|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Жолымбет алтын кенішінің атауы туралы

37918592_1781196261949653_1096193387582717952_o-1024x683

Атақты Жолымбет биден – Қали, Қалидан – Бектаза, Бектазадан – Азнабек тарайды. Азнабек Алексеев ауданына қарайтын «Искра» совхозы бөлімшесін басқарып келген. Азнабектен – Амангелді, Алтынбек, Дәулетбек, Асылбек, Азаматтар тарайды.

Жолымбет жайлауын басып өтіп Ащылы-айрық өзені 92 шақырым ағып Сілеті өзеніне құяды.

Күрсары керей – Жебеке – Жанғабыл – Дәулетбай – Құдайбарген – Тәңірберген – Шақабай – Сыздық. Қамаш (Қамаридден) аға Сыздықов 1915 жылы дүниеге келген. Атасы Шақабай Қына ауылында туған. Қимаш Сыздықов 77 жасында ата-бабасының зиратына дұға бағыштауға жолға шығады. Қына ауылында жасы сексенге келген Нұртаза Шәріповпен кездеседі, «Шақабай желісін» көрсетуді сұрайды. Жасы келіп қалған Нұртаза сіздермен жүру оңай болмас қоймас деп, Азнабек Бектазаұлы Қалиевтің үйін көрсетеді. Жалпы осы маңайдағы қазақтардың бәрі керейлер екен.

Жеті-сегіз шақырымдай жүргесін, екі шоқ тоғайдың ортасындағы ашық алаңқайға келіп тоқтады. Міне, «Шақабай желісі» деген осы жер, деді. Азнабек машинадан түскен соң. Бұл араны «Асқарал» деп те атайды. Шақабай ауқатты кісі болған көрінеді. Ана көрініп тұрған Ақшоқы тауы. Төбесіне шықсаңыз, «Минск», «Искра» совхоздары мен Степногор қаласы алақанға салғандай айқын көрініп жатады.

Біз тағы да ілгері жүрдік, жаңағы жерден бір-екі шақырымдай ұзаған соң кішігірім көлге жолықтық. Азнабек оны «Шақабай көлі» деді. Көлемі аса үлкен емес, шағын ғана. Шақабай жылқысын осы көлден суарады екен. Аумағы шағын болғанымен көлдің орта тұсы терең, құрық бойламайды. Қыста терең бойлап қатпайды, суат оюға болады, деді Азнабек.

Бұл арадан шығып, үш-төрт шақырымдай жүрген соң атақты Жанай молланың бейітіне келіп, дұға қылдық. Жанай өз кезінде осы маңдағы керейлердің ішінде діни білімі бар үлкен молла болыпты. Бейіттің басына граниттен құлпытас орнатқан көрінеді. Сонда Жанай молланың қайтқанына да 150 жылдай болған. Жанай молла зиратынан шығып, Искра» совхозын айналып Мәті-Дәулен зиратына келіп, аруақтардың рухына дұға бағыштадық.

Келген мақсатымызды орындаған соң, Азнабекпен жақынырақ таныса түспек болып, әңгімеге тарттық. Одан білгеніміз: Ол осы өңірде өмір сүрген атақты Жолымбет ақсақалдың немересі екен. Жолымбеттен – Қали – Бектаза – Азнабек тарайды. Жолымбет өз кезінде ағайын арасында сөзі өтімді беделді кісі болған. Ол осы Жолымбет поселкесі тұрған жерді қоныстап, сол арада талай-талай той-думан, жиындар өткізіпті. Содан бұл жайлау Жолымбет атанып кеткен көрінеді. Кейін 1932 жылы бұл арада алтын кені ашылып, поселке құрылғанда да осы атау бір ауыздан қабылданса керек.

Жолымбет кешегі патшадан шен алған паң Нұрмағамбетпен қатарлас өмір сүріп, ақылшысы, үзеңгілес болған адам. Жолымбеттің немересі Бектаза да біршама ақындығы бар, ел ішінде беделді адам болыпты. Сонау 1930 жылдары басында халқымыз алапат аштыққа ұшыраған кезде шығарған өлеңінің мына бір шумақтарына назар аударсақ.

Өттің бе басымыздан қайран заман,

Ерікті өз тұсында болған заман.

Айрылып мал мен жерден қазақ сорлы,

Бұл күнде бастан бақыт тайған заман.

Апырмай бұл не сұмдық, неткен заман,

Өз еркің өз басыңнан кеткен заман.

Өттің бе қотан толы қойлы заман,

Күн сайын мерекелі, тойлы заман. –

деп налыған екен жұрт аштықтан қырылып жатқан сол 1929 – 1932 жылдары.

Ал, Жолымбеттің шөбересі, жаңағы Бектазаның немересі Азнабек бүгінде (яғни,1990) жасы алпыстан асып қалса да бойынан қайраты таймаған қуатты азамат. Нағыз еңбекқор, бүгінгі уақыт ауанына лайықты адам екені көрініп тұр. Сол «Искра» совхозының орталығында сәулетті кең үйі бар. Балалары: Амангелді, Алтынбек, Дәулетбек, Асылбек, Азамат та ер жетіп қалыпты. Олардың барлығы шаруашылықта механизатор болып еңбек етуде. Есік алдында әңгімелесіп тұрғанда Азнабек пен келіншегі Шәрбанның кіші ұлы Азаматтан көрген немересі қасымызға келді.

Міне, нақты дәлел біздің Қимаш ағамыз 1915 жылы туған, 1990 жылдары Ата-бабаларының туып өскен жерін аралағаннан соң жазып қалдырған кітаптан үзінді.

Авторы: Қамадиден Шақабай

«Сілеті өзен» өлкетану кітабінан

Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі

Ақмола 1994 ж.

***

Про рудник Жолымбет

Месторождение рудника Жолымбет открыто в 1932 г. начальником поисковой партии Н.П.Каличкином по следам древних (монгольских) работ, указанних местным жителем Наушаном Ниязовым. Здесь будет уместным обртить внимание читателей на обстоятельство, связанное с названием месторождения. Дело в том, что данная местность называлось «Жолымбет» по имени уважаемого аксакала этого региона, ибо левый приток степной реки Силеты – Ашылы айрык принадлажал этому аксакалу, как летнее пастбище для лошадей. Глава большого семейства Жолымбет из рода Керея со своими сыновями и близкими родственниками в летнее время ставили свои юрты вдоль этой степной речушки или на берегу небольших озер и тумаров, которыми изобилуют эти места. Зимовка этого аксакала находится на берегу большого озера «Кына»

В настоящее время на этом месте расположена центральная усадьба совхоза «Искра» Алексеевского района. Правнук этого аксакала Азнабек долгое время работал управляющим отделения этого совхоза, а в настоящее находится на заслуженном отдыхе. По его утверждению, прадад Жолымбет прожил 98 лет и похоронен в близи этого совхоза.

Казахский фонд культуры

История развития горно-обоготительного комбината «Каззолото»

Авторы: А.С. Кабылденов, Ш.Х. Сулейменов

Алама-ата, «Ғылым» Научно-исследователький и издателький центр

«Мураттас» 1992 г. 192 стр.

***

Құрметті оқырман. Жолымбет деген адам аты өте көп. Барлығын әкеліп Жолымбет алтын кенішіне балай салуға болайды. Жоғарыда жазылған нақты деректер.

Дайындаған: «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Әнуарбек ЕРАЛЫ

 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: