|  | 

Шоу-бизнис

“Түркияның көз тартар көрікті жерлері”: Анадолыға ағылған ел пандемия кезінде де тоқтамаған

Кония – Түркияның Түркістаны

Кония қаласында тропикалық көбелектер бағы бар. Қыстың кезінде іші +30°С болып тұрады. Үш мыңнан аса көбелек түрі бар. Жылына 400 мың саяхатшы келетін орталық, шынымен де ғажап. Айнала толы түрлі-түсті, үлкенді-кішілі көбелектер. Бұл табиғаттың ғажап сыйын қолмен жасалған әйнек ғимараттың ішіне жинап, оған жайлы орта жасау, кім-кімнің ойына келе бермес дүние.

Көбелектер бір аптадан, бір жылға дейін өмір сүреді. Айтпағымыз, әрине бұл емес. Тәжтажал өршіп тұрса да #SafeTourismTurkey деп ұрандатып, сол айтқандарын шын мәнінде көрсетіп жатыр. Барлық жеке қолданатын заттарды пакетпен қаптаған. Ас ішетін қасық пен нанға дейін. Дені сау адам бұл елге қорықпай-ақ демалуға келсе болады.

Желтоқсанның 13-21 аралығында әлемнің түрлі мемлекеттерінен 30-дан БАҚ құралының өкілдері Түркия тараптың шақыруымен Ыстамбұл-Кония қалаларында болды. Қазақстаннан барған екі журналисті Түркітілдес журналистер қоры жіберді.

Кониядағы тарихи орындар сізді өзгеше әлемге жетелейді. Тасқа салынған өрнек пен Құран аяттарының хұсни үлгісіне қарап таңдай қақпау мүмкін емес. Адамның басында кіші-кірім жарылыс болады. Бүгінгі пенде баласының соншама бейшаралығына көзің жете түседі. Түгел бүтін, алып тасқа қашалған мың жыл бұрынғы мұра. Еш бүлінбей бүгінгі таңға дейін жетіп отыр. Ал, екімыңыншы жылдары салынған ғимараттың үшмыңыршы жылға жетер-жетпесі де неғайбыл…

Ыстамбұл Нью-Йорк сияқты өзгеше әлем

Ыстамбұлға әр қайта барған сайын адам қаланы жаңа қырынан тани түседі. Стихлал атты тарихи көше бар. Көшенің төменгі жағы Галата мұнарасына келіп тіреледі. Бұл жай ғана мұнара емес. Тарихы сөйлеп тұрған мұнара.

Ең басында ағаштан салынып, бұғаздағы кемелердің жүрісін бақылауға арналса, кейін ол қызметі маңызды болмай, өртті бақылау мұнарасына айналыпты. Қай жерден түтін шыққанын бақылап отырады. Ал қазір туристік нысан. Күніне мыңдаған адам келіп мұнара биігінен қаланы тамашалайды. Биіктігі 61 метр.

Стихлал көшесіндегі шіркеу қаланың нағыз мәдениеттердің тоғысқан жері екенін көрсетіп тұр. 19 ғасырға тиеселі болса керек. Шіркеуді көріп, жанарлары жасаурап, жымия фотоға түсіп жатқан еуропалық жұрттың аяғы үзілмейді екен.

Одан сәл төмен Ресей консулдығы орналасқан. Бір замандарда ағаштан салынған орыс елшілік ғимараты өртеніп, оны басқа жаққа салуға тура келеді. Сонымен орыстың қатын патшасы орыс елшілігі орыс топырағының үстінде тұруы керек деп, Ресейден кемемен топырақ әкеліп төсеп, оның үстіне қазіргі ғимаратты тұрғызған екен. Ресейдің бас елшілігі Анкарада.

Ыстамбұл тарихына арналған тағы бір мұражайға барудың сәті түсті. Алып бір залы кәдімгі таразыға арналған. Сауда қаласы болғаннан кейін де шығар, таразының не бір қызықты түрлері бар екен. Жасалу техникасы да күрделі. Бір қызығы кәдімгі таразының тасы ретінде пайдаланған үлкенді-кішілі темір асық өте көп екен. Біздің ата-бабамызбен қатысы бар-ау деп шамаладым… Кірдің тасы қызықты формаларда жасалыпты. Адамның басы, асық, төрт бұрыш, алты бұрыш…

Ыстамбұлдағы тағы бір тоқтаған жеріміз – өзбек тақиясы. Тақия 1752 жылы нақышбанилер жағынан салынған. Тақия тұрған төбе ол заманда Османлы патшасының аңшылық құратын мекені болған. Бір күні патша төбе басындағы шатырды көріп, жөн сұрауға кісі жібереді. Сөйтсе, Орта Азиядан келген қажылар екен. Сөйтіп, патша оларға арнайы жер беріп, үй салуына рұқсат етеді. Сол күннен бастап Түркістан мен Ташкеннен қажылыққа бара жатқандар осында түсел жасаған. Қонақтап Меккеге барар құжаттарын реттеп алып отырған екен. Өйткені, ислам әлемі Осман империясына бағынды ғой. Түркияның тәуелсіздік соғысы жылдарында Ататүрікке жақсы көмек жасаған. Мұнда сарбаздар мен оқ-дәрі жіберу үшін құпия база мен аурухана қызмет атқарған. Сол үшін кейін барлық тақиялар жабылғанда, өзбек тақиясы ол тізімге ілінбей, қазірге дейін жұмыс жасап тұр.

Өзбек тақиясынан кейін Ыстамбұл қаласының маңындағы Түркияның тарихи фильмдер түсіретін қалашығына бардық. Үлкендігі жағынан әлемде екінші орында тұрады екен. “Ер Тұғырыл” т.б тарихи сериалдар осында түсіріліпті. Фильмнің кейбір жерлері әлі жарияланбағандықтан өзімізге фото-видео түсіруге рұқсат берген жоқ.

Тарихи қалашықты салумен жалпы жүз елуге жуық адам айналысады. Жақында Шыңғысханға қарсы шыққан Хорезмшах туралы сериал түсіріп жатыр екен. Түркияда Көшпенділердің басын қосып, ұлы империя құрған Шыңғыс атамызды жауыз, мәдениетті құлатушы деп айыптайды. Онысын қарапайым логикаға салып түсірдіргісі келеді. Жеке басымызға ең ұнамағаны осы болды.

Ал, бұл қалашықта бүкіл көшпенділер тарихы қайта жазылып жатыр десек артық айтқандық болмайды. Мұндай істі жасау үшін тек ұлтты сүю керек, оның тарихына махаббатпен қарау керек. Қымбат мүлік, ақшаны суша шашу да жоқ. Бәрі қарапайым ғана істелген.

Түркия сапарымыз аяқтап елге қайтатын уақыт та келді. Бәрі үшін рақмет! Түркітілдес журналистер қорының төрайымы Нәзия Жояменгенқызына айырықша алғыс айтамын. Қор Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің осы шарасына бізді жіберді. Барлық шығынды Түркия тарап төлейді. Көрмеген жерді көру, баспаған тауға шығу бақытын бұйырды. Ондаған мемлекеттен 34 БАҚ-тың журналистері, блогерлері жиналған екен. Қазақстаннан «Астана» арнасының тілшісі Еркін Қанин екеуміз жүрдік. Алған әсеріміз өте көп. Пандемияға қарамай түрік туризм саласының қалай жұмыс жасайтынын көрдік. Көзімізді жеткізді. Ондайда тек іштен тынып, біздің ел де осындай болса ғой шіркін деген ой өзегіңді өртей жөнеледі. Дамыған елдің әр жетістігін ішінде жүріп, қолмен ұстап, ауасымен тыныстап тұрып сезгеннің жөні бөлек.

“Алашым неге тоқырап қалды, біздің елдің ертеңгі күні не болмақ, шәу еткен орыстың екі итіне тәйт дейтін бір ақ жағалының жоғын-ай” деген сан түрлі ойлар ішіңді жегідей жейді. “Абайдың” алты сериасы жарық көрді ғой. Қарап отырсаң қазақ түк те өзгермеген. Сайлауда жеңсем, паралап алсам, малымды қалай көбейтсем деген баяғы тірліктің өзгергені шамалы екен.

Қалай десек те, барын бағалап, соны әлемге көрсете алған жұрттар озып тұр. Туристк әлеует біздің елдеде жоқ емес. Тек, соған жағдай жасап, жолын төсеп, бағасын шарықтатпай ұстап тұрса дейсің…

Мейіржан Әуелханұлы

Related Articles

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

1 пікір

  1. Ğaliy Baysımaq

    Äriyne, avtor durus aytasız. Öte orundu käytemiz endi elimizdi nadandar közü aşılmağan jeksurundar basqarsa. Teksizge biylik berseņ osu boladı aynalasıņ laņ jasaydı.

POST YOUR COMMENTS TO Ğaliy Baysımaq (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: