|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Көктүріктен тараған Қазақ рулары

Ерзат Кәрібай

Edil  qagan

Көктүрік қағанаты ұлы Ғұн қағанатынан кейінгі көшпенді-әскери жұрттардың құрған империясы. 552-742 жылдарға дейін 190 жылдай дәурен сүрді, билеушы тайпа Ашина тайпасы. Териториясы шығыста Жапон теңізінен батыста қара теңізге дейін; Солтүстікте Сіберия ормандарынан Иран, Қытайға дейін созылған он миллион шаршы километр аумақты алып жатты. Түркі әсілінде Ашина бастаған ондаған тайпалар одағының аты болатын. Тегі Ғұндар мен Сақтардың бірінен, ең алғашында Нионуан қағанатына қарасты теміршілер болатын, 545 жылы Бумын қаған Терглектер(арбалылар немесе қаңғарлар) Нионуандарға аттанған жасақтарын тосқауылдап талқанын шығардыда 50 мың отбасы Терглектерді бағындырып алдыда 546 жылы Нионуан қағаны анағайды ойсырата жеңді, анағай өзін-өзі өлтірді. Осылайша Көктүрік қағанаты құрылды. Қағанат Алтай тауында шаңырақ көтерді де кейін көшпенділердің қасиетті жұрты болған орталық Мұңғұлиядағы Өтукен тауына орда тікті. Сіра Түріктер кімдер? Олар қандай руларға бөлінген? Бұл сұрақтар әлі жауап таппай келеді.
Түріктердің саны қанша еді?
Егер 50 мың үйлік теле тайпалары 50 мың не онанда көп әскер шығара алады делік, оны жеңу үшін кемі 30-40 мың әскер керек еді, үйіткені Терглектерде осал емес, көшпенді жауынгер жұрт болатын. Түріктердің 40-50 мың атты жасағы болған болса онда 160-200 мың халқы болған деп кесіп айтуға болады. Әлемнің жартысын алған Шыңғыс қағанның Моғұл жұртыда алғашында 150-200 мың ғана халқы бар тайпалар одағы еді, кейін осы Моғұлдардың құрған империясы Моғұл империясы атанып барша көшпенділер Моғұл атанса, соған ұқсас Түрік тайпасы құрған қағанат Түрік қағанаты атанып соның салдарынан Араб пен Парсы әлеміне күллі көшпенділер Түріктер деген атпен мәлім болды.
Түрік тайпалары
«638 жылы батыс ұлыстар Үкек шадты ібіліс Түрік қаған деген атпен тахқа отырғызды, ол билікті қолына алған соң Теліш қағанмен кескілесен соғыс жүргізді, екі жақта көп адамнан айырылып шегініп кетті. Теліш қағанмен арада жер бөлісі болып іле өзенінің батысы Түрікке, шығысы Телішке тіиді. Құтаршет , Басымыл, Алантойлы, Қырғыз, Хорезім, Шөмекен (Шүмекей) сияқты елдер соған қарады… 651 жылы Ашина қара өзінің ұлы терғұнмен бірігіп жұртын бастап батысқа қоныс аударды, Түрік қағанның жұртын иемденіп кетті. Ордасын екі өгізбен мыңбұлаққа тігіп , «шібара қаған» деген атпен «он оқ Түрік, Нүшбе» елдерін биледі. Оның ішінде Түрік бес чор еді: Бірінші, Шомекен( Шөмекей) ле чор, екінші, Күлік күл чор, Ашына қара қызын соған ұзатқан. Үшінші, Шеп- шад тон чор, төртінші, Түргеш қалач чор, бесінші, Шәніш шопан чор…»( Көне таңнама. 144 тарау. Түрік баяны) .Бұнда айтылып отырған Шөмекен тайпасы Қазақтың шөмекей руы саналады.
630 жылы Табғаштардың таң империясы Шығыс түріктің Елік қағанын қолға түсірдіде 680 жылға дейін тура елу жыл Түрік қағанаты жоқ болды. Таңдықтар шығыс Түріктерді 19 ауданға бөлді. Әр руы бір аудан саналды. Сондағы аудандар Мынадай екен:
«Атық дуаны Ашина руына құрылды, Шішпет дуаны –Шішпет руына құрылды, Сонұн дуаны-Сонұн руына құрылды… баян дуаны… Шал дуаны- Шал-тұл руына құрылды, Атық дуаны Ашина руына құрылды, Чек дуаны- Чек руына (чекті руы) құрылды. Себек дуаны- Себек руына құрылды… Үкек дуаны –Үкекше руына құрылды. Неш дуаны- таднеш руына құрылды. Беріш дуаны- Беріш руында құрылды… Қара дуаны- қара руына құрылды…Бөкен тұтығы –Шөмекен (шөмекей) руына құрылды. Өрлік дуаны- Түргеш руына құрылды. Кертау тұтығы- Түргеш –алаш руына құрылды. Екі өгіз тұтығы- Шеп-шад-тон-чор руына құрылды. Иыңса тұтығы Шәнәш –шопар-чор руына құрылды. Тұзкөл ауданы – Күлік –күл-чор руына құрылды». …» ( Көне таңнама. 144 тарау. Түрік баяны)
Бұнда Түріктерге қарасты 14 рудың аты аталады. Бұлардан басқа Түріктерге бағынышты Ұйғұр, Қырғыз, Қарлұқ, Төленгіт, Сегет, Едіз, Ғұн, Сыр-енда, Ақ сеп, Бүркіт, Байырқу(барқы), Құрықан, Яғыма (Жәйма) , Шығыл(шыбыл), Чұңұт, шада қатарлы түрік тілдес ру-тайпалар және Қидан, Татаб сияқты Мұңғұл тілдес тайпалардыңда аты аталады.
Түрік тайпасына жататын рулардан Шөмекей, Шекті, Беріш, Себек( қазыр беріш құрамындағы ру) ,Түргеш ( түргіс деген атпен Қаңлылардың құрамында) Қазақ арасында күні бүгінге дейін өмір сүруде! Ал Түрік руы Түркі деген атпен Қазақтың алты Руының арасында әлі сақталып келе жатыр. Бұлар ғана емес Түрікпен тілдес, қоныстас Төлес, Қаңғар(Қаңлы), Төленгіт, Байырқы (барқы), Яғыма (Жәйма деген атпен қоңырат арасында), Шығыл( Шыбыл деген атпен Албан және шапырашты арасында) әлі өмір сүруде, Бұл Көктүрік қағанатының нағыз мұрагері Қазақ халқы екендігінің бұлтартпас дәлелінің бірі деуге болады.
742 жылы Басымыл, Ұйғұр, Қалрұқ үш тайпа бірігіп Түрік қағанатын аударып тастады, Ашына бастаған рулардан 100 мыңнан аса адам Себек қатұнның бастауында Таңдықтарға тізі бүгеді. 755-763 жылы Түріктер Таң империясына қарсы көтеріліске шығады, Ашиналарға жиен Ән рұқшан мен ашина Сүйгін бастаған 100 мыңнан аса Түрік, Тоңыра, Қидан сияқты тайпалардан құралған әскерлер Таң империясының шақ-шәлекейін шығарады. Астана қала Чаң-ән басып алынады, Таң патшасы Сі чуань ға қашады. 763 жылға келгенде Ұйғұр қағанатының көмегімен Түріктер көтерілісі жеңіліске ұшырайды, бірақта Таң патшалығы Қытай қорғаны сыртындағы орта Азия мен Шығыс Түркістаннан айырылып тек ішкі қытайға ғана біилігі жүретін елге айналады. Ашиналардан қазыр Қытайланып кеткендер неше миллион адам деген сөз бар. Қытаймен іргелес Ордос аймағында Түрік тайпасы ендігі жерде әлсіз тайпа ретінде айтылады: « Түрік –бұлардың аты –жөні көне кітаптарда көп ұшырайды, кейін бұлардың елі Ұйғұрлардың шабуылына ұшырап торғайдай тозды, қазыр бұлар бәрінен әлсіз ел…916 жылы Түрік пен Тұйғұннан елшілік келді…» (лияу тарихынан) . Ал Қидандардың Лияу патшалығына бағынған Түрік тайпасы 10-12 ғасырларда тарих бетінен көрінбейді. 14 ғасырда Алтын ордадағы «92 баулы Қыпшақ» руларының бірі –Түрік атанады. Өзбек арасындада Түрік деп аталатын ру бар. Қазақ арасындағы алты ру арасында кездесетін Түрік руы осы Алтын ордадағы Түрік руы екені даусыз! Түрікпен қатарлас Төлес тайпасы Қазақтың сегіз руының арасынан бой көрсетеді. Екеуіде тарихы ұзақ әрі даңықты рулар екеніне гүмән жоқ! Ал батыстағы Ашина әулеті Хазар қағанатына билік жүргізеді. Хазар қағанаты құлағаннан кейін барып Ашина түріктерінің қолынан біилік кетеді. Деседе Қазақ тарихы мен адамзат тарихында қалдырған ғажайып іздері ешұашанда өшпек емес!

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: