|  |  | 

Қазақ дәстүрі Әдеби әлем

      ҚҰРҚЫЛТАЙДЫҢ    ҚҰЯСЫ

 gghhhh

Түн түс көріп жатырмын, оятпаңдаршы!!!

«Бүркіттің құясы түсетінін естіген едік, құрқылтай да болсын ба»,-деп отырғандар  қыран-топан ду күлді. Бірақ зілді емес.

 

Жас айырмашылығын ескерсек айқара қарыс алтылық бар, талқылық жоқ. Өтпелі дүниенің жолайырығына жеткен де біреуі тауға тартты, екіншісі сол қалпында  түсінен жаңылмаған кейпінде дауға тартты…жо, жо, жоқ. Зәудеғалам  алда-жалда ойпыл-тойпыл болса, кімнің қай жаққа танауы желбірейтінін уақыт анықтар. Оны өмір картинасы өзі сызып меңзеуге әлек. Түлен түрткен де ағадан қайыр болған ба? Болса көрелік.

 

Жөпелдеме де жасалған  тосын шешім тізеден қағып, ақ бас таудан шаң шығарса, жүрек қайда барып күнелтсін. Бәрібір кеудеден қашып кете алмай тулайды. Тулап-тулап тұралап қалады. Іле сала құзғындар шулайды. Бірақ сырттағы ызғырықтың жұқа қабырғадан түйрегенде жан мұрнның ұшына жетер, сонда да шыдауға тура келеді. Келмей лажың жоқ…

 

Қозы көш жерден көрген нәрсені мойынымен нұсқау,  білген нәрсені бес күн арқалауға тура келетін қия беттің кіші шұқанақтары. Каріздің қылтанақтары қаулайды бейопа дүние. Қиямет демей тұра-тұралық, сабыр бар ғой!

 

Сүйегі жұқарып жұбына жеткенде басыңа құсы саңғырып, мойыныңа тышқан мініп алатын болса бақыттың құлағы. Жеті таразы- ой, ақыл, сана, көз, түйсік, сезім, жүрек болып екшеген қателік пен қаралықтың бәрі мизам таразысында өзінің құны мен обалын, сауабын алады. Ол кезде тым кеш…

Қос жанары өзін жетелеп  әрең жүргенде көргені мынау, сөніп кетсе ше, бәрінің ауызына құм құйылар. Қара басына не көрінді. Оны сарсаңға түсіп дәлелдеудің пайдасы соқыр тиын. Түнде қалғымаған, күндіз аңдымаған көлеңке қалды ма? Соңында қу сүлдерін сүйреткен бір шоғыр лап қойып келеді. Олардың жүрегі жоқ, құлтемірге айналған міскіндер. Бірақ, өтірік пен қаралықты жасағысы келсе  айшылық жерден айла табады. Шындыққа келгенде қайласыз қалады. Енді не дейсің?

 

Мен онымен ат кекілін кесісіп, белдікті шешісіп кеттім, махаббаттың түбіне жеттім. Сойылдың дүмінен өттім, ажырап қалған ар, қожырап қалған сор. Сонда ол  не тапты… Бар болғаны шаңырақ шайқалды, құрқылтай ұшып кетті.

Таң есінеп жатырмын қоя тұрыңдаршы!!!

Көгедай ШӘМЕРХАН.

Суретті  жасаған: Бақтияр Айтәлі                                                                                                                                                                                         kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: