|  |  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ хандығына 550 жыл

ХАН КЕНЕНІҢ ҚАРУЫ

Beken Kayratuly

Facebook парақшасынан алынды49855745_1204842686338282_8920680832234946560_o

ЕлордағыҚазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінің ауыспалы экспозициялық жәдігерлер көрмесі орналасқан төменгі залында, қазақ халқы үшін құнды заттың бірі – Кенесары Қасымұлының мылтығы тұр. ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы далада өрістеген ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, атақты Абылай ханның немересі Кенекең осы мылтықпен жау түсірген.
Айталық, 1838 жылы Кенесары Ақмола бекінісін басып алып, орыс әскерін қуып шыққанын тарихтан жақсы білеміз. Осы оқиға туралы ел-жұрттың аузынан естіп, хатқа түсірген Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің «Қазақ шежіресі» атты жазбасында: «Қараөткелде аға сұлтан Қоңырқұлжа дуан басы болған. Кенесарыға қарсы тұрып соғыс салған. Қараөткелді (Ақмола бекінісін айтады) қамағанда Кенесары күлдірмамай деген мылтығымен Тайтөбенің басында тұрып, орыстың қарауылшы балсәйкесін (полицейін) атып мұрттай ұшырған» дейді (А.Смайыл «Астана ғасырлары» Астана., 2010., 149 бет).
Мылтықтың негізі нұсқасы Ресей Федерациясы Омбы облысының орталығы Омбы қаласында орналасқан тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. Осындағы мәліметте: «Мылтық ХVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында Орта Азия ұсталарының қолынан шыққан. Жалпы ұзындығы – 1670 мм, ұңғысының ұзындығы – 1320 мм, дүмі ағаштан жасалған» делініпті. Мылтықты аталмыш музейге Дала өлкесінің генерал-губерноторы Г.А.Колпаковский 1882 жылы тапсырған екен.
Осы орайда, «Бұл қару Колпаковскийдің қолына қалай түскен?» дейтін заңды сұрақ туындауы сөзсіз. Бұған жауап ретінде айтармымыз: «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы 3 мамыр күнгі санында жазушы Талаптан Ахметжановтың аудармасымен «Кенесарының қазасы» атты көлемді мақала жарияланыпты. Нақтырақ айтқанда, халық ағарту ісінің ардагері Әуесхан Қанафин дейтін ұстаз 1991 жылы фотоға түсірілген көне жазбаны академик Манаш Қозыбаевқа әкеліп береді. Жазба орыс тілінде. Авторы К.Степняк деген адам. «Степняк» дегеніміз алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың («Қыр баласы») псевдонимі.
Газетте жарияланған мақаладан үзінді келтірсек: «Шу өзені Тоқмақ маңында бірнеше салаға бөлініп ағатын еді. Соны пайдаланып қырғыздар өзенді бұрып жіберді. Кенесарының әскері қиын жағдайға тап болды. Үш күн сусыз қалған ханның сарбаздары қиналып отырғанда, Орман манаптың қырғыздарға қалың қолмен көмекке келе жатқаны туралы хабар жетті. Кене хан күші басым қырғызбен шайқасуды қолай көрмей барлық жасаулы дүниесін тастап, Шуды бойлап, Алмалыға қарай шегініп кетті. Мыңдаған мал, мыңнан астам білтелі мылтық, көп кілем, жібек шатыр, осылармен бірге Кенесарының өзі ұстаған мылтығы да олжа болып Орман манаптың қолына өтеді. Қолына түскен ханның қаруын Орман манап Жантай Қарабековке сыйлайды. Мылтықты Қарабековтер әулеті Пішпек бекінісін орыстар жаулап алғанға дейін сақтаған. Одан кейін Жантайдың ұлы Молламырза мылтықты отарлаушы генерал Колпаковскийге сыйға тартқан. Соңынан бұл мылтық Бүкілресейлік Нижегород көрмесінің бас генерал-губернатор бөліміне өткізіліп, ақыры Омбыдан бірақ шыққан» депті.
Ал мына елорда төрінде музейде тұрған қару осы Омбыдағы мылтықтың айнатпай көшірген түп нұсқасы. Қарудың сипаты осындағы мақалада айтылған барлық өлшемге дәл келіп тұр. Оның сыртында қарудың ортаазиялық ұсталар қолынан шыққанын айғақтайтын белгі – ұзын үңғының қыр арқасы көне парсы стиліндегі сәндік өрнекпен бәдізделген. Ағаш дүмінің иықтиер түбірі төрт жағынан темір өрнекпен бітеуленіп, шүріппебасардың жоғары тұсы гүлденген алты бұрышты сүйекпен көмкерілген. Қарудың ағаш діңіне қобы тартып жымдастырған ұзын ұңғысы мылтық атылғанда босап кетпес үшін төрт жерден мықты құрсау салыныпты. Сондай-ақ мылтықтың от алатын шақпақ тұсының қос бүйірі берік металлмен қапталып, бес жерден шегеленіп, бекітіліпті. Хан қаруының біз аңдаған сипаты осы.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: