|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Тұлғалар

Аға мен іні сияқты ма, әлде теңқұқылы ма …

150527699_2870439986501210_8629669840465376701_nМұхтар Жәкішевтің әңгімесінен:
2005 жылы ма, әлде 2006 жылы ма, қыстыгүні ТМД елдері басшылары жиналды. Санкт-Петербургте.
Мен түс кезінде жеттім-ау деймін. Кешке мен жатқан қонақ үйге «Росатомпромның» бастығы Кириенко мен «Техснабэкспорттың» диреткоры Смирнов келісімнің мәтінін алып келді. Бұл келісімді одан бұрын әбден талқылағанбыз. Ол мемлекетаралық келісім тұғын. Оның мәні қарапайым, әрі түсінікті еді.
«Қазатомпромда» уранды алу бар да, уранды газға айналдыру ісі жөнге қойылмаған еді. Сондықтан сырттан серіктес тартып, соларға өңдетіп, өңдете жүріп технологиясын үйреніп, келісім біткен соң дербес кетуді ойладық.
Принцибіміз де қарапайым болған: олар бізге кіріп қанша ақша тапса, олардан алатын бизнестен біз де сонша ақша табуымыз керек еді.
Мен айттым, сіздерге уран өндіру қызық, біз оған рұқсат береміз. Бірақ қарымтасына, сіздер бізге Ресейде жұмыс істеуге мүмкіндік бересіздер.
Енді маған олар келісімнің мәтінін әкеліп отыр ғой. Олардың айтуынша, ертең біз осы келісімге қол қоюымыз керек екен. Мемлекет басшыларының алдында. Путин хабардар көрінеді.
Мәтінді оқуға кірістім. Оқыдым да, ауызым ашылып қалды. Біз оларға кен орнын береді екенбіз, бірлескен өндіріс құрады екенбіз, ал олар болашақта бізге де бірнәрсе беру мүмкіндігін қарастырады екен. Тіпті не екені де нақтыланбаған.
Мынандай келісімге қол қоймаймын дедім. Мына нәрсенің түк мағынасы жоқ. Келістік қой, нақты жазуымыз керек. Біз сіздермен бірігіп бес кен орнын қолға аламыз, сіздер бізге 5 млн РР-лік қуаты бар кен байыту зауытының үлесін бересіздер (Қаржы ағымы бойынша, екеуі шамалас болады. Ақшадан ұтылмаймыз, технологияны да аламыз). Сондықтан, сіздер істің мүмкіндігін қарастырамыз деп жазсаңыздар, біз де солай жазайық. Ресей мүмкіндігін қарастырады, Қазақстан да мүмкіндігін қарастырады дейік. Егер дайын болсаңыздар, тапсырамыз деп жазыңыздар, біз де жазайық. Ал біз тапсырып, сіздер қарастыратын болсаңыздар, ондай келісімнің түк мәні жоқ. Ондай нәрсе Қазақстан үшін қызық емес.
Сөйтіп ем, олар ертең Путин ашуланады, біз оған айтып қойдық қой, анау-мынау, қиын болады деп әңгіме айта бастады. Мен айттым: оның маған не қатысы бар? Путин – сендердің елдің президенті. Менің елім басқа, президентім де басқа адам. Ертең Путин не айтады, маған ашулана ма, басқа қыла ма, маған бәрібір. Президент – сендердікі, өздерің шешіңдер.
Сөй десем, олар, ал біз айтпады деме, деді.
Мейлі.
Ертесіне бүкіл делегациямен бірге автобуспен кетіп бара жатсам, протоколдың бастығы (Бауыржан Байбек қой ол кезде) хабарласады. Мұхтар Еркінұлы, қайдасыз? Бара жатырмын. Мына жақта бастық сізді іздеп жатыр, Путинмен әңгіме болыпты, келуіңіз керек, анау-мынау. Жарайды, бара жатырмын. Онда келгенде айтыңыз, мен сізге пропуск беремін, сіз елмен бірге кірмей, менімен өтіп кетесіз, бірден бастыққа алып барамын. Жарайды.
Бардық. Бауыржан екеуіміз былай кеттік. Бір бөлмеге кірдім, кірсем бүкіл президенттер отыр екен. Мен амандасып жатырмын. Нұрсұлтан Әбішұлы мені басқа президенттерге таныстырып өтті. Отыра тұр, мен қазір шығамын, сөйлесетін мәселе бар деді.
Шығып, күтіп отырдым. Көп күткен жоқпын, бес минуттың шамасында Президент шықты. Ана жақта Путин бірнәрсені сөйлескісі келеді, көңіл күй жоқ сияқты, сен бір келісімді бұзыпсың ғой дейді.
Екеуіміз басқа бір кабинетке бардық. Барсақ, Путин отыр екен. Жанында Кириенко мен Смирнов бар. Біз Президент екеуіміз кірдік.
Отырдық. Путин әңгімеге кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы, осылай да осылай, жас, қабілетті менеджерлеріңіз бар екен, бірақ ол саясатты түсінбейді, біз бүгін атом саласында екі елді біріктіретін келісімге қол қоюымыз керек еді, бұл жігіт соны бұзды, ақ-көк. Шынын айтқанда, өктемдеу ғып сөйледі. Мен Президентке қарап едім, ол кісі де маған қарап қалды. Мен жауап беруіме бола ма деп едім, Президентіміз айт дегендей қылды.
Біздің елдердің құқығы қандай? Аға мен іні сияқты ма, әлде теңқұқылы ма дедім. Екеуі де, әрине, тең құқылы дейді. Ал мына келісім, аға мен інінің келісімі дедім. Біз екі жақ та тапсырады деп келістік, ал мына жерде біз береді екенбіз де, сіздер жақ қарастырады екен. Мен бұндайға қол қоймаймын. Саясатты түсінбейтін шығармын, бірақ менеджер ретінде бұл нәрсе дұрыс емес деп ойлаймын. Екі елдің қарым-қатынасындағы ауанға сәйкес келмейді. Егер қаласаңыздар, мен осы жерде жұмыстан кету туралы арыз жазайын. Бірақ маған қол қой десеңіздер де, мен бәрібір қол қоймаймын. Одан да жұмыстан кетейін, менен кейін келген адам қол қояр.
Осылай деп едім, ана жердегі арын бірден басылды. Президентіміз, сен асықпай тұра тұр, дұрыс айтып отырсың, екі елдің құқығы тең деді. Мен айттым, бұндай шикі келісімдерді мен президент деңгейіне апармаймын дедім. Егер тапсыруға дайынбыз десеңіздер, мен қазір-ақ қол қоямын. Сөйтсем ана жерде отырған екеу, өйтуге біздің құзыретіміз жоқ дейді. Құзыреттерің жоқ болса, онда маған неге алып келдіңдер?
Бұндайға мен қол қоймаймын, жұмыстан кетуге дайынмын, бірақ қол қоймаймын дедім.
Президенттер өзара сөйлесе бастады. Жоқ, шикі жерлері болса, пісірейік, дамытайық, асықпайық дегендей.
Шығып кеттік.
Қайтарда Президентпен бірге ұштым. Жолда бәрін түсіндіріп берші деді. Айтып, түсіндіріп бердім. Президент болса, дұрыс істедің, жақсы болды деді.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: