|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

ИТЕЛІ – КЕРЕЙ МЕН УАҚТЫҢ ЕҢ ЕСКІ РУЫ

278173563_549072239911179_4034273940955780788_n
Өткенде «”В”дыбысының өмірі» атты мақаламызда ителі, молқы атауларының бөрі ұғымымен тығыз қатыстылығы туралы мәнді де,мағыналы әңгіме айтқанбыз. Соны қайыра ұсынамыз.
Кок-волк(көк бөрі) атауы уақыт өте келе Көкбұлақ болып айтылып, ителі шежіресінің негізгі атауын тұлғаландырған. Көк бөрі сөзінен шыққан Көкбұлақты көшпенді өмірдегі бөрінің атын тіке атамайтын әдет бойынша, Көкбұлақтың тұқымдарын “ит елі” атап кеткен.
Енді осы Ақмерген(Күйік), Ақбақты, Ақмалай(Тыныбек) деп танылған үш ителінің атасы болған Көкбұлақтың Ахметәлі, Ақберді деген екі ұлының ішінде, Ахметәліден үшеуі тарайды. Көкбұлақтың келесі бір ұлы болған Ақберді атауына келсек, Ах-бөрт(Ақбөрі) деген сөздің кеңітіп айтылуынан келіп шыққан. Қазақтың Алаша руы Ақберлі, Тоқберлі деген екі үлкен тармаққа бөлінеді. Яғни, ақ бөрілі, тоқ бөрілі деген мағыналарда. Осы Тоқбөрліден Бөріше тұқымы шығады. Осындағы ақбөрлі мен ителідегі Ақберді екеуі бір ұғым. Осы Ақберді(Ақбөрі) есімін Ашамайлы атанған адамның нақ өз аты дейтін шежірелер бар. Олай болса оның ағайыны Ахметәлінің шын есімі Абақты болып шығады да, кейінгі молда-қожалар арабшаға бейімдеп Ахметәлі қылып жіберген. Ал, үш ұлдың бірі болған Ақбақты сол абақты сөзінің өзгерген нұсқасы. Ежелден, абақты немесе абақлы, ашамайлы деген атпен көптеген ұлыстардың құрамында осы екі керей тобы кірді. Шежіреде Ақбақтыдан тарауға тиісті Ақмерген мен Ақмалайды оның ағайындылары етіп қойған. Сонымен, бұлар үш ителіні құрап тұр. Бір қызығы, осы үшеуінің жеке-жеке шежіре таралымында Ақбақтыдан Қазеке, Дәуіт, Дәуітқали, Есенбақты. Қазекеден Жаңбыршы, Кенжебай. Жаңбыршыдан Ақмалай болып таралып тұр. Бұл біздің Ақмалай да, Ақмерген де Ақбақтыдан шығады деген қисынымызды бекемдей түседі. Есенбақты деген атаудың өзі бізді ойландырады. Есен-Абақты (Изен-Абақты) немесе Үйсін-Абақты сөзін қисынға келтіреді. Өйткені, абақтың бір шеті сары үйсіннен шығады. Ал, үш ителінің бірі болған Ақмалай Дәулетінен Қиғылық, Қиғылықтан Жандалы тараса, қазіргі уақтың жартысы Жандалы(Жантелі) деп аталады. Осы Ақмалайдың Қалматайынан Шәйкөз туады. Ал, шәйкөз болса уақтың сегіз маңызды руының бірі. Ал, осы Елтоқтың бес баласының бірі Изенберді(Изенбөрі, Есенбөрі). Керей мен уақ рулары да Изен, Жусан деген адамдардан тараған ұрпақ. Ал, Елтоқтың бес баласының бірі болған Ағанастан Қараш, Қараштан Изенберді, Жусанберді деген тағы екі тармақ тарап тұр. Ал, уақтың ішінде сіргелі руы бар. Ұлы жүз сіргелінің ішіндегі Ақкөңірдек руы Елтоқ, Жантоқ деген екі тармаққа бөлінеді. Уақта сарыбағыс руы бар. Арғында ақбағыс руы бар. Арғындағы ақбағыстан қарақас туады. Керейдегі абақтан қарақас туады. Демек, ақбағыс деп жүргені абақас дегеннен келіп шыққан. Сарыбағыс дегені сары абақас дегеннен келіп шыққан. Ителінің Ақбақтысы да Абақты ғана емес, Ақ Абақ деген ұғымды да жүктеп отыр. Бағаналының шегелегі ішіндегі ителі, қаракерейдің қожамбеті ішіндегі ителі, қанжығалы ішінде барғанадан туатын ителі және Керей шежіресіндегі Мағаналы(барғаналы, бағаналы) атауы өзара туыстыққа ие. Керей мен уақ атаулының ата-бабасы болып есептелетін шежіредегі ұлы аталардың басым көпшілігінің ителі руының түрлі тармақ бөлімдері ретінде аталуы ителі руының өте ескі ру екенін, оның Көкбөрі(Көкбұлақ) атанған керей мен уақтың ортақ ата-бабасының тергеу сөзден шыққан атау екенін ұғындырады. Қазақ даласында көк бөрі киесі ең көп дарыйтын ру – абақ керейлер. Қалған өңірлерде де бөрі кие кездеседі. Бірақ, Жетісуда жолбарыс, батыста бура, жылан киелер көбірек.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: