|  | 

Көз қарас

Өндіріс пен өңдеу аз, ал алыпсатарлық алысқа апармайды

Qazaqstan

Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясынан депутат Айқын Қоңыров
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке сауал жолдап, ШОБ-тың бүгінгі таңдағы
ахуалына қарағанда шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны былтырғымен
салыстырғанда 10 пайызға артқаны кәсіпкерлік белсенділіктің артқаны емес, өзін өзі
қамтитындарды есепке алудың артқанының нәтижесі ғана екенін айтқан. Сонымен бірге
депутат біздегі ШОБ-тың 35 пайызы алыпсатарлықпен айналысатындар, ал дамыған
елдерде оның үлесі 25 пайыздан аспайтынын көрсеткен. Өңдеу кәсіпкерлігі саласында
еңбек ететіндердің үлесі бізде 3 пайыздан аспайтын көрінеді, ал көптеген елдерде
бұлардың үлесі 20-25 пайыздан кем емес. Депутаттың ойынша бұл біздің ЖК-
ларымыздың елдің экономикасының дамуына қосып жатқан өзіндік үлесінің төмен екенін
көрсетеді. «ШОБ- тың негізгі бөлігі өздері түк өндірмей, тек шетелдік өнімдердің бағасын
өсіре сатумен айналысып жатса – мұны экономикалық ахуалдың жақсарғаны деп айтуға
болмайды», дейді А.Қоңыров.
Сайып келгенде, депутат мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауы тек
арзандатылған несие берумен шектелмеуі керектігін айтқан. Бұл ШОБ-ты дамыту емес,
тек жұмыс орындарын азайтпай сақтаудың амалдары ғана. Сондықтан депутат үкіметке
ШОБ-ты жаңа деңгейге көтеретін тиімді шаралар әзірлеуді ұсынып, көбінесе, көз
бояушылық үшін жасалатын статистикалық деректерге сүйеніп, алдағы жоспарлар мен
болжамдарды жасамау керектігін, сонымен бірге ШОБ-тың ІЖӨ-дегі үлесін 50 пайызға
дейін арттыру бағытында қандай жоспарлар бар екенін айтып беруді сұраған.
Осы сауалға жуырда Ұлттық экономика министрінің орынбасары
М.Жүнісбекованың атынан жауап келді. Онда депутаттың көрсеткен мәселелері ұзақ
қайталанып, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға бөлінген қаражат «Бизнестің жол
картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы іске асырылуда екені айтылған.
Бағдарлама іске асырыла бастаған 5 жылда (2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін)
республикалық бюджеттен 254 млрд. теңге бөлініп, ол 16 мың ШОБ субъектілерін
қаржыландыруға; 20 мыңнан астам кәсіпкерді оқытуға; 7,7 мың жұмыс орындарын
құруға; 2,2 трлн. теңгеге өнім өндіруге; жыл сайын 178 млрд. теңге көлемінде салықтық
түсімдер алуға мүмкіндік бергені айтылған. «Бөлінген қаражаттың 68 млрд. теңгесі немесе
26,7% фабрикаларға, зауыттарға және ШОБ өндірістік объектілеріне жеткіліксіз
инфрақұрылымды тартуға бағытталды. Қаражаттың қалған бөлігі кредиттерді
кепілдендіруге, гранттар беруге, микрокредиттерге, кәсіпкерлерді оқытуға және

консультациялық қызметтер көрсетуге жұмсалды. Осы жылдары бөлінген қаражат 100%-
ға игерілді. Мемлекеттік бағдарламаның құралдарына сұраныс өте жоғары деңгейде
екенін атап өту қажет» дейді жауап.
«Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қалалардағы және моноқалалардағы
қолдау құралдарын әкімшілендіру. 2017 жылдан 2018 жылға дейін осындай қалаларды
микрокредиттеуге 28,1 млрд. теңге бөлінген, оның 19,3 млрд. теңгесі игерілді. Бұл
барлығы 1764 микрокредит, қалған 8,8 млрд. теңге 2019 жылғы кредиттеуге бағытталатын
болады».
Одан әрі жауапта Үкімет пен Ұлттық Банктың кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарлары бойынша
Ұлттық Қордан 200 млрд. теңге көлемінде бөлінген қаражат шеңберінде жалпы кредит
сомасы 523,9 млрд. теңге болған 2,4 мың жоба қаржыландырғаны айтылған. «Осы
шаралардың арқасында 2014-2017 жылдар аралығында 156 мың жұмыс орындары
сақталып, 17 360 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2,4 трлн. теңгеге өнім өндіріліп,
салықтық түсімдер – 169,6 млрд. теңгені құрады» делінген жауапта.
Орыста «Вашими бы устами да мед пить» деген бір мәтел бар. Шынымен ШОБ-
тың дамуы осы айтылғандардай болса оның үлесі ЖІӨ-де неге көбеймей жатқанын білу
қиын. Оған неге ешкім сарап жасамайды? Сарап жасаса дамымай жатқанның себебі
табылмас па еді? Депутат А.Қоңыровтың алыпсатарлықпен айналысып жатқандар көп, ал
өндіріспен, өңдеумен айналысатындар неге аз деген сұрағына да нақты жауап айтылмаған.

С.ЕЛЕУ, сарапшы

kerey.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: