыз, біріңіздің мақтан тұтарыңыз, біріңіздің жерлесіңіз, біріңіздің құрдасыңыз еді ғой. Жабыққан көңілін жебей қоятын жылы лебіздеріңіз қалған шығар? «Жақсы сөз – жарым ырыс» емес пе еді? «Анау олай деді, өзі былай дедіні» қоя тұрып, осындағы аузына ел қараған ағайын енді бірге тілеу тілегеннен басқа қайран жоқ. Таланғанды табалай бермей, ағамыздды жігерлендірер, қолтығына демеу болар ағалық, інілік, бауырлық ақ ниеттеріңізді көптің алдында, осы желіде білдірсеңіздер екен. Желінің де желі кейде дауылдан кем соқпайтын еді ғой. Мүмкін Сіздердің сөздеріңізден табалағандар да тәубасына келер…
Менікі өтініш, өздеріңіз білерсіздер.
Жоғарыдағы аңыздағыдай Ұятым тастап кетпесін, онсыз да өзіме әрең сиып жүрген сыңайы бар…

Асқар Наймантаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: