|  |  | 

Көз қарас Руханият

Қазақ тілі- қайта жаңғырған, белсенді тілдердің тобына кірді

Дүние жүзінде жеті мыңнан астам тіл бар. Оның шамамен тоқсан бес пайызында әлем халқының бар болғаны төрт-ақ пайызы сөйлейді. Екі жарым мыңдай тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Оның ішінде түркі тілдері де бар. Ал қазақ тілі соңғы ширек ғасырда сөйлеуші саны бойынша да, институттық қолдау бойынша да тізім басындағы қайта жаңғырған, белсенді тілдердің тобына кірді. Тек мәдени-отбасылық қатынас құралы емес, тұтынушы тіліне айнала бастады. Біртіндеп негізгі қолдану кеңістігі – Қазақстанда экономика, сауда мен бизнес салаларында да позициясы күшейе бермек. Мұны қасақана қасарысып байқағысы келмейтін адамдар мәдени-лингвистикалық плюрализмді мойындамаса, тұтынушының конституцияда бекітілген өз тілінде қызмет талап ету хақын сыйламаса, бәсекеге қабілетсіз топ ретінде қоғамның да, нарықтың да шетіне шығып қалады.

Қазақ тілін қайта жаңғыртуға, белсенді түрде қолдануға шақырып жүрген азаматтардың да назарын бір жайтқа аударғым келеді. Осыншама қиындықтан өтіп, тұрақты дамуға әрең қол жеткізген бұл тіл өрісі тар ұлтшылдық пен өресі таяз популизмнің тіліне айналмауы керек. Өркениетті азаматтық қоғамның, демократиялық дәстүрдің, тәуелсіз соттың, еркін БАҚ-тың, терең ғылымның, биік өнердің тіліне айналуы тиіс. Бұл іске шама-шарқымыз жеткенше әрқайсымыз өз саламызда үлес қоссақ, елдік қасиет әрі азаматтық парыз деген сол болады.

Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

2 Comments

  1. Ğaliy Baysımaq

    Tolıq qosılamın. Orta Aziya basşılarının cıl sayınğı sammiti ötip turıuı tiyis. Bizderde äli de şeşilmegen problemlar şaş etekten

  2. Ğaliy Baysımaq

    Tağı da aytar mäselenin biri orta aziyağa ortaq qorğanıs kerek cäne de ekonomiykalıq-sayasiy baylanıstı meylinşe terendetken öte tiyimdi. Eger olay bolmasa ertengi küni bir-birimizge qarsı keliuimiz äbden mümkin. Sayasat politikter oyını ekeni belgili qarsı qoyıp aramızğa ot tastauı da ğacap emes. Sol üşin tığız qarım-qatınasta özara tüsiniuşilikte ömir sürsek keleşegimiz soğıssız bolıp tek beybit colmen ömir süretinimiz haq. Bizdin tenimiz osı OrtaAziya halıtarı al europalıq batıstıq ult-näsilder bizge ten emes äri dini tili ata dästüri de bölek. Sol üşin qoralas tildes tıuıstas halıqtarmen birge casasqan durıs olar qanşa degenmen tübinde camanşılıqqa bara qoymaydı. Osını este saqtağan cön. Rossiyanı körip otırsızdar qandas Ukrayn eline qırğıyday tiydi. Kim oylağan. Sondıqtan kim caqın ekenin acırata bilsek bizge sara col bolar edi.

POST YOUR COMMENTS TO Ğaliy Baysımaq (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: