|  |  | 

Руханият Тұлғалар

Түркістанда Халифа Алтайдың жүз жылдығына арналған тағылымды шара өтті

M

Биыл белгілі дін ғұламасы, қоғам қайраткері, бірегей тұлға Хаифа Алтай Ғақыпұлының 100 жылдығы. Атаулы мерейтойға орай, республикамыздың жер-жерінде Түркия, Қытай және Еуропаның бірқатар елдеріндетұлғаның тұғырын биіктетуге арналған алқалы жиын, басқосулар өтуде. Солардың бірі Түркілердің рухани астанасы саналатын киелі Түркістан шаһарында болды.Х.А.Ғақыпұлы ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, имани кітаптарды таратуға еңбек сіңірген. Қасиетті Құранды қазақ тіліне ең алғаш аударған ғұлама ғалым халықтың рухани санасын жаңғыртқанеді.

Ахмет Ясауи университетінде «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен ғұлама ғалым, діни ағартушы қайраткер Халифа Алтай Ғақыпұлының 100 мерейтойына орай «Халифа Алтай исламның көрнекті ғұламасы» атты танымдық конференция өтті.

Шара шымылдығы Халифа Алтай Ғақыпұлы жайлы деректі фильммен ашылды. Руханият шамшырағы Халифа Алтай қажының өнегелі, үлгілі тағдыры еске алынды.Displaying DSC_0214.JPG

«Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Ж.Түркия, Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков, асылдың сынығы, ұлы А.Алтай сөз сөйлеп, шара маңызын, Халифа Алтайдың өшпес өнегесін айтты. Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Қ.Ерімбетова «Қазақтың тектілік феномені» (Халифа Алтай мысалында) атты баяндама жасады. Шара қонағы, ҚМДБ-ның республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, исламтанушы А.Қуанышбаев «Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі» кітабының нағыз ғылыми-академиялық аударма екенін айтты. Барша мұсылман қауымы қауышатын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Марапаттау рәсімінде, Ғ.Рысбеков Түркістан қаласының әкімі Ә.Ш.Өсербаев атынан Абдураһим Алтайға сый-сыяпат табыстап, шапан жапты. Сонымен қатар, ғылыми шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандарды қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Ұйымдастыру және тәрбие істері жөніндегі вице-президент, профессор Б.Мухамеджанов мұсылмандықтың мойымас жаршысы Халифа Алтай жайлы ғибратты әңгіме айтып, конференция қонақтарына оқу орда атынан сый-сыяпат, алғыс хат табыстады. Атап айтсақ, исламтанушы А.Қуанышбаев, т.ғ.к., Қ.Ерімбетова, Д.Шаймұранұлы, «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари, А.Тукаев, т.б., марапатталды.

unnamed

Сондай-ақ, конференция аясында орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінде өткен Құран оқу шешуші жарысының жеңімпаздары марапатталды. І орын иегері Жақсылық Мұстафаға «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының, ІІ орын иегері Айтмахан Диасқа «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының, ІІІ орын иегері Нұрмұхаммед Жұмабайға, Қасым Розханға ХҚТУ жүлдесі тапсырылды. «Әдемі әуезді қари» номинациясын Шерефи Хамза, «Жас қари» номинациясын Шаймерден Жомарт иеленді.

Шараның келесі кезегі белгілі әдебиет сыншысы, ғалым Құлбек Ергөбек құрған Түркітілдес халықтардың кітапханасында жалғасты. Қонақтар талаған кітапханада Халифа Алтайға арналған кітап бөлігін тамашалап, ғұламаның шығармаларымен тағы бір бет көрісті. Сонымен бірге, кітапханаға “Ер Жәнібек” халықаралық қоры шығарған кітаптар табыс етілді. Шара аясында жас зерттеуші, өмірден ерте кеткен марқұм Ербол Райханның кітап бұрышын ашу рәсімі өтіп, лентасы қиылды. Шараға белгілі дінташуы Мұхан Исахан да қатысты. Осы реткі шараны ұйымдастыруға белсенді атсалысқан азаматтың бірі Нөсербек Заңәділ жалпы іс-шараның мән-маңызы туралы айта келіп, жас зерттеуші Ербол Райханның өмірі мен атқарған еңбегі туралы айтып берді. Жиын соңы университеттің асханасында 500 студентке арнап жайылған ас дастарқанымен аяқталды.

Өзкезегінде Абдураһим Алтай да игі шараның өтуіне мұрындық болған Нөсербек Заңәділ бастаған ұйымдастыру алқасына, университет ұжымы мен демеушілерге ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Жарқын Жаналтай                                                                                                                                                                                                                     kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: