|  | 

Көз қарас

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТТЫҚ  ЖОБАСЫ ӘЛІ ДЕ ШИКІ

22406045_795978977229572_2771519059819409679_n

9 қазан күні қалың жұртшылыққа ұсынылған Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі бірыңғай стандартының жобасы дәл осы қалпында қабылдауға келмейді. Әлі де пісіретін тұстары баршылық.

Мәселен, Ә әрпін білдіру үшін латынша «А» әрпінің жоғарғы оң жақ тұсына үтір қою (мендегі компта сол үтірді жоғары қою мүмкіндігі болмағандықтан осылай сөзбен жазуға тура келіп отыр–Авт), Ғ әрпі үшін латынша G әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, И әрпі үшін латынша I әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, Ө әрпі үшін латынша O әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, Ш әрпі үшін латынша S әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, Ү әрпі үшін латынша U әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, У әрпі үшін латынша Y әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою – сөздерді оқуды қиындатады. Жыпырлаған үтірлер көзге оғаш көрінеді әрі орын алып кетеді.

Сондықтан неғұрлым кәсіби мамандар дайындаған А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ұсынған нұсқа көкейге қонады. Қазақша Ә әрпін еш именбестен латын әріптерінің қатарына қосуға болады. Мұндай тәжірибе әзірбайжанның латындық әліппесінде бар. Қазақи әріптердің үстіндегі қос ноқат қиындықсыз оқылады. Осы нұсқада әсіресе У әрпінің латынша W әрпімен берілгені өте орынды болған. Сондай-ақ таза практикалық тұрғыдан Ұ мен Ү әріптерінің латынша белгілерінің орнын (24,25) ауыстырған жөн сияқты.

Әрі бұл нұсқада арнайы орфографиялық Ережемен реттелетін КІРМЕ ТАҢБАЛАР да қамтылған. Жалпы «Торғай сойдыртсаң да қасапшыға сойғыз» демекші, ұлттық әліпби қалыптастыру сияқты маңызды істе мамандар даярлаған нұсқаның артықшылығы көзге ұрып тұр.
Өз басым бұл тақырыпта соңғы сөзді солар айтуға тиіс деп есептеймін.

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды

СОҢҒЫ НҰСҚА ТУРАЛЫ

Бұдан бұрын латын алфавитінің бірінші варианты Парламентте таныстырылғаннан кейін, өз ойларымды ФБ парақшамда жазған едім. Енді екінші варианты жарық көріпті. Қазанның 9 күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, осы екінші нұсқамен танысқаны белгілі. “Көпшіліктің пікірімен санасып, қорытынды жасағандарыңыз дұрыс болды. Латын графикасына әбден қалыптасқан екі диаграф қана бар. Қалған қазақтың төл дыбыстарының бәрі апостолмен береміз. Соған тоқтаймыз. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Осы ұстаным бізді алға жетелейді”,-деді Елбасы. Демек, бұл дегеніміз Елбасының пернетақтадағы 26 әріпті пайдалану жөніндегі ойының әлі өзгермегенін көрсетеді. Қазір әлеуметтің пікірі де осы екінші жобаның аясына тоқайласып отыр. Көбінің пікірі бұл жоба алдыңғы жобаға қарағанда едәуір кемелді дегенге саяды. Бірақ өз басым мұны толығымен көкейге қонымды деп айта алмаймын. Демек, қоғам болып Елбасының ойын дұрыс іске асыра алмай келеміз. Жобаның одан ары жетілдіруді және өзгертуді қажет ететін тұстары жеткілікті екен.
Ақыры клавиатураны (пернетақтаны) негізге алған екеміз, ондайда қазақ әріптерінің проблемасын пернетатақтаның мүмкіндігі мен қазақ тілінің өз заңдылығына, фонетикалық ерекшеліктеріне сүйеніп шешуіміз керек. Демек, ұлттық төл дыбыстарды бейнелеуде апострофпен қатар басқа да әдіс-амалдарды қолдануға тура келетін сияқты. Әрине, апостроф керек. Онсыз болмайды. Мен оны бұдан екі жыл бұрын Еуразиялық университеттегі болған талқылауда осы саланы компьютерлік тұрғыдан зерттеп жүрген проф. А. Шәріпбаевке де айтқанмын. Бірақ ол апострофтан ат тонын ала қашқан еді. Біздің де ойымызша апостроф өте қажетті тұстарда ғана керек. Сонымен қабат, диаграфтан да қашуға болмайды. «Ң» секілді бірді-екілі әріпті диаграфпен белгілеуге болады (ng). Қазақы әріптерді бөлек таңба ретінде ғана апострофпен белгілеп, тіліміздің сингармонизм заңына сүйеніп, жазу жазғанда олардың бәрін жапырлатып қоя беруден сақ болуға тиіспіз. Мысалы, «Asem» деп жазған кезде «A»-ның шекесіне ноқат қоюдың еш қажеті жоқ. «Е» тұрған жерде «а» өздігінен «ә» болып кетеді. «Ornek», «orik» дегенде де солай, «і» бар жерде «o»-ның шекесіне ноқат қойылмайды. Демек:
1- Апостроф;
2- Диаграф;
3- Сингармонизм
Осы үшеуінің үйлесімді функциясы арқылы өзімізге қолайлы алфавит жасап шығуымызға әбден болады.
Соңғы нұсқаны қарап отырып, кейбір латын әріптерінің ізім-ғайым жоқ болып кеткеніне де қайран қалдым. Өзі пернетақтадағы әріп жетпей жатқанда бұл жобада «Х» пен «W»-ды қайда жібергенін білмеймін. «W»-дың орны қазіргі қолданыстағы «У». Ендеше дайын алфавитті жоғалтып, оның орнына опострофы бар «У’»-ды қоюдың қажеті қанша? Бұл екі әріптен қашқанша, «Q»-ді «қ», «у»-ды «ы» етіп алудан қашсақ болмай ма?! Енді олардың қатарына «у’» (крилицадағы «у» таңбасы) және қаптаған апострофтар қосылса, біздің жазуымыздың сиқы қандай болады? Көркемдік дегеннен жұрдай айқыш-ұйқыш, арасы селдіреген шимай болып шығады. Соңғы екі жобаны қарап көзім жеткені мұнда жазудың көркемдігі, сиымдылығы, терілім проблемасы ескерілмеген. Тек дыбысты таңбалаумен ғана шектелген. Бұлай болмайды. Жазу бір ұлттың көркемдік ойлау жүйесінің сыртқы көрінісі. Ол көркем әрі көңілге қонымды болу керек. Басқа жұрттың, елдің көзімен қарағанда да, жазғанда да көркем түсуі тиіс. Оны дұрыс қалыптастыра алмасақ ертең зардабы ауыр болады.

Тұрсынхан Зәкенұлы

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

2 Comments

  1. Турлыбеково Нұржан

    Ассалаумағалайкум барша жұртшылық, бүгінгі желілердің басын бастап тұрған Қазақ тілінің графикасы болып отыр. Бұл бастамаға білдіретін өз пікірім…
    – Өте дұрыс бастама , себебі қаншама жыл ғасырлар бойы келе жатқан жұртымыздың айы оңынан туып, тәуелсіздік таңы атқанда ең басты жобалар бастамасы болашақ, мемлекетті дамытып, бәсекелестікке қауқарлы, дамыған елдердің қатарына кірудің оңтайлы жолының бірі – Латын графикасына ауысу…
    – Тілім менің тірлігімнің айғағы ,
    Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
    Өссе тілім менде бірге өсемін,
    Өшсе тілім менде бірге өшемін ….
    Өзгеге ұқсамайтын ерекше бай тіліміздің бір бөлігі-ол оның жазылуы (графикасы) деп түсінем.
    Осы графикамен-ақ еліміз осыншама жетістіктерге жетті, ендігі күні даму үшін тіліміздің сонау ерте кезден қалыптасып келген графикалық нұсқасын өзгерту – бұл тіліміздің болашағына балта шапқанмен тең. …
    Мақұл орыс тілін араластырып қойдыңдар үндемедік, ағылшынды əкеп оны қостыңдар үндемедік.
    Əліпбиімізді алып жоққылдың үндемедік,
    Ендігі қалғаны тілімнің жазылуы болдыма. …
    - Ех қайран Қазағым ай, Үндемеумен келеміз тұрсақта үйсіз далада
    Үндемеумен келеміз қалсақта жалғыз жағада
    Жұмыстейміз жалақымыз жеті нанға жетпеседе
    Өмір сүріп дағдарыс кетпеседе
    Жанармай жетпей жатыр олдағы бар
    Таусылып қоржындағы қолдағылар
    Құлдырау келе жарыр олда болар

    -сонда да күресумен келе жатқан жұртымыздың берекесінен бөле көрме келе жатқан келешек….

  2. Турлыбеков Нұржан

    Ршпалиормощимооимиорао шүкір ш г

POST YOUR COMMENTS TO Турлыбеков Нұржан (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: